Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С.Мұратбеков Жусан иісі повесіндегі Аян бейнесі


С.Мұратбеков Жусан иісі повесіндегі Аян бейнесі

Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков Жусан иісі повесіндегі Аян бейнесі

Сабақтың мақсаты:
1/С.Мұратбековтің «Жусан иісі»әңгімесіндегі Аян бейнесін ашу.Өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту.
2/Ойлау шеберліктерін арттыру,шығармашылық ізденіске баулу,сауатты сөйлеп,жаза білуге ықпал ету.
3/Адамгершілігі мол,ұлттық рухы жоғары  азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :Білімді жинақтау,қорытыу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.Іздендіру.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,жазушы портреті,кесте.
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,билогия.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.
II Үй жұмысы:С.Мұратбеков «Жусан иісі».Жоспар бойынша мазмұндау.
1.Аянның қоныс аударуы.
2.Ауыл балаларымен достығы.
3.Тобығын тайдыруы.
4.Әжесінің қайтыс болуы:
5.Аянның балалар үйіне кетуі.
III Жаңа сабақ:
1.Біліміңді сына.
1.Жазушының 1961 жылы қандай әңгімелер жинағы жарық көрді?
2. «Жусан иісі»жинағы қандай тілдерге аударылды?
3. Жазушы«Жусан иісі»әңгімесінде қай жылдардағы оқиғаны баяндаған?
4.Әңгіме нешінші жақта баяндалады?
5. «Жусан иісі»арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?
6.Аян сендерге қандай ой қалдырды?
2.Ой қозғау.
Автор повесті неге «Жуасан иісі»деп атаған?/Оқушылар өз ойларын ортаға салады./
Тақтадан суретін көрсетіп,жусанға сипаттама беру.
Жусан-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық,кейдебір не екі жылдық шөптесін өсімдік,шала бұта.Қазақстанның барлық жерінде,шөл-шөлейтті далада,таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.Жусанның биіктігі 10-16 см,кейде 1,5-2 м-дей болады.сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.Жапырағы кезектесіп орналасқан,қауырсын тірізді,шеті тілімденген,кейде бүтін жиекті.Ұсақ гүлі қос жынысты,сары түсті,себеттері көп,әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүл шоғырн құрайды.Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді.Жемісі-тұқымша.Жусан құнарлы мал азығы,дәрілік,бояуыш,тағамдық,витаминді,эфир майлы өсімдік.Жусанның иісін «қазақтың иісі»деп те атайды. 
3.Топтастыру.
Әңгімедегі Аян бейнесін топтастырып,мәтіннен тауып оқу.
 
                                                         Әңгіме кейіпкері  Аян қандай бала?
Ақылды Жақсы жолдас                  Зерек    Төзімді
Аян бұрыннан таныс адамдай тегіс етене боп кетті.Ол өте ақкөңіл,ақылды бала екен.Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі,не десең де жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақсы дос болуды әркім-ақ ойлай бастаған.Бірақ ол ешкімге ықылас білдірген жоқ.Бәрімізбенде жақсы дос болды. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Басына түскенқандай да бір қайғы-қасірет болмасын,бәрінде ол көзіне жас алмай үлкен бір қажыр-қайратпен көтере білді..
 
4.Талдау:
Семантикалық карта кестесін толтыру.
Әңгімеден үзінді Антоним Мінездеу Тұрақты          тіркес Теңеу Портрет
-Жарғақ сары тоны қаудырлаған,тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін,шілбиген арық,ақсақ қара бала.
-Шолақ жең ақ жиде,тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген,кекіл шашы бар мұнтаздай таза бала.        +
Аян –ақкөңіл,еқбекқор,білімге құштар,жігерлі,төзімді,досқа адал бала.          +
Қотыр тайға тіл бітеді.Естімеген адамша міз бақпайды.Қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді.           +
Ылди-өрге бірдей сырғанайтын шана.Киімнің кімдікі қара,кімдікі ақ екенін біліп болмайды.          +
Шашы аппақ,қудай.              +
 
Y.Сабақты бекіту:
Ой түю./Оқушылар сұраққа жауап беріп,өз ойларын түйіндейді./
Сұрақтар Менің ойым
1.Егер сен автор болсаң әңнімені қалай аяқтар едің?
2.Сіздердің ойларыңша Аяп Жусантөбеге соғама?
3.Әңгімеден қандай тәрбие алдың?
 
YI.Үйге тапсырма:Ойтолғау«Баяғда бір жетім бала болыпты...»деп басталатын Аянның ертегісін жалғастырып келу.
YII Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Мұратбеков. Жусан иісі
Сайын Мұратбеков "Қылау" әңгімесі /екінші сағаты/.
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
С. Мұратбеков Жусан иісі
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Жусан. Бас әріппен жазылатын сөздер
Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесін талдау.
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 24442 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык