Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі


Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Ж.Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып, талдау арқылы оның қайталанбас  суреткер екенін таныту. Оқушыларға әңгіменің негізгі оқиға желісін аңғарту, жазушының ойын ұғындыру, әңгіме тақырыбы мен идеясын ашу. Ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға, өнерді түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін шыңдау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену  

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.Үйге берілген Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жатқа сұрау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.

-                   С.Торайғыров өлеңдерінің тақырыбы қандай?

-                   «Шәкірт ойы» өлеңінде не туралы айтылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқушыларға Қ.Байбосыновтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдату. Алған әсерлерін сұрау.

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын, прозашы, драмашы, аудармашы, сыншы, публицист Ж. Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. (хронологиялық кесте арқылы түсіндіру)

1889 ж

Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды.

1907 ж

Ауылдағы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі.

1911 ж

Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады.

1914-1919 ж

Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады.

1922-1924 ж

Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады.

1924-1926 ж

Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді.

1926-1929 ж

Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады.

1929 ж

1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынады.

1931 ж

1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

1989 ж

1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді.

1997 ж

Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

 

Жазушының «Әнші» әңгімесі нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған. Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы – Семей, ал әнші Әмірқанның прототипі – қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді.

Прототип (грек. түптөркін, негізгі бейне)– әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам, яғни, түпкі тұлға.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921-24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.      

ІV. Мәтінмен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөлу. Әңгіме мазмұнын үшке бөліп оқыту.Әр бөлікке ат қою. Әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді табу. Мәтіндегі кейіпкерлерді атау.

-                   Жастардың Жетішатыр қаласына келуі. Қала тұрмысы.

-                   Наурыз тойы.

-                   Ән мен Әмірқан.

Сөзмаржан

Қашаба– қос ат жегілген жұмсақ арба

Қиуа – тосын

Әупілдек– кекірген сияқты дыбыс шығарып құрқылдайтын құс

Бержобай– арбакеш

Шерік– ширек, бір нәрсенің төрттен бір бөлігі

Боқша– сөмкенің бір түрі

Кемеш – қабырғасы биік ыдыс

Шүлеңгер – мырза, жомарт

V. Мәтінге сатылай кешенді талдау.

-                   Авторы: Ж.Аймауытов

-                   Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесі.

-                   Тақырыбы: ән,өнер, ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі.

-                   Идеясы:ән құдіретін таныту

-                   Жанр түрі:проза (әңгіме)

-                   Кейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, студент жастар

-                   Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев

-                   Тәрбиелік мәні: әңгімені оқи отырып, ән өнерінің құдіретін түсінеміз.

VІ. Салыстыру жұмысы.

Әмірқан әнінің тыңдаушыларға қалай әсер еткені

Менің ән тыңдағандағы күйім

VІІ. Білімді бекіту. Тақырып бойынша сұрақтар қою. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

VІII. Қорытынды. «Екі жұлдыз, бір тілек». Мәтіндегі ұнаған екі жер. Әмірқанға тілек.

ІХ.Бағалау. Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Х.Үйге тапсырма беру. Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу. «Ән мен әнші туралы » талдау кестесі.

Әмірқанның пікірі

Менің пікірім

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Әнші әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі
Әміре - ән көгінің айнасы
Әміре - ән көгінің айнасы
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Ж.Аймауытов “Әнші”
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 22254 | Қосты: Мухаметжанова Индира Ерболатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык