Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әміре - ән көгінің айнасы


Әміре - ән көгінің айнасы

Сабақтың тақырыбы: Әміре - ән көгінің айнасы

Cабақтың мақсаты:
          Сабақтың мақсаттары:
• білімділік: әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан- жақты таныту;
• дамытушылық: талдау жасата отырып оқушының ой- өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау;
• тәрбиелік: өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу; қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.
         Сабақтың міндеттері: әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбы мен мұратын анықтайды, сұрақтарға жауап беру арқылы Әмірқан тұлғасын ашады,  кесте толтырады, мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыс істейді, әңгімеде қолданылған көркемдегіш құралдарды табу арқылы жазушының тіл байлығын таниды.
         Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы
         Сабақтың түрі: тәжірибелік- талдау, іздендіру сабағы
         Сабақтың әдісі:  логикалық  дәлелдеу, негізгісін бөліп алу,интерактивті әдістер
         Сабақты ұйымдастыру формасы: жекелей, топпен, ұжымдық
      
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
            Балалар, адам баласы бір нәрсені ұнатады, жанындай жақсы көреді, аңсайды.Сол жолда күреседі. Сол көңілінің төріндегі керегіне қол жеткізгенде жаны рақаттанады.
 Мен сүйемін өмірді зулап аққан
Мен сүйемін өлеңді биік тақтан.
Мен сүйемін өнерді таңдай қаққан
Мен сүйемін өренді тыңдап баққан.
Ал сендер ше?
          Міне, бүгінгі кейіпкеріміз де сүйді, ұнатты. Бірақ ол ән өнерін ұнатты ,жанымен сүйді.Ән өнерінің көгінде биік самғай білді. Өткен сабақта біз қазақтың аймандай тұлғасы, қазақтың қара сөзінің құлжасы атанған Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өткенбіз. Автор жайлы сөз қозғағанбыз.   
       Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әмірқан- ән көгінің айнасы» . Бүгінгі сабақтың мақсаты әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан- жақты таныту;  кейіпкер бейнесін ашу.
 
2. Үй тапсырмасы
а) Мәтінмен толық танысу
ә) Сырласу күнделігі
 Топпен жұмыс:
1-тапсырма
 «Ақпараттық анықтама алгоритмін» орындайтын сарапшымен таныстыру. 
«Табыстар каталогына» салынатын жұмыстар жайлы ескерту.
 
1-тапсырма  
            Әңгіменің композициялық құрылысын жүйеге келтіру   
                                                                           
                                                                            Шәкет үйіндегі кездесу
1.Әңгіменің басталуы                                       Аяқталмаған оқиға
2.Әңгіменің дамуы                                            Жетішатыр қаласындағы жексенбінің бірі
3. Әңгіменің шиеленісуі                                   Әмірқан әңгімесі
4.Әңгіменің шарықтау шегі                              Наурыз сауығы
5.Шешімі
            «Еркін сұрақтар және оған менің дәлелім»
  (оқушылар өз қалаулары бойынша сұрақтар таңдайды)
1.Ж.Аймауытовты әйгілі еткен қай шығармасы?
2.Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан бейнесі кімнің прототипі?
                (Ә.Қашаубаев жайлы бейнетаспа)           слайд «Әміре»
3.Оқиға қай кезеңді қамтиды?
4.Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі қалай суреттелген?
                                      Слайд «Жетішатыр  қаласы»
5. «Әнші» әңгімесін жазуға не себеп?
6.Әңгіменің басты тақырыбы қандай?
7.Әміре Қашаубаев кім?(бейнетаспа)
             «Кейіпкерге сөз таңдау»
Үш топқа жеке-жеке тапсырма
1-топ Әмірқанның әншілік шеберлігі (Әмірқан бейнесін әншілік, орындаушылық  тұрғыдан қарастыру)
2-топ Әншінің тұлғасы  ( кейіпкердің сыртқы бейнесі, Әмірқан бойындағы қазаққа тән қасиеттер)
3-топ Сәтті алынған сөздер пирамидасы(ұтымды қолданылған сөздер мен нақыл сөздерді табу)
4-топ Сөз әрлеу (көркемдегіш сөздерді табу)
          Міне, балалар , Ж.Аймауытовтың ән өнерін құрмет тұтып, өзі де өнерден құр алақан емес екендігін шығармасынан байқадық. Көркем сөздің қуаты сол бас кейіпкердің түр-тұлғасын жазушы шебер суреттеген. Әңгіме аяқталды. Бірақ көкейде жүрген бір сұрақ бар, балалар. Ол қандай сұрақ? Әрине, «Ақтамақ хикаясы » . Сол бір бақытты күндерін әнші үлкен тебіреніспен айтады. Аяғы егіліп, еңкілдеп жылайды –дейді. Осы құпия сендерді қызықтыра ма , балалар?Олай болса, қиялымызға қанат бітіріп, осы «Ақтамақ хикаясын» өз ойымызша аяқтап жазайық. 
«Ақтамақ хикаясы...» ойтолғау
(Хикая менің қиялыммен сәйкес не алшақ)   
Міне, балалар «Ақтамақ хикаясы »біздің қиялымызда осылай аяқталды. Бірақ автордың айтуынша   бұл оқиға аяқсыз қалған. 
«Ақпараттық анықтама алгоритмі» бойынша сарапшы жұмысын тақтаға шығару
 
«Екі жұлдыз бір тілек»
Бекіту
       Міне,балалар, жазушы  Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әнші Әмірқан жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. Биылғы жылы Ә.Қашаубаев атамыздың туғанына 125 жыл толды. Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Семей қаласында әншіге арналған ескерткіш бой көтерген.Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. Әнші туралы Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі, Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар. Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді.
Үйге тапсырма
Әміре Қашаубаев өмірінің соңғы күндері  жайлы ізденіс жұмысы 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі
Музыка және қолданбалы өнер. Қазақтың атақты әнші-күйшілері
Әміре - ән көгінің айнасы
«Әнші» «Ақтамақ хикаясы»
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2272 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык