Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 7793 |
|
|
|
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Кіріспе.
Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік мәдени мұрасы бар. Халық педагогикасы – ата-бабамыздың тәрбиеге қатысты асыл қоры, осы тұрғыдан ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Атақты ғұлама ғалым Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», - деп тегін айтпаса керек. Тәрбиесіз білім – сыңар қанаты жоқ құс секілді, алысқа ұзап ұша алмайды. Сондықтан шәкірттердің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қабілетін оятуға, дарынын шыңдауға, сол арқылы тәрбие бұлағынан емін-еркін сусындауына жағдай туғызуды көздейміз. Бұл тұрғыдан келгенде Мұхтар Әуезов өзінің 1918 жылғы «Абай» журналының 1 санында жарық көрген «Ғылым» атты мақаласында: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен түзелу және бұзылу жас уақытта болады. Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет», - деп тура жол сілтейді.
Демек, жас ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие беруде халқымыздың асыл дүниелерін таңдап, талғап пайдаланып, асыл азаматтарымызды орынды үлгі ете білудің маңызы зор екендігін ұғыну абзал.
Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатын ұлы Абай шығармашылығымен байланыстырып отырмын. Абай шығармаларын бастауыш сыныптарында тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог-ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену – іс-шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Бастауыш сыныптан оқушыларды тәртіпке бағынуға тәрбиелеу кей сыныптарда, тіпті бүкіл өміріне аса маңызды. Мысалы, ақынның 32-қара сөзіндегі пікірді арқау етейік!
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті басады. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды. Бұлар арқылы оқушыларды көңіл қойып тыңдау, оларды түсінуге ұмтылу, оларды орындау – тәртіпке бойсынудың негізгі қағижасы екенін саналарына сіңіруге болады. Ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігін осы Абай шығармашылығы арқылы ұғындыру мүмкіндігі мол. Айталық, 32-қара сөзінен мына үзінділерді әркез ескеріп, еске ұстау керек:
1. Бір ғана білмектіктің өзін дәулет біл
2. Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді білсем екен деп үміттен.
3. Әрбір естігеніңді, көргеніңді жақсы ұғып ал.
Және де мұнда еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау етілген.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, -
деген өлең жолдарын қазіргі заман тұрғысында түсіну, оқудағы мақсат «бастық болу» деп емес, ең алдымен білу үшін, одан соң біліміңді «өзіме, елімеқызмет етем, еңбектеніп бәрін табуға үйрену үшін оқимын» деген пікірде болу керек.
Енді осыдан ақынның:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап ...
деген жолдары арқылы-
1. Өзіңе сену деген не?
2. Ақыл деген не?
3. Ақылды кісі қандай болады? –
деген сұрақтарға оқушылардан, ата-аналардан жауап алу.
Әркім өзіне сенімді болу үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі болатын өтірік, ұрлық. Мақтаншақтық т.б. жаман қылықтардан аулақ болу керек.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашбақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Осылардың барлығын реттеп өмірде іске жаратудың жолын Абай 15-қара сөзінде көрсеткен:
«Есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан кейін бергі өмірңді қалай өткіздің екен.»
Осы үзіндіні жаттап, іс жүзінде пайдалануды өмірлік әдетке айналдыру керек.
Өлеңі – ақыл, өзі – аңыз,
Абай – біздің бабамыз!
Өсиетін, сондықтан,
Санамызға жазамыз!
2-бөлім:
Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы бойынша Абайтану жұмысымен сабақтастыра жүргізгелі отырмыз.
М.Әуезовтің өмірінен қысқаша мәлімет беру.
1-жүргізуші: Қазақ халқын жалпақ әлемге тұңғыш танытқан дана ақын Абай және ұлы суреткер жазушы, қоғам қайраткері М.Әуезов тал бойына халық даналығы менұлылығы дарыған Абай мен Мұхтар сияқты ұлдары бар елдің мерейі әрдайым үстем. Ондай елдің білімді де, дәулетті де, сәулетті де болуы анық.
2-жүргізуші:
Жақсы ән мен тәтті күй,
Сезімді баурап барады.
Абайымен, Мұхтарымен
Халқымның ұлылығы таралды.
Көрініс қойылады.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін бір оқушы оқиды.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге!
3-бөлім:
«Абайдың әндері барлық қазақ әнінен бөлекше тұратыны әрбір тыңдаушы мен айтушыға айдан анық.»
М.Әуезов.
«Абай әуендері қазақтың музыка мәдениетінің өсу, дамуында үлкен, күрделі орын алады.»
А.Жұбанов
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп атамыз өзі айтқандай, Абай атамыздың халық әндеріне енгізген өзіндік әуен ырғақтары, ән туындылары көп қазақ халқының кең арналы музыкалық мәдениетінің дамуына айрықша ықпал етіп, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Абай әндері алуан түрлі әншілердің орындалуында көьіне ауызша түрде таралды.
Бізге жеткен Абайдың 8 мың өлең жолы, 45 қара сөзі, қырыққа жуық әндері бар екен. Абай атамыз күй де жазған.
Келесі «Абай-сазгер» бөлімінде Абай атамыздың әндері орындалады:
1. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
2. «Көзімнің қарасы» әні
3. «Жаз» өлеңі.
Абай кім, юойымызға қандай жақсы қасиет алдық, неден үйреніп, неден жиренуіміз керек деген сауалдарға осы бөлімде қорыта жауап беріледі. Жарасқан Әбдірашевтің «Абай – біздің бабамыз» өлеңімен қорытамыз.
Өлең сөздің тас бұлағын ағытқан,
Қазақ елін дүниеге танытқан.
Абай атам талантына бұл күні,
Бар халықты тәңіріндей табынтқан.
Сендей болар өр тұлғасы алыптың,
Сәулесіндец нұрын шашқан жарық күн.
Әрі ойшыл, ақын, сазгер, педагог,
Ұлы ұстаз, ғұламасы халықтың.
Шыдамменен тіл дертінің азабына,
Өртенген өлең сөздің тозағына.
«Артына өлмейтұғын сөз қалдырған»,
Абайдай ақын бар ма қазағымды?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |