Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі


С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі

 

С.Торайғыров «Бір  адамға» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Бір  адамға» өлеңі

Сабақтың мақсаты: сыни ойлау көқарасын дамыта отырып,өлеңнің мағынасын түсіну;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау, өлеңнен суреттеуді тауып, сурет салу.

Сабақ түрі:

Сабақ әдіс-тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын  3 топқа бөліп, өз қызметтерін бөліп алуды тапсырдым.

Үй жұмысын «Соңғы сөзді мен айтамын»әдісі бойынша оқушылар ойтолғауын ортаға  салды. Әр топтан топ көшбасшысы шығып, топтың мүшелерінің орындап келген тапсырмаларын түйіндеп, тапсырманы ортақ бірлесіп жасады.

А тобы «Мақтау-жел сөз, жанға қас, Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады»деген нақыл сөздермен түйін жасады.

 В тобы «Өзіне –өзі масаттанумен,өзін-өзі дәріптеу-бақытсыздық. Сол үшін де мақтан қумау керек, мақтаншақтыққа салынбау керек деп ой түйді»

С тобы да өз ойларын нақыл сөзғмәтелмен түйіндеді. «Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс. Тәкаппарлықты тәңір сүймес,  сондықтан да тәкәппарлыққа салынып, мақтан қумау керек деп түйді. »

Жаңа сабаққа сергіту сәтін қолдана отырып кірістім. Оқушыларға:

-Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.                        

Оқушылар мұғалім айтқан қимылдарды бейнелейді.
-Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.

-Өзенде жүзіп келесіздер.
Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар. (Осы сәтте экранға Қазақстан бейнеленген карта шығады).

-Нені көрдіңіздер?

-Қазақ елін.
-Баянауыл аймағын.
-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.

Миға шабуыл әдісі арқылы Сұлтанмахмұт кім деп сұрақ қойып, оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша топтастырды.

Ақынның «Бір адамға» өлеңін  оқулықтан оқып,өлең не туралы, кімге арналған деген сұрақтарға жауап беру үшін топтар тапсырмаларын алды.

Ой өрбіту әдісін Баяндаушылар тобы Ақыннның өмірбаяны жөнінде мағлұмат берді. Ақынның суретін салып,өмір жолына хронологиялық кесте құрып, шығармашылығын тірек-сызба арқылы түсіндірді.

Ой шақыру әдісі бойынша Зерттеушілер тобы сіздерге берілген мәліметтерді пайдаланып,ізденіп өлеңнің  Шорманның Сәдуақасына арналғанын, бұл өлеңнің ирониялық, сатиралық сарында жазылғанын түсіндірді.

Ой дамыту әдісі бойынша Сарапшылар тобы .Ирония дегенді түсіндіру. Өлеңнен иронияны тауып оқу. Сатира дегеніміз не? Сатиралық ойды табу деген тапсырмаларды орындады. Өлеңнен сатиралық, ирониялық сарында жазылған шумақтарын тауып оқып, ирония, сатира ұғымдарына түсінік берді.

Баяндаушылар тобы  білу, түсіну тапсырмасы бойынша өлең мазмұнын айтып, 1 шумақты жатқа айтып берді. Қалған топ мүшелері айтылған ойды бір сөзбен айтып беру.

Зерттеушілер тобы Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Салыстыру

Ахмет Байтұрсынұлының Ақын ініме өлеңін Бір адамға өлеңімен салыстырып,ұқсастықтарын атап көрсетті. Екі өлеңде де заман көрінісі, атқамінер шонжарлардың ел қанаған іс-әрекеттері көрініс табатынын, екі өлең де ирониялық сарында жазылғанын түсіндірді.Өлеңнің тәрбиелік мәні зор , бұл өлеңді оқу арқылы бірудің еңбегін жемеуді,құр мақтанға салынбауды, дүниеқоңыз болмауды үйретеді.

Сарапшылар тобы осы өлең арқылы Шорманның Сәдуақасына мінездеме беру, осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел табу тапсырмаларын  орындады. Шорманның Сәдуақасына мінездемені топтастыру арқылы қорғау.

Мақал-мәтелдерді :  Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды

Сабақты қорытындылау.

ІNSERT стратегиясы бойынша

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Үйге тапсырма: «Бір адамға» өлеңін жаттау.

С.Торайғыров өмірінен арналған бағдарлама дайындап келу үш топ.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М.Мақатаев Үш бақытым.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Ахмет Байтұрсынұлы, Ақын ініме
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен бақа"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 2822 | Қосты: Болатова Эльмира Муратовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык