Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 9994 |
|
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақын өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру;«Бір адамға» өлеңімен таныстыру,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып,мәтінді сын тұрғысынан ойланту
арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Жалпы оқушы бойындағы қабілетті дамыту,өз бетінше ізденіп, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыландыру,өзінше ой қорытып,пікір айта алуға дағдыландыру,шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік:Оқушыларды адам бойындағы қасиеттердіқастерлеп,құрметтей білуге үйрету;
Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге,адамгершілікке баулу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау әдістері: Ассоциация,Бесжолды өлең, дөңгелек үстел, «Үш қадамды сұхбат», «Раунд -Робин» әдісі
Көрнекілігі: С.Торайғыров суреті,шығармаларжинағы,презентация
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.
ә) Жалпы сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңін жаттап,өлең бойынша диалог құрастырып келу,реферат жазып келу.
Әр топқа сұрақтар қоя отырып өткен сабақты пысықтау
І топ – Алғырлар
А.Байтұрсынов кім?
Оның қандай шығармаларын білеміз?
ІІ топ – Зеректер
Өлеңде айтылатын өзекті ойдың мәнісі неде?Ақын оқушыларына нені ескертеді?
ІІІ топ Тапқырлар
Өлеңде адам бойындағы қандай қасиеттер айтылады?
Қызығушылықты ояту
Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Адам деген кім?» сұрағына жауап іздеп көрейікші. «Адам» дегенде көз алдымызға кім елестейді?
Біз адам деген ұғымға түсінік бердік.
Мағынаны тану
Төменде берілген әріптер тізбегінен мағыналы сөз шығарып алу.Мағынасыз әріптер тізбегінің белін сызу
АӘБВГҒДБІРЕЖЗИЙКҚЛМАДАМҒАНҢОӨПРСТУҮҰФЦЯЮЛ
Түйін сөз: Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Бір адамға » өлеңі
Оқушының өзіндік ізденісі
а) Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
ә) Шығармашылығы ,шығармаларының ерекшелігі
б)Оқушыларға «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Әдебиет теориясынан түсінік беру.
Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете,мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.«Бір адамға» өлеңінде ақын ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын,озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілген. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенімен,астарында зілді кекесін жататын,сөздерді қарама-қарсы, кекесін мағынада қолдануды ирония деп айтамыз.
Мысалы:
Ол рас аталарың шенге алыпты,
Арзан қып қымбат емес,кемге алыпты.
Әдеби-теориялық ұғымдарды дәптерлеріне жаздырту
Топтарға сұрақ қою.
Алғырлар - Өлең кімге арналған?
Зеректер - Өлеңнен көрінетін кейіпкерлер кімдер?
Тапқырлар - Өлеңдегі мысқыл,кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені аңғаруға болады?
Өлеңді өлең құрылысына талдату.
Шумағы – 6
Тармағы - 4
Бунағы - 3
Буыны - 11
Ұйқасы –а,а,б,а
Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмысы.
Түсіндірме сөздіктен өлеңде кездесетін бағалы бұйымдардың мағынасын жазу.
Оқа
Сылдырмақ
Түйме
Күміс кесе
Алтын аяқ
Теңге
Топтық жұмыс.Топтарға тапсырмалар беру
Алғырлар – Адам,адамгершілік туралы мақал –мәтелдер тауып айту,
Зеректер - «Дөңгелек үстел әдісі»
«Адамдарға тілегім» Әр оқушы өзінің адамға не тілейтінінбірінен соң бірі қағазға жазып шығады,бірінің жазғанын бірі қайталамауы тиіс.
Тапқырлар - «Адам» сөзіне бес жолды өлең құрау
1.Адам
2.Саналы,білімді
3.Өмір сүреді,білім алады,ұрпақ жалғастырады
4.Адам – қоғамдағы саналы тұлға
5.Тұлға
Ой толғаныс кезеңі
«Раунд Робин» әдісі бойынша әрбір оқушы өтілген тақырып бойынша не білді,бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай айтып шығады.Сынып оқушылары түгел қамтылады.
Сабақты қорыту
«Үш қадамды сұхбат» ойыны
Қатысатындар: Ғалым
Жүргізуші
Тілші
Жүргізуші бүгінгі өтілген тақырып жайында сұрақ қояды.Ғалым сұрақтарға жауап береді.Тілші барлығын жазып отырады.
Оқушыларды бағалау
Сабақты бекіту:
-Сұлтанмахмұт қандай ақын?
-Ирония дегеніміз не?
-Сатира дегеніміз не?
-«Бір адамға» өлеңі кімге арналған өлең?
Үйге тапсырма: «Бір адамға » өлеңін мәнерлеп,жатқа айту
С.Торайғыров өмірі,шығармашылығы жайлы реферат жазып келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |