Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6595 |
|
|
|
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы білімдерін қайталау,зат есім,сын есім,
етістіктерді сөздерге дұрыс қолдану,сұрақтарға толық жауап
беруге дағдыландыру.Суретке қарап 5 – 6 сөйлемнен
тұратын ертегі құрастыруды жалғастыру.Аңдарға
сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Логикалық ойлауға
жаттықтыру.
Көрнекілік: Аңдардың суреті,үстел үсті театры.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу,сұрақ – жауап,дидактикалық ойындар,
жұмбақ шешкізу.
Сабақтың барысы:
1. Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айқау – шу.
2. Жүрген жерде қулығы бар,
Жасайтұғын ұрлығы бар.
Балалар бүгінгі сабағымыз түлкі туралы ертегілер жайында болады.Жалпы ертегілердің басқа әңгіме,өлеңдерден қандай айырмашылығы бар? Неге ерте,ертеде деп басталады? Енді түлкі туралы ертегілерді есімізге түсірейік.Тақтаға «Бауырсақ,Түлкі мен ешкі,Түлкі мен қасқыр,Қоянның үйі,Түлкі мен қаз»ертегілерінің суреттері ілінеді.Сол сурет бойынша сұрақтар қойылады.
Дидактикалық ойын: «Аңшы мен бақташы».
- Балалар,түлкі үнемі достарын алдап,ренжітіп жүр екен.Енді өзі де жалғыз қалыпты,көңілсіз жүр екен.Енді біздерде оған көмектесейікші.Түлкі достарын қонаққа үйіне шақырыпты.Оның туған күні екен.Туған күн туралы тақпақ.
1. Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын көжек дейді.
2. Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды ол кісіні.
3. Жазда орманда болады
Қыста жатып тынығады.
4. Дегендей ешкім тимесін
Қадапты алып инесін.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Түлкі үстелге қандай тағамдар даярлаған?
Оларды қандай аңдар жейді?
Түлкі қонақтарды қалай күтті?
Тамақ ішкеннен кейін аңдар «Жасырынбақ» ойнады.
Табыңдаршы мынау қай аңның құлағы?Олар қайда тығылған?
Аңдар қонаққа кеткенде үйлерінде балалары қалыпты.
Енді солардың балаларын атайық.
(бөлтірік,көжек,қонжық,күшік,кірпі)
Енді,біз түлкіге қандай тілек айтамыз?
Сабақты қорытындылау.
Қимылдық ойын: «Аққоян».
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |