Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5140 |
|
|
|
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Мақсаты: Коучингке қатысушыларға жаңа әдіс-тәсілдер жайлы жан-жақты көзқарас қалыптастыру. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың тиімді жолдарын пайдалануға көмектесу. Әріптестің өткен сабағына талдау жасап, іс-тәжірибе алмасу.
Міндеттер:
* Дәстүрлі және жаңа әдіс-тәсілдердің айырмашылығын егжей-тегжейлі түсіну, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың айырмашылығына негіздеме жасау;
* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауға жаңа тәсілдерді енгізу кезінде кездескен мәселелер мен кедергілерді айқындау және нақтылау;
* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдісінің мағынасын нақты анықтау.
Күтілетін әтиже:
- Мұғалімдер бағалаудағы дәстүрлі және жаңа тәсілдердің айырмашылығын түсінеді;
- Сабақ уақытын тиімді пайдалану;
- Оқушыларға әрекеттер жасауда еркіндік беру және олардың белсенділігі мен білім деңгейін дұрыс бағалау.
Қатысатын мұғалімдер:
* Математика пәнінің мұғалімдері Г.Онбаева және Б.Давлетова;
* Тарих пәнінің мұғалімі А.Тәжібаева;
* Бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Мұсанова және А.Малдыбаева;
* Физика пәнінің мұғалімі С.Халметова;
* Информатика пәнінің мұғалімі Қ.Усербаева.
Коучинг сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларға коучинг сабақтың тақырыбы және оның мақсатымен таныстыру.
2. Сергіту сәті. Коучинг сессияға қатысушыларға ең алдымен "Саламатсыздар ма? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Топтасып , жұптасып, жеке жұмыс жасауға дайынсыздар ма? Сабақ бастауға, үйренуге, жақсылыққа дайынсыздар ма?" деп сұрау арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
3. Топқа бөлу. Стикерлерге жазылған сандар бойынша (1, 2) қатысушыларды екі топқа бөлу.
4. Ой қозғау үшін ойын. Қатысушыларға кез келген әріпті таңдауға мүмкіндік беру. Топтағы қатысушылар санына қарай оларға таңдап алған әріпке сөйлем құрастыруды ұсыну. Мысалы, "А" әріпін таңдаған топта төрт адам болса, "Айша алманы анасына апарды" деп құрастырып, сөйлем шығарулары қажет.
5. Бейнематериал: интербелсенді тақтадан қатысушыларға әріптес өткізген сабақтың түсірілімін көрсету. Түсірілімді көрген соң мұғалім - әріптес оқушылардың жұмыстарын бағалағанына талдау жасап, жеткен нәтижесін бағалайды. Қатысушылар мұғалімнің жұмысын бағалаудың критерийлерін бірге жасайды. Әріптестің сабағына талдау жасайды. Қатысушылар сабақты дискрипторлар бойынша бағалау жүйесі арқылы бағалап, талқылайды. Сабақтың сәтті және сәтсіз өткен тұстарына комментарийлер беріп, ұсыныстар жасайды. Келесі сабақтың жоспарын бірлесе жасап, қолдау көрсетеді. Сәттілік тілейді. Қайтадан сабаққа қатысу үшін өткізілу мерзімі мен уақытын белгілейді.
Әріптестің сабағына қайта қатысуды жоспарлап болған соң түсірілімнен не жаңалық көргенін және өз сабақтарында не қолдана алатындықтарын анықтау.
6. Бірінші практикалық тапсырма. "Маған коучинг сабақтар қаншалықты әсер етті?" тақырыбында қатысушыларға нақты сұрақтар жазылған сауалнама тарату.
7. Ой түйіндеу. "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" тақырыбында эссе жазу. Қатысушылар өз қалауы бойынша жазған эссені оқып беруі керек.
8. Сергіту сәті. Сөйлемді толықтыру бойынша жаттығу орындайды.
Мына сөйлемді толықтырыңыз:
Мен бүгін … жаттап алдым.
Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің әріптестеріңіз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды.
Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар:
Неге....
Мұны қайдан білесіз....
… үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз…
Сіз келісесіз бе…
Түсіндіре аласыз ба…
… үшін не істеу керек.
9. Екінші практикалық жұмыс: "Біз сабақты қалай өтеміз?" тақырыбында постер жасау. Қатысушылар оқытудың жаңа тәсілдері негізінде заманауи сабақтың құрылымын жинақтап жазуы керек. Постерді қорғауға әр топқа бес минут беріледі.
10. Қорытынды рефлексия жасау. "Білім, шыдамдылық, төзімділік, жаңалық, ізденгіштік" сөздері жазылған постерге коучинг қатысушылары қалауы бойынша тиісті қатарға өздерінің қорытынды ойлары жазылған стикерлерін іледі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |