Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Волейбол. Допты ойынға қосу түрлері


Волейбол. Допты ойынға қосу түрлері

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты ойынға қосу түрлері

Жалпы мақсаты Оқушыларға допты ойынға қосу әдістерін толық меңгерту,үйрету арқылы волейбол ойынына қызығушылығын арттыру.Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 
Сілтме АКТ арқылы волейбол туралы  слайдтар көрсету, 9 сынып әдістемелігі
Оқу нәтижесі Волейбол  жаттығулар түрін білу, тану, меңгеру
Сабақтың  барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті           
Негізгі идеялар Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру: Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың  өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді.  Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол  командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен. Волейбол  «volley» - қалқып  ұру,  «boll» -доп дегенді білдіреді. Ресми тіркелген күні 1895ж,оны ойлап тапқан У.Дж.Морган  (АҚШ). Алғашқы аты «Минтонет». Қазақстанда ең алғаш жарыс 1926 жылы Қызылордада өтті. Қазақ волейболы ХХ ғасырдың 60 жылдары жақсы дамыды. Бұл жерде спорт шебері,КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғапов есімін ерекше айтып өтуге болады.
Қыздырыну жаттығулардың орындалуын қызықтырақ ету,слайдтар  көрсету  арқылы ойлауын қамту.Ұйымдастыру бөлімі: 15 минут
1.Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау
2.Саптық жаттығулар.
3.Жалпы дамыту жаттығуы. 
а)жүру,жүгіру жаттығулары
(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.Жаттығуларды қатесіз орындату.)
Негізгі бөлімі: 20-25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру,тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Волейбол  тарихы, еліміздегі волейбол командалары туралы түсіндіру.
4. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
5. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату
Жасөспірімдер 13-14жастағылар 15-16жастағылар 17-18жастағылар
Ер балалар
Қыз балалар 2м 20см
2м 10см 2м 35см
2м 20см 2м 43см
2м 24см
Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету.
 
Тапсырма көздері
Топпен жұмыс жүргізу
1-топ Топтастыру
Волейбол туралы не білеміз? 
1.Спорттық ойын түрі        
2 .Алаңда ойналады                             
3 .Екі  топтан  құралады 
4..Доп пен тор қажет       
 5.Төреші керек 
6. Ойыншы ережені білу керек 
7.Спорттық киім киіп ойнау керек
2-топ  Волейболдың  адам денсаулығына пайдасы 
1.Денсаулықты жақсартады. 2.Өкпенің дұрыс тыныс алуына көмектеседі. 3.Бұлшық еттерді қатайтады. 4.Қимыл әрекетте тез ойлауға көмектеседі.5.Ми қызметін реттуге көмектеседі.
6.Мінез-құлықты реттеуге көмектеседі.
7.Топ мүшелерімен жақсы қарым қатынас орнатуға, психологиялық ахуал туғызуға көмектеседі.
3-топ. Волейбол ойыны мен баскетбол ойынының айырмашылығы
А)Волейбол- екі топ алаңның екі жағында, өз бөлігінде ойнайды, ойыншылар орнын ауыстырып отырады, ойынға арналған тор алаңның ортасында жоғарға бекітіледі, әр топта 6 адам. 
Б)Баскетбол –екі жақты ойын, ойыншылар  алаңда үнемі  қозғалыста  болады, 5-ойыншы болады,алаңның екі шетінде екі себет  тор болады.
Жеке ұмыс,топ жұмысын бағалау 
Қорытынды бөлімі. 5-минут
1. Сапқа тұру
2. Үйге тапсырма  спорттық ойындар  туралы мәліметтер жинау
3.  Мадақтау, Бағалау әр топ  өзара бағалайды.Рефлексия Бағалау
 
 Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы,  допты үстінен                        қабылдау жаттығуларын  жасау –2мин
Әр топ постер қорғайды осы тақырыпта және ойларын ортаға айтады
Оқушыларды 4 топқа бөліп:
1 топ  Допты төменнен ойынға қосу түрлерін үйрену.
2 топ Допты  жоғарыдан ойынға қосу түрлерін үйрену.
3 топ Қарама-қарсы тұрып допты бір-біріне жоғарыдан беру түрлері.
4топ.  Қарама-қарсы тұрып допты бір-біріне төменнен беру түрлері.
 
   Жаттығу кезінде оқушылар бір бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады.
Әр топ өздеріне берілген жатығуды көрсетеді                                    
Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтысырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсетеді
 
Дерек-көздер Интернет сайттарынан  алған материалдарға шолу жасау 9-сынып оқулығы.С.Қасымбекова,  С.Тайжанов Спортық газеттер мен журналдар «Мектептегі дене шынықтыру» журналы,ресурстар
 
 
Слайдтан көрсетілетіндер:
Қазақстанның  волейбол  тарихы, Атырау волейбол командасы т.б  
 
Волейбол түрлері
 
 
                         Спорттық волейбол                   Жағажай волейболы
 
 
Мүгедектер волейболы                                   Суда ойналатын волейбол
Допты төменнен ойынға қосу
Допты жоғарыдан ойынға қосу. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Волейбол
Волейбол әлемінде
Волейбол, допты беру әдісі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Волейбол добын беру, қабылдау түрлері.
Волейбол әлемінде
Волейбол ойнау тәсілдері. Допты төменнен, жоғарыдан қабылдау.
Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылда
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 16417 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык