Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»

Мақсаты: Оқушы тәрбиелеу

Білімділік мақсаты: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Жан-жақты ойлау қабілетін арттыру, дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық,портрет,тірек-сызбалар

Сабақ жабдығы: компьютер,интерактивті тақта.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Байланысы: пәнмен,тарихи деректермен

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушыларды екі топқа бөлу;

2) Оқу- құралдарын түгелдеу,реттеу;

3) Олардың көңіл-күйіне,денсаулығына баса назар аудару;

4) Назарларын сабаққа аудару;

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау   әдістері: Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында топқа бөлу әдісін қолдану;оларға ортақ сайыстар ұйымдастыру;үйге берілген тапсырма: «Абайдың өмірі мен шығармашылығы»

«Ой ашар» сайысы.Оқушылар ұяшықтарды таңдай отырып,өткен сабақтарды еске түсіреді;

«Ой қозғау» сайысы.Абайдың қара сөздеріне берілген мақалдарды ойымен ұштастырады;

«Ой толғау» сайысы.Абай шығамашылығынан бір өлең немесе кез-келген қара сөзін айтады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.

1) С.Торайғыров пен Абайды салыстру,өмірімен таныстыру;

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

● Қазақ халқының XX ғасыр басындағы

● Аса көрнекті ақыны,ғажап ақыл-ойшысы

● Абай дәстүрін жалғастырушысы

● Ақындық қуатын дарынымен жаңалаушысы

● Қазақ әдебиетін ілгері дамытушысы

Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан   күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен  әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.

Ақын 27 жасында  1920 жылы  21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.

Тірек сызбамен жұмыс:

өлеңдері

поэмалары

прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып»,   «Шәкірт ойы»

«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б

«Адасқан өмір»,

«Кедей»,

 «Айтыс»,

«Қайғы»,  

«Қамар сұлу»,

«Кім жазықты?»

«Ауырмай есімнен жаңылғаным»

 

2)Өлеңдерінің мағынасын ашу.С.Торайғыров -өзінің көңіл-күйін,қуанышы мен қайғысын,мұң мен назын,сүйінуі мен күйінін өте шебер суреттейді.Соған байланысты жазған өлеңдері: «Алтын аяқ», «Дүниедегі қызықтың», «Күңгірт түспен ойға батып», «Әй,махаббат»,әй,достық» т.б сонымен қатар,ақынның айрықша назар аударатын тақырыбы: оқу,білім алу мәселесі.Оған жататын бірқатар өлеңдері: «Бір баланың тілек батасы», «Оқуда мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерлерге», «Шәкірт ойы» т.б.

Ақын шығармашылығының тағы бір үлкен саласы-«Адасқан өмір», «Кім жазықты», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» романы.

Бұл романда сол кездегі қазақ арасындағы етек алған ескі әдет-ғұрыптарды қатал сынай отыра,ендігі жастардың келешегі оқуда екенін меңзейді.

Ақын 1914 жылы ел аралап жүріп,Павлодар маңының атақты шонжары Шорман ауылына түседі.Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата-тегінің птша өкіметінен алынған шен-шекпендерін,халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп,мақтаныш білдіреді.Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» атты өлеңін шығарады.

Ой дамыту.

Мәтін бойынша жұмыс.

  1. Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі сезімі бар ма?
  2. Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол қын атынан баяндалады. Сосын ақынның ішкі ойы,монологы берілген.
  3. Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен ,астарында зілді кекесін,мысқыл,әжуа жататын астарлы ойды ирония дейміз.

Мәтіннен иронияны тауып оқыту. Екі-үш шумақ.

  1. Ащы мысқылмен,зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира дейміз. Соңғы үш шумағы. Сатиралық ойды табу.

Оқушылардың баяндағанын қорытындылау үшін синхрондық таблица қолдануға болады.

Ой шарықтату. Өлең ұйқасын,тармақтарын талдау   (5 шумақты)

Білімді бекіту:   Сөздік жұмысы. Ой қозғау

Оқа-әшекейлі зат.

Бұлды түйме-бағалы ілгек

Шекпен-түйенің жүнінен жасалған сырт киім

Нақақ-адал,бейкүнә

1. 1 шумақты үш қайталап жаттау.

2. Өлеңді бөліп мәнерлеп оқытып шығу.

3. Деңгейлік тапсырма.

І деңгей.   4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу.

ІІ деңгей. Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар?   Мазмұнын естеріне түсіруі.

І деңгей. Өлең мазмұнын айт.

ІІ деңгей. Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мін,ездеме бер.

ІІ деңгей.  Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт.

ІІ деңгей.  Өзің біреуді әжуалап өлең шығарып көр.

Ой қорыту.

Insert  стратегиясы бойынша жұмыс.

                 V

                +

          ?

            Білемін

Білдім(мен үшін жаңа ақпарат)

Білгім келеді

Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.

Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды.

ІV.Бекіту.

Тестпен жұмыс жасау.

Y.Үйге тапсырма.

1.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі,шығармашылығын үйден оқып,түсіну

2. «Бір адамға» өлеңін жаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі
С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыров “Қамар сұлу” романы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 6590 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык