|
|
Заттың атын білдіретін сөздер. Көктем.
1-сынып
Ана тілі.
Тақырыбы: Заттың атын білідретін сөздер. Көктем.
Мақсаты. 1. Заттың атын білідретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен табуға үйрету.
2. Табиғаттың көктемгі ерекшеліктерін аңғарта отырып, бақылау жасауға баулу.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
3. Оқу, жазу сауаттылығын дамыту.
Көрнекілігі: «Көктем» суреттері, әр түрлі заттар.
Сабақ типі. Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, СТО,
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық икем.
3. Кіріспе.
Балалар назарын сынып бөлмесіндегі заттарға аудару.
n Бөлмемізде не бар? (стол, шкаф, орындық, суреттер т. б - бұлар заттар
n Бөлмеде кім бар? Мұғалім, балалар-бұлар адамның атын білідретін сөздер.
4. Түсінік.
Заттың атын білідретін сөздерге Кім? Не? деген сұрақтар қойылады.
Кім? Бала, мұғалім, дәрігер.
Не? Машина, доп, орындық.
5. Әдемі жазуды қалыптастыру минуты.
6. Жаттығу жұмысы.
82-жаттығуды талдау. Берілген әр сөзді оқытып, сұрақ қойдыру.
Не? Не? Не?
Аю, Бүркіт, Сүт.
Кім? Не? Кім?
Тігінші Өзен Ұшқыш.
83-жаттығу. Суретпен жұмыс. Суретке қарап, Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазу.
Кім? Не?
Қыз Алма
Бала Қуыршақ
7. Мәтінмен жұмыс.
А) Көктем суретіне қарап сұраққа жауап алу.
-Жылдың қай мезгілі?
- Күн қандай?
- Өлі табиғатта өзгеріс бар ма?
- Ол тірі табиғатқа әсер ете ме?
Б) Көктем туралы мәтін құрастыру.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Сай саладан су ақты.
Жер балшық болды. Ағаштар бүршік атты. Балалар далада ойнайтын
болды.
В) 84-жаттығу. Көп нүкте орнына Не? сұрағына жауап болатын сөздерді тауып қою. Дәптерге жазу.
. . . туды. . . . жылына бастады. . . . еріді. Жылғалардан . . . ақты.
8. І. Жансүгіров туралы таныстыру.
«Жазғытұрым» өлеңі.
А) Өлеңді өз бетінше оқыту.
Б) Дауыстап оқыту.
В) Өлеңді талдау. Не соқты? –Жел соқты.
Не ақты? – Су ақты.
Не келді? – Қаз келді.
Не желкілдейді? – Көк майса.
9. Сабақты аяқтау, бағалау.
10. Тапсырма. «Жазғытұрым» өлеңін жаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |