|
|
Баланың тапқырлығы.
Сабақтың тақырыбы: Баланың тапқырлығы.
Сабақтың мақсаты: а/Оқушылардың ертегіні түсініп, мәнерлеп оқуына, сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік жасау;заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; ә/әдемі жазу дағдысын, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту; б/Эстетикалық,экологиялық тәрбие беру;
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: торғайдың, шегірткелердің жеке суреттері мен сюжетті суреттер.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, шеңбер бойына жиналу. ІІ Өткенді қайталау «Бәйшешек» өлеңін жатқа айту.
ІІІ Бағдарлау – мотивациялық кезең (оқушылардың қызығушылығын ояту)
-Балалар, мен бүгін жұмысқа келе жатып, бір торғай тауып алдым. Оның көңіл күйі жоқ екен. Өйткені ол өз туыстарынан адасып қалған. Біз бұл торғайға көмектесеміз бе?
-Сендер не істейсіңдердер? -Көмектесеміз . -Осы сөз қандай сұраққа жауап береді?
-Біз бүгін заттың қимылын білдіретін сөздер тақырыбын жалғастырамыз.
-Балалар,біз кәзір қызықты ойын ойнаймыз.
Ойын аты: «Өз үйшігіне орналастыр»
Ойын шарты:үйшіктерге қимылдарына қарай заттарды орналастыру керек.
Балалар қолдарына алған сөздердің қимылына байланысты өз үйшіктеріне барады. Әртүрлі фигуралардың ішінде жазылатын сөздер:кеме, қаз, балалар, доппен,ұшақ, торғайлар.
І топ Жүзеді ІІ топ Ұшады ІІІ топ Ойнайды
Оқулықпен жұмыс.
255-жаттығу.
1.Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2.Оқушылардың тізбектей оқуы.
3.Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Ертегі не жайында?
-Патшаның уәзірлері шегірткелерді қалай құрту керек деді?
-Баланың тапқырлығы неден көрінді?
-Қараторғайдың қандай пайдасы бар?
4.Сөздік жұмыс
Уәзір- патшаның қол астында жұмыс істейтін,ақыл-кеңес беретін адамдар.
Нанбапты-сенбепті.
І топ Берілген заттардың бәріне ортақ сөз тап. ІІ топ Ребусты шеш. ІІІ топ Орны ауысып берілген сөздерден сөйлем құра.
Сергіту сәті Торғай, торғай,торғайсың Таяу келіп қонғайсың, Жем шашайын тойып ал, Сонда биікке самғайсың.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу: Т _____________________________________________
Т_____________________________________________
256-жаттығу Не істеді? Не істейді?
Келді келеді ұйықтады күлді І топ жіберді көрді ІІ топ күтті жүгірді ІІІ топ
Ү.Үйге тапсырма.Бағалау.
257-жаттығу /шығармашылық тапсырма/
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |