Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімнің жекеше және көпше түрі.


Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: зат есімнің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру, оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету, қосымшаларды ажырата және дұрыс жалғай білу;

Дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын дайындату

  1. Психологиялық дайындық

Балалар, бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Сәлем сөздің атасы» демекші кәне бірінші бәріміз амандасып алайық.

Оқушылар хормен:

Сәлеметсің бе, алтын күн,

Сәлеметсің бе, көк аспан,

Сәлеметсің бе, жер ана,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар,

Сәлеметсің бе, сен,

Сәлеметпін мен.

Бүгінгі біздің сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Зат есім үлкен тарау болғандықтан біз «Жеті ата» ауылына саяхатқа шығамыз. Мұндағы мақсатымыз зат есім туралы алған білімдерімізді көрсету және жаңа біліммен толықтыру.

  1. Қызығушылықты ояту

Қыс пен көктем айларында туған бірінші топта болады.

Жаз бен күз айларында туғандар екінші топ.

 

Саяхатқа шығу үшін көлік әзірлеп алайық.

  • Бұрын ата-бабаларымыз көлік ретінде нені пайдаланды?
  • Атты, түйені, өгізді.
  • Сендер оның қайсысын қалайсыңдар?
  • Атты.
  • Жарайды, онда атты жолға әзірлейік.
  • Атты жолға қалай әзірлейміз?
  • Атты шанаға жегу керек, өйткені қазір қыс мезгілі.
  • Атты шанаға жеккенде қандай жабдықтар керек?
  • Қамыт, доға, ершік, шана, жүген, делбе.
  • Ал енді күн болса суық, қар көп жауған, жол жаман, шанаға жөндеп отырайық, саяхатымызға аттанайық. Топ басшылары атты айдаңдар. Айт шу, жануар!

Алдымызда көрінген қай ауыл екен, қарайықшы. (Интерактивті тақтада саяхатқа баратын ауылдар картасы көрсетіліп отырады).

Балалар, біз жеткен «Ата» ауылы сендердің білімдеріңді бәйге ойыны арқылы тексермекші

 

10

10

 

20

 

20

 

30

 

30

 

40

 

40

 

50

 

 

Оқушылар өздері ұпай таңдайды. Әр сан артында сұрақтар жасырынған:

 

10 (сол жақ) – Өзін білетін сөз таптарын ата?

10 (ортадағы) – Зат есім дегеніміз не?

20 (оң жақ) – Бас әріппен жазылатын сөздерге мысал келтір?

20(сол жақ) – Жалқы есім дегеніміз не?

30 (ортадағы) – Жалпы есім дегеніміз не?

30 (оң жақ) – Қандай қосымшаны жұрнақ дейміз?

40 (сол жақ) – Туынды сөз дегеніміз не?

40 (ортадағы) – Қандай қосымшаны жалғау дейміз?

50 – Сөздерді сөз құрамына талдау: асхана, Ақмаралдың, ағаның, тазалық, күйші, тоғайда.

 

Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

  • Алыстан көрінген қай ауыл?
  • «Әке» ауылы.

Бұл ауыл да бізге тапсырма дайындапты.

  1. Семантикалық карта

 

1 топқа

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім

бала

 

 

Астана

 

 

тау

 

 

Айжан

 

 

Есіл

 

 

әже

 

 

боран

 

 

 

2 топқа

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім

Айдос

 

 

балық

 

 

Тайбурыл

 

 

ұшқыш

 

 

Бөрібасар

 

 

өзен

 

 

Тараз

 

 

 

  1. Дәптерде жұмыс:

Қатені тап. Сөйлемдердегі жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жаз.

1 топқа

Менің ағам алматыда тұрады. Оның баласы самат екінші сыныпта оқиды. Ағамның үйі абылайхан даңғылы мен бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

2 топқа

Менің тәтем қызылжарда тұрады. Оның қызы айсұлу үшінші сыныпта оқиды. Тәтемнің үйі мағжан жұмабаев көшесінде орналасқан.

 

«Әке» ауылының тапсырмасын да жақсы орындадыңдар.

Әкеге сендер кім боласыңдар? Бала.

  • Келесі көрініп тұрған қай ауыл?
  • «Бала» ауылы.

«Бала» ауылының мынадай тапсырмасы бар. Жаңылтпаштарды оқып, жалқы есімдерді тауып айт:

 

1 топ

Асхат қасқа ат мінді,

Мақсат басқа ат мінді.

Батырға қай көлік, сай көлік?

Батырға сай көлік.

Сәйгүлік!

Қайрат қайрақ қайрап отыр,

Қайрақпен балта қайрап отыр.

  1.  Дене сергіту  «Қара жорға» (әуенмен)

Айт шу, жануар. Келесі ауылға да келіп қалдық.

Атаға сендер кім боласыңдар?  Немере

«Немере» ауылы

  1. Мағынаны тану

Суретке қара. Әр суреттегі заттардың санын анықта.

Қоян – Қояндар

Гүл-гүлдер

Қайық – қайықтар

Үйрек- үйректер

Бала – балалар

Дәптер – дәптерлер

Сөздерді салыстырып оқиық. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Түбір сөзге не қосылып тұр?

Тірек сызба.

 

Зат есім

жекеше

көпше

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

 

 

Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады «Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: аға, тау, өзен.

«Кімдер? Нелер» сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: ағалар, таулар, өзендер.

 

Оқулықпен жұмыс: 141 бетте 2-ші жаттығу.

Тексеру: жекеше түрін 1-ші топ оқиды, көпше түрін 2-ші топ оқиды.

Келесі ауылға аттанайық. Атты айдаңдар.

 

«Шөбере» ауылына да келіп жеттік.

 

  1. Ой толғаныс

 

Сәйкестендіру тесті.

Суретші                     -дар

Ақын                          -лар

Жеңімпаз                   -лер

Сыйлық                     -тер

Бала                            -лер

Құс                             -тар

Ата                             -дар

Құжат             -тар

Өзен                           -дер

Торғай                       -тар

Келесі ауылымыз қай ауыл екен?

«Шөпшек» ауылы.

«Зат есім туралы не білеміз?» топтастыру стратегиясы.

Ең соңғы ауылымыз «Немене» ауылы.

«Сөзжұмбақ» шешу.

 

  1. Қорытынды

Саяхатымыз аяқталып келеді, сыныбымызға қайтайық.

Жеті атаны білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

 

  1. Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық,

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтап алайық.

141 бет 3-ші жаттығу.

 

  1. Бағалау (оқушылардың біліміне қарай бағалау).

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Зат есімнің жекше және көпше түрлері.
Зат есімді қайталау.
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Жалғау
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
Зат есім
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7360 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык