Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 4513 |
|
|
|
Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері
Тақырыбы: Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері
Мақсаты: Білімділігі арифметикалық амалдар бойынша есептеу тәсілдерін тиянақтау
Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастық көмекке жетелеу халқымыздың ұмыт болған салт – дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: жеке, ұжымдық, жұмыстар, ой қозғау, ВЕНН диаграммасы.
Көрнекілігі: Слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) психологиялық дайындық
- Балалар, бізге көз не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Ал, құлақ не үшін керек?
-Жақсы сөздерді есту үшін.
-Олай болса балалар, бір-бірімізге келген ұстаздарға жақсы тілектер тілейік.
ә) топқа бөліну
1- топ: «Алғырлар»
2- топ: «Білімділер»
3- топ: «Ойшылдар»
ІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту.
1. Арифметикалық неше амал бар?
2. Қосу амалының неше қасиеті бар?
3. Көбейту амалының неше қасиеті бар?
4. Көбейтуге кері амал қандай амал?
2. Мағынаны тану.
Сабақтың эпиграфы
Ескісіз – жаңа болмайды,
Есепсіз – дана болмайды.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Алыс ауылдарға саяхатқа шығамыз. Ол үшін өзімізге ыңғайлы көліктің түрін таңдаймыз.
-Қандай көлік түрін білеміз?
(оқушылар ойы)
-Ал, осы көліктердің ішіндегі қай көлікті таңдағанымыз дұрыс?
-Автобус.
Енді барлығымыз тәртіп сақтап автобусқа отырамыз
-Нешінші автобуспен саяхатқа шыққалы отырмыз?
-Жетінші.
Ой қозғау.
-Балалар 7 саны жайлы не білесіңдер?
-7 күн, 7 қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата т.б.
-Дұрыс, олай болса, бүгін біздер жеті ата ауылына саяхатқа шығамыз.
-Ата ауылына да келіп қалыппыз. Бұл ауыл сендердің білімдеріңді білгісі келеді.
1-слайд №1 есеп (ауызша)
-Балалар, міне қазір көктем мезгілі, осы кезде біз жерге не отырғызамыз?
-Ағаштар.
-Ағаштарға байланысты мақал-мәтел кім айтады?
-Артыңда мал қалғанша, тал қалсын т.с.с.
Олай болса, «Ата» ауылына ағаш отырғызып, көмек берейік. Ауылдарын көркейтейік.
Ағаш отырғызу үшін есептер шығарайық. Егер есепті шеше алсақ ағаш отырғызуға қолғабыс еткен боламыз.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Келесі «Әке» ауылына да келіп жеттік.
2-слайд. Құстарға ұя жасау. Жеке жұмыс. №2 есеп.
Есепті шешу арқылы мына келіп жатқан құстарға ұя жасап береміз.
-Жарайсыңдар балалар! Саяхатымызы әрі қарай жалғастырамыз. «Бала» ауылына да келдік.
3-слайд. Бау-бақшаны реттеуге көмек. №3 есеп. Топпен жұмыс.
1- топ а)
2- топ ә)
3- топ б)
-Балалар, біз кесінділермен жұмыс жүргіздік. Ал осы кесінділерді құрастыру арқылы қандай фигуралар шығарамыз?
Олай болса фигуралар жайлы анықтама тақпақтарымызды айтайық.
Бұрыш.
Жазықтың бөлігі,
Фигуралар көрігі,
Біз боламыз балалар,
Сәулелердің серігі.
Екі түзу қиылысса,
Арасында біз тұрамыз.
Доғал, сүйір, тік бұрыш боп,
Қатар түзеп, сап тұрамыз.
Тік бұрыш.
Градуспен өлшейді,
Түрімізге шамалап,
Болсам тоқсан градус,
Тік бұрышпын әмбебап.
Үшбұрыш.
Таныстырып өтейін,
Баршаңызға өзімді.
«Үшбұрыш» деп аталам,
Бөлмеңіздер сөзімді.
Қабырғам мен бұрышыма,
Байланысты әрқалай
Атауым көп балалар,
Жаттаңыздар шаршамай.
-Ал, балалар, «Немере» ауылына да келіп жеттік, бұл ауылда жылқы, түйе бағуға көмек береміз.
4-слайд. №4 есеп. Жеке жұмыс.
а) Әрқайсысы – 550 тг.
12 қалбыр ақ сыр - ? тг. Барлығы қанша?
Әрқайсысы – 700 тг.
16 қоңыр сыр -?тг.
ә) Кері есеп құрастыр.
Сергіту жааттығуы.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
-Келесі ауылымыз «Шөбере» ауылы. Бұл ауылда сиыр бағуға көмектесеміз.
5-слайд. №5 есеп. Топпен жұмыс.
1-топ
а) Бірінші қалаушы 3 сағат артық - 1016 кірпіш
Екінші қалаушы – 635 кірпіш
2-топ.
ә) Бірінші жер телімі – 10160 пиязшық 30 м артық
Екінші жер телімінің ауданы?
3-топ.
Жылдамдығы – 65 км/сағ.
Уақыты – 4 сағ.
Қашықтығы - ?км/сағ.
-Есептеріңді дұрыс шешіп, бұл ауыл кісілеріне де көмектестіңдер. Ал, келесі «Шөпшек» ауылына жол тартайық. Бұл ауылда қой, ешкі бағуға көмектесеміз.
6-слайд.
Топпен жұмыс. №6 есеп
1-топ.
а) 180 14 + 120 14
199 360 + 1 360
482 17 – 382 17
2-топ.
ә) 315 6 – 15 6
256 42 – 156 42
178 24 + 781 24
3-топ.
б) 5 24 + 5 16
6 84 + 4 84
88 15 – 15 38
-Ал, балалар, соңғы ауылымызға жол тартайық. Бұл ауылдан гүл тереміз. Гүлдердің арқасындағы теңдеуді шешеміз. Егер теңдеуді дұрыс шешсек гүлді аламыз. Алған гүлдерімізді 8-наурызда аналарымызға сыйлаймыз.
7-слайд. №7 есеп. Теңдеуді шешу. Топпен жұмыс.
1-топ.
2460 в -1332-1250
2-топ.
(с-476)-1050-1549
3-топ.
(х+450)-3540-4000 80
-Жарайсыңдар балалар, терген гүлдеріңді әжелерің мен аналарыңа тарту етіңдер. Ал, бүгінгі сабаққа белсенді қатысып ауыл адамдарына көмек бердіңдер. Рахмет.
-Кім өзінің жеті атасын біледі?
-Міне балалар, «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген сөз тегін айтылмаған. Шыққан тегін, ата-бабасын білген оқушы өскенде туған-туысқанына мейірімді, еліне қадірлі, жақсы азамат болып өседі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |