Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2899 |
|
|
|
Абылайдың хандығы
Сабақ тақырыбы Абылайдың хандығы
Сабақ мақсаты :
Білімдік : Оқушыларға Абылай ханның қазақтың ұлы хандарының бірі екенін , аса көрнекті мемлекет қайраткері , қолбасшы , дипломат екенін түсіндіру . ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ елінің саяси жағдайына шолу жасау .
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын дамыта отырып , тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып , талдауға үйрету , білім алуға құштарлығын дамыту .
Абылай ханның өзіндік дербес ерекшіліктерін қосымша деректер арқылы талдап , таным қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік : Оқушыларды өз елінің тарихына құрметпен қарауға , Абылай ханның жақсы істерін үлгі етуге тәрбиелеу . Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп , толерантылыққа бейімдеу . Туған жерге , отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі : Жаңа білімді меңгеру , танымдық .
Сабақ әдісі : Ауызша баяндау , сұрақ – жауап әдісі , тестпен жұмыс , диаграмалармен,кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі : Қазақстан картасы , тірек – сызбалар , кесте .
Пәнаралық байланыс : Дүние жүзі тарихы – 9 сынып , Қазақ әдебиеті оқулығы .
Қосымша материалдар : Қазақстан тарихы- әдістемелік журналдары , Қазақстан– энциклопедиясы . Газет және журнал материалдары.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеу , сабаққа дайындығын тексеру , топқа бөлу . – 2 минут .
2. Үй тапсырмасын тексеру – 5 минут $ 3 . Қазақстан ХҮІІІ ғасыр ортасында
3. Жаңа сабақ түсіндіру – 20 минут $ 4 Абылайдың хандығы .
4. Топпен жұмыс -11 минут
5. Бекіту сұрақтары – 5 минут
6. Қортындылау – 2 минут .
Өткен тақырыпты тест арқылы тексеру :
Үй тапсырмасы : $ 3 Қазақстан ХҮІІІ ғасыр ортасында .
Тест тапсырмалары
1 – топқа
1. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің солтүстігіне кім хан болды ?
А. Нұралы Ә. Ералы Б. Батыр В. Барақ
1. Жоңғарияның соңғы қонтайшысы
А. Қалдан - Церен Ә. Әмірсана Б. Лама – Доржы В . Батур
2. Орта Азия көпестері жиі келетін сауда орталығы болған қала
А. Семей Ә. Жәміш Б. Кереку В. Қызылжар
3. Аңырақай шайқасы болған жыл
А. 1726 ж Ә. 1729 ж Б. 1735ж В. 1739ж
4. Бөгенбайдың руы
А. Қанжығалы Ә. Тобықты Б. Алшын В. Үйсін
Тест тапсырмалары
2-топқа
1. Жоңғария қай жылы толық талқандалды .
А. 1752 ж Ә. 1758 ж Б. 1789ж В. 1796ж
2. Қызылжар қаласының орысша атауы
А. Петропавл Ә.Павлодар Б. Уст – Нарым В. Томск
3. Ресей империясы казактарды қай өзендердің маңына шоғырландырды ?
А. Ертіс пен Сырдария Ә. Жайық пен Ертіс
Б. Еділ мен Жайық Б. Іле мен Талас
4. 1735 жыл патша үкіметіне қарсы көтеріліс болған жер
А. Қазақстан Ә. Татарстан Б. Қоқан В. Башқұртстан
5. Қазақ хандары қай әулеттен тарайды ?
А. Шыңғыс хан Ә. Темір Б. Осман В. Бабыр
Тест тапсырмалары
3- топқа
1. Кіші жүз Қазақстанның қай жағында ?
А. Батысында Ә. Шығысында
Б. Оңтүстігінде В. Солтүстігінде
2. 1756 жылы патша үкіметі қазақтарға мал жаюға шек қойған өзен маңы ?
А. Ертіс Ә. Сырдария Б. Жайық В. Іле
3. 1752 жылы орыстар салған қамал
А. Петропавл Ә. Кереку Б. Семей В. Өскемен
4. Жоңғарияның соңғы қонтайшысы
А. Қалдан - Церен Ә. Әмірсана Б. Лама – Доржы В . Батур
5 . Қалмақырылған шайқасы болған жыл
А. 1726 Ә. 1729ж Б. 1732ж В. 1739ж
Жаңа сабақты баяндау :
Жаңа сабақ тақырыбы : Абылайдың хандығы
Сабақ жоспары .
1. Қазақ елінің ХҮІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
2. Абылай ханның шежіресі
3. Абылай ханның өмірі Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
4. Абылай ханның серігі болған батырлар , билер , хандар , жыраулары
Тақтаға Абылай хан туралы айтылған сөздерді іліп қою
«Халықтың ерік – жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді . Батырлармен тізе қосып , қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен , сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылайханның ерліктері сон-дай қатал заманда қазақ рухында қайта түлеудің алтын діңгегіне айналды . Міне , осылайша екі ғасыр өткен соң Абылайдың қазақ тарихында тиісті орны белгіленді ».
Н. Ә. Назарбаев .
«Қазақстанның дербес ел болуына, әрі –беріден соң қазақтың қазақ болуына,басы қосылып,бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».
М .О.Әуезов
« Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді».
М . Қозыбаев.
« Сұлтан Абылай ақыл –ой даналығымен болашағын болжай білген.Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесіп отырып,өз жерін,халқын соғыстан құтқарып отырды...Абылай хан өзінің парасаттылығын,тапқыр айласын,даналығын,батыл қимылын,еліне де, сыртқа да таныта білген .. . »
А.И . Левшин.
І топқа.
«Бұл кімнің сөзі »
( шарты карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау)
І топқа
Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мінің,
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жэаман қылмадың.
Әділдікпен іске кірдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманың бар ма, хош ием ...
( Бұхар жырау )
ІІ топқа
Ей, Абылай ,Абылай.
Абылай ханым, бұл қалай,
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қаз дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай –
Абылай,сенің тұсында,
Сол бесеуі толыпты – ай !
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай сый !
Ұмыттың ба соны , Абылай !
( Үмбетей жырау)
2- топ . Венн диаграммасын беру
Абылай хан Назарбаев Н. Ә.
Ортақ белгілері
3- топ . Топтастыру
Бекіту сұрақтары :
1. Абылай ханның өмір сүрген жылдары – 1711-1781ж
2. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр
3. Төле бидің қойған лақып – Сабалақ
4. Абылайдың серігі болған атақты жырау – Бұқар жырау
5. Абылайдың серігі болған батырлар – Бөгенбай , Қабанбай , Малайсары т.б
6. Абылай ханды паналап қашып келген жоңғардың соңғы қонтайшысы - Әмірсана
7. Абылайға қарындасын берген жоңғар қонтайшысы – Қалдан – Церен
8. Абылай қай жылы Ресейге , қай жылы Қытайға бағындым деп уәде берді ? 1741ж мен 1757 -1760ж ж
9. Абылайдың хандық құрған жылдары -1771-1781ж.ж
10. Сүйегі қай жерде жерленді . - Түркістанға
11. Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге кім хан болды ? – Уәли
12. Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошы хан
Қортындылау : Оқушыларды бағалау және үйге тапсырма беру .
Сабақ барысы :
7. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеу , сабаққа дайындығын тексеру , топқа бөлу . – 2 минут .
8. Үй тапсырмасын тексеру – 5 минут $ 3 . Қазақстан ХҮІІІ ғасыр ортасында
9. Жаңа сабақ түсіндіру – 20 минут $ 4 Абылайдың хандығы .
10. Топпен жұмыс -11 минут
11. Бекіту сұрақтары – 5 минут
12. Қортындыла
«Халықтың ерік – жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді . Батырлармен тізе қосып , қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен , сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылайханның ерліктері сон-дай қатал заманда қазақ рухында қайта түлеудің алтын діңгегіне айналды . Міне , осылайша екі ғасыр өткен соң Абылайдың қазақ тарихында тиісті орны белгіленді ».
Н. Ә. Назарбаев .
«Қазақстанның дербес ел болуына, әрі – беріден
соң қазақтың қазақ болуына,басы қосылып,
бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығаруына
ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық
адам болмас».
М .О.Әуезов
« Абылай қазақ елін бүкіл
Еуразияда қуатты мемлекет
дәрежесіне көтерді».
л
М . Қозыбаев
«Сұлтан Абылай ақыл –ой даналығымен болашағын болжай білген.Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесіп отырып,өз жерін,халқын соғыстан құтқарып отырды...Абылай хан өзінің парасаттылығын,тапқыр айласын,даналығын,батыл қимылын,еліне де, сыртқа да таныта білген .. . »
А.И . Левшин.
Сабақ тақырыбы:
Абылайдың хандығы
Абылай хан
Назарбаев Н. Ә.
Ортақ
белгілері
Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай міндіңіз,
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділдікпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманың бар ма, хан ием ...
( Бұхар жырау )
Ей, Абылай ,Абылай.
Абылай ханым, бұл қалай,
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қаз дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай –
Абылай,сенің тұсында,
Сол бесеуі толыпты – ай !
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай сый !
Ұмыттың ба соны , Абылай !
( Үмбетей жырау)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |