ОҚО Ордабасы ауданы
Шұбарсу ауылы
«Ынтымақ» негізгі орта мектебі
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9-сынып
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаттары. Білімділік мақсаты: оқушыларға Абай қара сөздерінің мазмұнын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды еркін пікір айтуға, шығармашылық жұмыстарға баулу
Тәрбиелік мақсаты: Адамилық қасиеттерін қалыптастыру, қара сөздерінен тәлім-тәрбие алу, гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, Қара сөздері, үлестірмелі кеспе қағаздар, кесте, «Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» Мұхтар Әуезовтің сөзі
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың байланысы: қазақ тілі
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім - ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
Абай қара сөздерінің тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады:
Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы
Имандылық тақырыбы
Жаман мінез, әдеттер Адамгершілік жайлы Қазақ мақалы Қазақ халқы жайлы
Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне 7,19,31,38,43 қара сөздеріне тоқталып, ой қорытады.
Абайдың 6,8,11 қара сөздері ілім-білімге бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездердісынауға арналған.
Ар-ұят, адамгершілік, өнер мәселелері 5,11,18, 33қара сөздерінде әңгіме болады.
Абай қара сөздеріндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық
Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол
Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл
Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады
Азат басың – болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл
Сабақты қорытындылау:
Абайдың неше қара сөздері бар?
Абай қара сөздерінің жанрлық ерекшеліктері мен автордың суреткерлік әдіс-тәсілдері қандай?
Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы.
« Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс» Нұрсұлтан Назарбаев
Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздері
Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар |
Көрсетілім: 16353 |
|
|
|
Абайдың қара сөздері

Автор Уралова Шолпан Жаксибаевна
Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" негізгі орта мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |