Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біз бақытты балдырған, Тіршіліктің тірегі ана


Біз бақытты балдырған, Тіршіліктің тірегі ана
Тіршіліктің тірегі ана

Тақырыбы: «Біз бақытты балдырған»

Мақсаты: б) Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы мінсіз махаббат   құдіретін  сезіндіру.
т) Ұстамды болуға,  ой қорыта білуге, бақыт пен қуаныш сыйлауды адамгершіліктің биік құндылығы  « мінез»  екенін түсінуге тәрбиелеу.
д) Бірін – бірі түсіне білуге, сүюге білгенімен көргенін  іс – жүзінде кәдеге асырып үлгі бола білуге дағдыландыру.
Көрнекі  құралдар: Қима суреттер, шар, нақыл сөздер.
Мұғалім:
Армасыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар.
«Біз бақытты балдырған!» атты шарамызға қош келдіңіздер! «Бала – адамның бауыр еті », «Адамның бақыты балада» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып Бақыт жайлы ойларыңызды  ортаға салып  қатысып отырыңыздар. 
- Қане,  кім өз ойын ортаға салғысы келеді?
- Сонымен сіз Бақыт дегенді қалай түсінесіздер?
Жауап:
Ата – аналардың , оқушылардың жауаптпры тыңдалады.
- Сіз бақыттысыз ба? ( Ата – аналардан, оқушылардан сұрау)
- Неге?
- Себебі ...
- Не үшін бақыттысың?
 
Мұғалім: 
    Сіздер балаларыңыз жақсы білім алып,  мұғалім мақтап жатса – бұлда бақыт.
     Мен өзім бақыт дегенді былай түсінем. Бақыт деген -  ол әр адамның  өз қуанышы. Бақыт әркімде әртүрлі  болады. Менің дүниедегі тіршілік етіп жүргенімнің өзі – бақыт. Бір арманым орындалып жатса, олда бақыт. 100 пайыз бақытқа еш пенденің қолы жеткен емес.  Өмірде қайғы мен қуаныш бірге жүреді.
Бақытты , қуанышты күндеріміз көп болғай дей отырып.
 
«Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға  бірдей жақсылық тілеу...»
                                                                  Ілияс Есенберлин
 
Шаттық шеңбері
Оқушылармен , ата – аналар бір – бірлеріне  жылы сөз айту. Бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер жасап тұра қалайық.
Өзім бастап айтып жіберем.  
Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тілек айту.
Бүгінгі күндерің сәтті болсын.
Анашым .....
Анашым ....
Анашым.....    ......
Сергіту сәті.
- Мен сіздерге ойын ұйымдастырғым келіп тұр.
- «Бала – адамның бауыр еті »
« Кім пысық?»
- Ал енді ана мен бала арасындағы сезімді, жақсы қасиеттерімізді, мейірімділікті, бір – бірлерімізге деген шынай көңілімізді білу үшін   4 – бөлімнен тұратын тапсырмалар бергім келіп тұр.
1 тапсырма:
Сұрақ – жауап.
«Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.»
1.Сіздің анаңыз балаңызға кім болада?
2.Анаң қазір қастарыңда отырғанына қуаныштысыңдар ма?
3.Балаңыздың туған күні қашан?
4.Анаң сені жақсы көре ма?
5.Балаңыздың туған күні қашан?
6.Анаңның телефон номерін жатқа білесің бе?
7. Балаңыздың сүйікті  асы қандай?
8. Анаңның туған  күнін  білесің бе?
9. Сынып жетекшің мен тәрбиешіңнің аты – жөнін толық білесің бе?
10. Анаңның толық аты – жөнін  білесің бе?
11. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
12.Анаң осы өмірде кімді жақсы көреді?
13. Балаңызға ренжігенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
14. Аналарыңа хормен қандай тілек айтасыңдар?
15. Сіздер хормен  балаларыңызға қандай тілек айтасыздар?
 
- Бұл сұрақтарды қойып тұрған себебім, қазіргі өмірде түрлі жағдайлар болып жатыр, осындай сұрақтарға кез – келген уақытта жауап беруге дайын болайық деген ниетпен қойып отырмын.
«Бақытқа жеткізетін әрекет – тамаша әрекет»
Әл – Фараби.
2 тапсырма.
                            «Менің анам неге ұқсайды?»
( Ата- аналарға ескертіп айтып кету. Балаларыңыздың жауаптарына ренжімеңізде олар ешқашан өтірік айтпайды, көргенін білгенін айтады. Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға не жазсаңда, жазушының өз еркінде. Сол сияқты ағашты қалай қисайтсаң, солай өседі. Сондықтанда балада ағаш сияқты  солай өседі. Түзу жолмен жүріп, саналы азамат болып өсуіне ата – ананың қолында дегім келеді.)
Түрлі суреттерді столдың үстіне қойып қойып, оқушыларға таңдату.
( Жанды, жансыз суреттер)
  Сол үшін анамды қатты жақсы көрем!
Мен анашымның болғанына бақыттымын!
Мен анама бақыт тілеймін!
Мен анамды сүйемін!
...........
Суреттерді таңдап болған соң орындарыңа барып өз ойларын жазғанша  
 
Әділхан Жанелдің анасының орындауында      « Анашым»            ән тыңдап отырайық.
 
- Неге оған ұқсаттың?
- Себебін сұрап кету.
Жарайсыңдар оқушылар, жауаптарыңызға рахмет!
 
«Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады»
                                                   Ыбырай  Жақаев
 3 тапсырма. 
 
« Біз екеуміз бірге....» 
Коллаж  құрастыру.
- Сіздер қазір балаларыңызбен бірігіп тапсырма орындайсыздар. Мен сіздерге әртүрлі суреттер беремін. Сол суреттердің ішінен өздеріңізге ұнаған суреттерден коллаж жасап жабыстырасыздар. Сол суреттерден бақытты көруіміз керек.  Конверттің ішіне өздерінің суреттерін де салып қою. Жағымды, жағымсыз суреттерді де салу. 
 
- Оқушылар  жаңадан бері ата – аналарымызбен  бірге  әр түрлі тапсырмалар орындап өзіміздің көңіл – күйімізді көтердік деп ойлаймын.
( Біз сол үшін бақыттымын деп айтып кетсе)
- Біз үшін осының өзі бақыт емес пе?
1.Бала жақсы болса – қуаныш,
Жаман болса – күйініш.
2. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
3. Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер  - дегендей ана мен бала, әке мен бала  жақсы  қарым – қатынаста болса осының өзі де бақыт емес пе?
 
4 тапсырма.
Біз бақытты балдырған!
- Енді барлығымыз  экранға назар аударайық.  
- Балаларыңыздың интернаттағы қызықты көрністерін , бір күндік сәтін тамашаладыңыздар. 
- Қандай ой түйдіңіздер?
- 1 – 2 ата – анадан сұрап кету.
-  Енді оқушылардың еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздыр.
-Ата – аналарына арнап жасаған оқушылардың сыйлықтарын  береді. 
- Аналар өздеріңіздің балаларыңызға айтатын тілектеріңізді  шарға жазып берсеңіздер.
Ата – анаға жадынама.
« Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің»
1. Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады.
2. Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады.
3. Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні мойнына алуға бейім тұрады.
4. Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін сабырлы, ұстамды келеді.
5. Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады.
6. Кішкентайынан қатыгезді көп көрген бала өскенде дау – дамайдың қалың ортасында жүреді.
7. Кішкентайынан көп баланың ішінде өскен бала өте бауырмал келеді.
          Қорытынды.
Мұғалім: 
- Балаларыңыздың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы аналар сіздерге байланысты.
- Оқушылар сіздер болашақта ата – ананың үмітін ақтайтын азамат болады деген сенімдемін.
- Міне, балалар аналарың қастарыңда, көңіл – күйлерің  көтеріңкі, дендерің сау осының өзі – бақыт емес пе?
- Әрбір отбасына күннің шуағындай жылылық, қуаныш, береке тілеймін.
- Балалар,  сіздерге бақытты балалық шақ, бақытты өмір тілеймін.
Бақыт деген ән хормен айтады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
Анамның туған күні.
Мен бақытты баламын
Біз бақытты баламыз.
Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей.
Аяулы анашым.
Мәдениеттілік дегенді қалай түсінесіз?
Тіршіліктің тірегі ана
Анашым құдіретіңе табынамын
Ана – өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3983 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык