Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жол ережесін білесің бе?


Жол ережесін білесің бе?

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білесің бе?

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;
2. Жол белгілерін есте сақтауға үйрету;
3. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақтарға жауап беру, тақпақтар айту, жұмбақтар жасыру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, жол ережелері туралы кітаптар, жол белгілері бар плакаттар, видеоролик.
Ұйымдастыру кезеңі:
• оқушыларды мультимедия сыныбына отырғызу; 
• оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Тәрбиеші сөзі:
- Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар! 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жол ережесін білесің бе?»
Балалар, бала аяғымен тік тұрған күннен бастап – ол жаяу жүруші. Бала велосипедке отырды ма, - ол жүргізуші. Автобусқа мінді ме, – ол жолаушы болып есептеледі.  Ал, оған қай жерде болмасын қауіп төнуі мүмкін. Себебі, әр жыл сайын қала көшелерінде көліктердің санының көбеюіне байланысты, апатты жағдайлар да көбеюде. Осыған байланысты мұғалім, тәрбиешілер мен ата-аналардың балаларға жол қауіпсіздік ережелері мен жолда жүру тәртібі туралы ерте бастан айтып, түсіндіру басты міндетіміз болып табылады.
• Балалар, тақтада ненің суреті бейнеленген?
 Бағдаршамның суреті.
• Балалар, көшедегі жүру тәртібін кім басқарады, білесіңдер ме?
 Бағдаршам.
• Ал, бағдаршамның неше көзі бар?
 Үшеу.
• Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
 Қызыл, сары, жасыл.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бағдаршам - өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға ортақ. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызға «Бағдаршам» қонаққа келіпті. Рүқсат болса бағдаршамды ортаға шақырамыз!
(I-кезең «Бағдаршам» туралы тақпақтар айту)
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жаспен кәріге.
Мен бағдаршам боламын!
Қызыл түс:
Қызыл көзі жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда. 
Сары түс:
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша. 
Жасыл түс:
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып. 

Үшеуі бірге: 
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда!
ІІ-кезеңде «Тест»
Бұл кезеңде жолда жүру ережелеріне байланысты бірнеше суреттер берілген. Қойылған сұрақтарға оқушылар суреттерге қарап жауап беруі керек.
Қойылатын сұрақтар:
• Қай суретте Слава жолдан дұрыс өтуде?
     
• Түнде Славаға жолдан өтер кезде қандай түсті киім кию керек?
   
• Автобусқа мінуі үшін Слава қай жерде тұрып, күтуі керек?
   
• Слава өзі түскен автобустың қай жағынан айналып өтуі керек?
   

ІІІ-кезең «Жұмбақ жасыру»
1.  Ала таяқ ұстаған,       
    Жол тәртібін нұсқаған.   
    Өміріңді күзеткен, 
    Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)

2. Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, 
    Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та.  (Бағдаршам)
IV-кезең «Мультфильм»
Балаларға  жолда жүру ережелері мен жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы «Жолдос көмекке асығады» атты видеороликті тамашалату. Проститутки в вашем городе индивидуалки Челябинск Сайт каталог для поиска девушек легкого поведения
V-кезең «Қорытынды»
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Жолда аман - есен жүрулеріңізге тілектеспін!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жол апатының алдын алу»
Жолда жүру ережесін сақтайық!
«Бағдаршам»
«Бағдаршам және біз»
«Жол апатының алдын алу»
Абайла , бағдаршам ! Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
Жол тәртібін жадыңда ұста.
Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Сақ бол¸балдырған!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 12747 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык