|
|
Ұлттық ойындар
Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым – қатынасын елеп ескермей өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.
Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын – сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шап-шаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі мектептегі және мектептен тыс оқу – тәрбие жұмысына, әсіресе оқушылардың туристік іс – әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік – педогогикалық негіздері белгілі бір ғылыми – педагогикалық алғы шарттарға бағындарылуы керек.
Мектептегі және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі – өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік – педогогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіншілігін пайдалану.
Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қаблдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс – әрекетінде ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.
Ұлт ойындары оқушылардың туристік іс – әрекетінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде оқушыладың белсенділігін жетілдіріп, жұмысын қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.
И.Павловтың рефлекстік теориясына сүйенер болсақ, барлық оқыту, тәрбие үрдісі байланыс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты «орталық ми қабығының әректіне» байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ, тәрбие жұмысы оқушыға өзінің етене жақындығымен, түсініктілігі мен ерекшеленеді.
Ойын әрекеті – өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін–өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл–ойы , дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік – қайратын шыңдайд, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады.
Оқушы мектеп қабырғасында, мектептен тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім алғанымен, ол әрдайым дербес тұлға ретінде танылады. Ойын ұжым арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Ал ойынға қатынасатын туристік іс–әрекеттер әр оқушының баратын жорығының мазмұнын ұғу, олардың алдына қойылған міндетке сай саналы түрде дұрыс жауап беру талабы жүктеледі. Олай болса, ұжым арқылы жеке тұлғаны ажыратып алу ойын пайдаланатын туристік іс–әрекеттердің негізгі міндеттерінің бірі болып саналды.
Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық–әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Оқушы өзінің Қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл–ой, дене дамыту үшін қажет. Оқушының ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап, туристік іс–әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе–күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.
Оқушы белсенділігі негізінен екі түрлі:Сыртқы және ішкі белсенділіктен тұрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе өмірілік әрекетіне байланысты болып келеді. Оқушының ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.
Оқушының ішкі, сыртқы белсенділігін бөле–жара, бір–бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы , қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. А.Макренконың «Баланың ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ұлт ойындарын оқушылардың туристік іс–әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысын жетілдіруге пайдалану, оны әлеуметтік–педогогикалық дамытуға бағыттау туризм мамандарынан, нұсқаушыларынан үлкен педагогикалық шеберлікті, қажыр–қайратты, еңбекқорлықты, әдіс–тәсілдерді орынды жұмсай білуді талап етеді. Олай дейтініміз, ұлт ойындарының бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшан–теңіз, соның бәрі әлеуметтік–педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |