Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2357 |
|
|
|
Төрт мезгіл Заттың сынын білдіретін сөздер
Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл Заттың сынын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты: Заттың сынын білдіретін сөздер туралы оқушылардың білімдерін пысықтау. Ертегінің идеялық мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушылардың түсініп оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау;
• Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру; есте сақтау, ойлау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
• Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: білім қорытындылау сабағы
Сабақтың әдістері: ойын, талдау, әңгімелесу, көрнекілік, шығармашылық.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы:
Бағдарлау-мотивациялық кезең
- Терезеге қараңдаршы, бүгін күн қандай тамаша! Күн күлімдеп тұр. Біздің класс бөлмесінде де күн бар, ол бүкіл сабақ барысында сендерге қарап тұрады.
-«Гүл жайнаған өлке » өлеңін тізбектей оқыту, сұраққа жауап алу. – Өлең не туралы? –Қай мезгіл суреттелген? – Өлең қалай аяқталған? Оны кім түсіндіреді? –Авторы кім? – Осы өлеңде заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер бар ма?
Аты Қимылы Сыны
Терек жымыңдайды самал Қайың тербеледі ерке Жел сыбырласып көркем Аң төгеді
Жұмбақ шешу(слайдтан көрсетіледі)
Жер үстінде 1 Оның бар 12 бұтағы. Әрқайсысында 30
30-ының бір жағы ақ, бір жағы қара. (бәйтерек-жыл, 12 ай, 30 күн, күн мен түн)
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне арналмақ. Әр жыл мезгілдің өзінше әдемілігі, әсемдігі, ерекшелігі бар.
- «Өз орныңды анықта» ойыны. 4 оқушыға 4 жыл мезгіл суреті беріледі. Тақтаға жүгіріп шығып, өз орнын табу қажет.
- Ендеше, «Төрт мезгіл» атты ертегімен танысамыз. Ертегі тыңдағыларың келе ме? Ертегі не үшін керек? «Ынталы бала ертегіні ұйып тыңдар, зейінді бала көкейге түйіп тыңдар» слайды ашылады.
Орындаушылық-операциялық кезең
Оқулықпен жұмыс. Ертегі мәтінін мұғалімнің оқуы.
Сөздік жұмысы: сынай қарапты – не айтар екен, не істер екен деп бақылау; енші беру – баласын бөлек шығарғанда беретін малы.
Оқушыларға тізбектете оқыту, жыл ақсақалдың сөзін тауып оқу. Сұрақтар беру: -Қане, кім айтады? Қатулы қысқа қандай айлар тап келді? (желтоқсан, қаңтар, ақпан) - Сұлу көктемге ше?(наурыз, сәуір, мамыр) -Жадырған жаз өзіне қандай айларды алды?(маусым, шілде, тамыз) --Көңілшек күз қандай айларды иеленді? (қыркүйек, қазан, қараша) –Саған жылдың қай мезгілі ұнайды?
Сергіту сәті. «Көктем келді» әнінің 1 шумағын қимылын көрсете отырып айту.
Дәптермен жұмыс. Әр қатарға жыл мезгілдеріне байланысты 2 сөйлем құрау тапсырылады. 1-қатар - көктем мезгіліне, 2-қатар - күз мезгіліне, 3-қатар-жаз мезгіліне. Мысалы: Көктемде мал төлдейді. Қозылар жасыл шөпке жайылады. №2 дәптер тапсырмасын орындау.
Суретпен жұмыс. Суреттегі кейіпкерлерге қарай отырып, сын есімдерді атау. Оқушылардың пікірін талдау. Жыл ақсақал-үлкен, айбатты, айбарлы,т.б. Қыс- мұздай, қатулы, күмістей,ақ, қаһарлы,т.б. Көктем- сұлу, жасыл, әдемі, жылы,т.б. Жаз-жасыл, жайдарлы, жадыраған,т.б. Күз- көңілшек, молшылықты, жаңбарлы,тұманды т.б.
Бағалау-рефлекциялық кезең
-Қане, бір сәт ақын болып көрейік. (слайдтан көрсетіледі)
..................................сұлу, .....................................көктем, ...................................жылу. .....................................неткен!
Үйге тапсырма беру. Ертегіні оқу, мазмұнын әңгімелеу, 281-жаттығуды орындау.
Бағалау. –Балалар, сабақта сіздерге жақсы көңіл сыйлаған Күнге үлкен рахмет айтайық. Күннің сіздерге берген бағасы мынау болды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |