Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абылай хан


Абылай хан

Сабақтың тақырыбы Абылай хан

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.
• Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.
• Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмінін бейнекассетасы.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын сүрау.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.
1. Сұрақтар жазылған карточкаларды көбейтіп оқушыларға таратамын.
2. «Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы» тақырыбы бойынша әңгімелеп беру тапсырылады.
3. Әбілқайыр туралы оқушылардан не білетінін сұрау.
     Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң   тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспары.
1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.
2. Абылайдың жүргізген саясаты.
3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын  оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.
Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:
1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?
2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді? 
    Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін   жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.
Бұдан әрі   Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.
Осы жерде   бейнекассетаны іске қосып, оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.
Одан әрі   ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін.   Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен  аяқтаймын.
Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін   оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратады. Қағазда мынадай жазу болады:
Абылай - ол:
Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:
1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде   оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.
Ей, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай үл едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді
Сабалақ атпен жүр едің.
Қорытынды кезең
Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:
1. Абылай билікке қалай келді?
2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?
3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?
4.  Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?
    Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.  
Бағалау:
Үй тапсырмасы: §33 Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Абылай хандығы
Абылай хан (1711-1781жж)
Абылай хан
Абылайдың хандығы
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Абылайдың хандығы
Абылай хан
Абылайхан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3176 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык