Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 4 санын қосу және азайту


4 санын қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.(презинтациясымен)

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі:   Санға 4-ті қосу  және  саннан  4-ті  азайту  жайында түсінік беру, жаттықтыру.
Дамытушылығы: ауызша, жазбаша  есептеу дағдыларын арттыру. 
Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру,тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа,  сауаттылыққа, ауызша есептей білуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу. 
Оқыту әдісі: түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: 4 - ті қосу, слайд, оқулық, ойын түрлері.
 
Сабақтың барысы.
І. Үйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту.
ІІ. Психологиялық ахуал
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз. 
Мақсатымыз білім алу
Міндеттіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу
ІІІ. Өткенді қайталау.
а) Ойын: «Кім шапшаң?»
5+ □ = 9
□ + 3 = 8
□- 4 = 2
8 - □ = 5
- Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
- Белгісіз азайғышты қалай табамыз?
- Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?
ә)«Үйшіктегі» сандардың құрамын  табу
ІҮ. Жаңа сабақ.
а) Ой қозғау.
- Жылдың қай мезгілі
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Осы бүгін аптаның нешінші күні? Және қай күн?
- Балалар, біз бүгін сабақта аққала құрастырамыз.
- Суреттегі аққаланы құрастырамыз ба?
Ү. Мағынаны тану:
1- тапсырма. 
І. Аққаланың кеудесін құрастырамыз.  
№1 «Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастырамыз. 
 Сергіту сәті.
Орнымыздан  тұрайық,
Алақанды  ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға  қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сергіп бір алайық.
а) Дәптермен жұмыс.
ІІ. Аққаланың кеудесін құрастырамыз.
а) Көркем жазу.
 2 - тапсырма. №2 .
Сан сәулесінен 4 санын белгілеп алып, оңға қарай 4 рет аттасақ, 8 шығады, яғни 4 4-ке артады. 4 + 4
    Сан сәулесінен 8-ді белгілеп , солға қарай 4 өлшем аттасақ, 4 шығады, яғни 8   4-ке кемиді. 8 - 4
ІІІ. Аққаланың қолдарын құрастырамыз.
 3 - тапсырма.
Ойын: «Кел,ойнайық!»
ІҮ. Аққаланың аузын  құрастырамыз.
а)Миға шабуыл.
4- тапсырма.   №4
Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының  қосындысын  жасыл кесіндінің  ұзындығымен  салыстыр.
1.Кесіндіні өлшеу.
2.Қызыл және көк кесіндінің қосындысынның  ұзындығын табу.
3.Ол кесіндіні жасыл кесіндімен салыстыру.
Қызыл кесінді -4 см, жасыл кесінді- 6 см, көк кесінді- 3 см.
4см+3см=7см               4см+3см > 6 см
5- тапсырма. 
Ү. Аққаланың мұрнын қоямыз.
№5. Есепті шығар.
Шарты:   Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды.
Сұрағы:   Оқушылар барлығы  неше  түп ағаш  отырғызды?
-Есеп не  туралы?
-Не белгілі, не белгісіз және нені табу керек?
-Есепті шығару үшін  қандай амал пайдаланамыз?
Шешуі: 3+4=7 (т.а.)
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш
ҮІ. Аққаланы әшекейлейміз. 
- Ойын: «Кім жылдам?» 
Ү. Сабақты қорытындылау.
Санды  4-ке арттыру  үшін  неше  сан аттай отырып  санау керек? 
-Қосылғыштарының  бірі 4 болатын  қосындылар айтып мәнін айт.
Тура және кері үш сан аттай отырып сана.
ҮІ. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
32+5,47-5
"9 санын қосу және азайту"
8 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3957 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 17 января 2015 13:21
Спасибо за слайды
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык