Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау және жобалау


Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау және жобалау

Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау және  жобалау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пәтерді жарықтандыруды, электрлік санағыштың жалғану сызбасын үйрету. Сымдар мен кабельдерді жалғау кезіндегі қауіпсіздік техникасымен таныстыру.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, сызбалар сызу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Сызбалар, интерактивті тақта, слайд, тәжірибелік жұмыс орындары.
Сабақтың барысы:
0А) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау, арнайы киімдерінің болуын тексеру. Сабаққа жұмылдыру.
В) Үй тапсырмасын тексеру және талдау. Сұрақ – жауап.
Б) Жаңа сабақпен таныстыру, тақырып бойынша қысқаша дәріс. Сызба сызу және жалғау. Тексеру және қателерді жою. Тақырыпты қорытындылау.
В) Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын тексеру:
1) Айнамалы тоқ дегеніміз не?
2) Тұрақты тоқ дегеніміз не?
3) Айнымалы тоқ пен тұрақты тоқтың айырмашылығы?
4) Тұйық тізбек үшін және тізбек бөлігі үшін Ом заңы?
5) Айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдыру сызбасы?
6) Трансформатор, конденсатор, сақтандырғыш, диодтардың құрылысы мен жұмыс жасау
принципі?
7) Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау сызбасы?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дәріс. Кез – келген үйге электр энергиясы алдымен төмендету арқылы бастапқы шкафқа беріледі. Үйге дейінгі соңғы трансформатор кернеуді 10000 вольттан 380 вольтқа дейін төмендетеді. Сол кернеу жаңағы бастапқы шкафқа келеді. Трансформатордан 380 вольттық кернеу шкафқа 4 өткізгішті қуатты кабель арқылы келеді. Оның үшеуі 3 фазаға арналса, қалған біреуі нольдік өткізгіш. Кернеуіміз шкафтан автоматты ажыратқышка әкелінеді. Бұл үйге кірер жолдағы бірінші қорғаныс. Одан кейінгі жолда балқитын қорғағаштар тұр. Осы қорғағыштардан кейін кернеу басқа кабельмен үйдің қабаттарына
кетеді. Әр пәтерге бір фаза мен нольдік сым ғана әеклінеді. Ал, енді үйдің ішіне әкелінген өткізгіш қалай тартылатынына тоқталайық.
Сызбада көрсетілгендей бір розетка мен бір ғана шам және айырғыш бар. Сызбаның қалай жұмыс істейтінін мұнда талдап жатудың қажеті шамалы. Өткізгіш қай бөлмеге барса да негізгі желі көрсетілген стрелка бойынша дәл осылай келеді де, дәл осы сызба бойынша тартылады. Розеткалардың екі түйіспесі келген екі желіге тура жалғанып отырылады. Өйткені розеткада кернеу әрқашан да болуы керек. Электр пештің қосылуы да дәл солай. Негізгі желі әрине жеке де келуі мүмкін, ал жеке келмесе осы сызбада көрсетілген қосу қорабынан да алынуы мүмкін. Қосу қорабын – тарататын қорап (распределительная коробка) деп те атайды.
Жаңа тақырып бойынша бір бөлмелі пәтерді жарықтандырудың сызбасын сызып екі қатрға бөлініп жарыса дұрыс әрі ұқыпты жалғау.
Тексеру және қателерін жою.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Екі және одан да көп бөлмелі пәтерді жарықтандырудың сызбасын сызып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тұрмыстық техника туралы түсінік. Электр машиналардың құрылысы мен жұмысы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау.
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Конденсаторларды тізбектей және параллель қосу және олардың белгілері.Электр өрісінің энергиясы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2322 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык