Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 3274 |
|
|
|
Абылай хан
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының танымал тарихи тұлғасы - Абылай ханның өмірімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана-сезімін ояту.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Н. Назарбаев, Абылай хан, жыраулар портреттері.
Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа ден қою
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. Хан дегеніміз кім?
2. Ханның мұрагері кім?
3. Ханның жеке шаруашылығын жүргізетін, малын бағатын адам?
4. Шежіре бойынша қазақ халқының үш жүзге бөліну тарихы кімнің заманынан бастау алады?
5. Уыз хан ел билеген жылдыр?
6. Түрік-монғол нәсілінен тұңғыш Құдайға сенуші хан?
7. Қазақ елін билеген хандар әулеті қандай ханнан тараған? Ол кімнің ұлы?
8. Шыңғысханның ұрпақтары қазақтың қандай руынан тараған?
9. Қазақ хандығы қашан құрылды?
10.Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары кімдер?
11.Қазақ хандығының аумағын кеңетіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырған Жәнібектің ұлы кім?
12. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?
13. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады?
14. XVIII ғасырда Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген, қазақ халқының ұлы мемлкет қайраткері?
ІІІ.Жаңа сабақ.
“Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас” ( Мұхтар Әуезов)
Абылай хан (Әбілмансұр) -1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Бір шайқаста барлық туған туысы, үй-іші қырылған кезде Ораз аталық деген адам жаудан алып шығады. Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Сабалақ ер жеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбай батырмен танысып, Бөгенбай батыр:
Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!
Мінезің қазақтағы хан екенсің
Жазға салым қалмаққа аттанамыз,
Соған да керек болар жан екенсің!
- батырлығы: 1729 жылы жоңғарлармен болған шайқаста аты шығып, көзге түседі. Бұл ұрыста қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңеді.
- - қолбасшылығы: Абылай соғыста Қаракерек Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышпек, Шапырашты Наурызбай, т. б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігін дәлелі болып табылады.
- - Саяси қайраткерлігі: 1771 жылы Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Мұсылмандық білім алған сауатты билеуші. Абылай хандық билікті күшейтуде. Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара жыраулармен, Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары батырларымен, Төле Қазыбек билермен үнемі кеңесіп отырды. Абылай хандығы кезінде мемлекет шекарасы кеңейіп, біртұтас та мықты болған.
- Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші болған. Ол- “ Ақ толқын”, “ Алабайрақ”, “Бұлан жігіт”, “ Дүние салды”, “ Желім торы”, “Сары бура” “ Шаңды жорық”, т.б 20-ға жуық күйлердің авторы
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерлеген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайреткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Түркі халықтарының тілін айтпағанда, парсы, қытай, орыс тілдерін жетік меңгерген.
Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз. (Бұхар жырау)
Хан Абылай көрші екі мемлекеттің тілін таба білсе, Нұрсұлтан Назарбаев дүниедегі барлық мемлекеттердің басшыларымен де, саясатшылары мен де тең сөйлесіп, тіл табысып Қазақстанды әлемге мойындата білді.
1. « Бәйге» ойыны
1.Абылай кімнің ұрпағы? (Жошы ұрпағы)
1. Абылай ханның әкесінің аты? (Көркем Уәли)
1. Абылай ханның шын аты? ( Әбілмансұр)
2. Абылай ханның өмір сүрген жылдары?(1711-1781)
2. Абылай бала кезінде кімнің түйесін бақты? ( Үйсін Төле би)
2. Абылайхан жекпе жек сайыста кімді жеңді? (қалмақтың батыры Шарыш)
3. Абылай қай жылы хан болды? (1771)
3. Абылай қандай тілдерді білген?( парсы, қытай, орыс)
3. Абылай ханның өмірін жырлаған жырау.( Бұхар жырау)
2. Сөзжұмбақ
IV Бекіту сұрақтары:
1. Әбілмансұрдың ата тегі қайдан шыққан?
2. Сабалақ қалай атанды?
3. Абылайдың қасында қазақтың қандай белгілі игі жақсылары топтасты?
4. Абылай хан жырлаған жырау
V. Қорытынды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі берілді, темір жол вокзалдарының ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар, қалаларында бар. Қазақстанның 1993 жылы ең бірінші төл теңгесіне бейнесі берілді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған « Көшпенділер» фильмі түсірлді. 2008 жылы Елбасы Н. Назарбаев қатысуымен « Абылай хан ордасы» ашылып, алдында ескерткіші орнатылды. Оның есім Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген. 2011 жылы Абылай ханның 300 жылдығы атап өтілді.
VІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Абылай хан туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
1. Абылай хан туралы эссе жазу.
VІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |