Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мен бақытты баламын


Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Мен бақытты баламын

Тәрбие сағатының мақсаты:  Бақыт  ұғымының   шексіздігін  ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу.  «Бақыт», «қуаныш»,  «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, слайд, постерлер

Сабақтың барысы:

І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Үнсіз сыйлық  сыйлау» ойыны арқылы жүргізіледі.

Шарты: қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақтағы  көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек. Барлық қатысушы сыйлықтарын сыйлап болғаннан соң, көршісі не сыйлағанын айтып, жақсы тілектер білдіреді.

ІІ. Топқа бөліну.  Қиындылардан суреттер құрастыру арқылы  3-топқа бөлінеді.

ІІІ. Ой қозғау.  Бақыт деген не? Әр топтан бір-бір оқушыдан өз пікірін білдіреді.  «Мен бақытты баламын» шығарма  оқу.

ІV. Мұғалім түсіндірмесі.   Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Сонымен  бақыт дегеніміз – біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз.  Балалық шақта асыр салып ойнаймыз. Мектепке  барамыз.  Мектепте  ең қызықты күндеріміз  өтеді. Өйткені қалам ұстап, оқуды, жазуды, достықты, сыйластықты үйренеміз.

V. «Бақыт деген не?»  сахналық  көрініс. Әкесі мен қызы

Айтшы,білсең егер де,

Әке,бақыт деген не?

Бақыт деген,шырағым,

Мына әсем тұрағың,

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт – дәні далаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?! Бақыт деген,сөзім шын – Айналайын өзіңсің!

VI. Ойын. - Балалар, бүгін біздің ауылымыздың  маңынан «Бақыт  керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін  ұғындық  қой. Біз оған көмектесейік. Бақытты адам күн сәулесіндей жан-жағына нұрын шашып тұрады. Сондықтан қалам алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөзді күн сәулелеріне жазып, бақыт керуеніне күннің жылы нұрын шашып, бағыт берейік.

VIІ. Сергіту сәті  Бейнежазбадан  «көңілді  жаттығу»  биін  билейді.

VIIІ. Постер қорғау.  3-топқа тапсырмалар  беріледі.  Тақырыптар сырын ашу,  мына  жерде  боялмаған  суреттер  салып  тұр,  осы суреттерді бояп бүгінгі тақырыппен  байланыстырасыңдар.

1.Табиғат аясында біз бақыттымыз!

2.Жанұя жылы бақыт сыйлайды!

3. Тәуелсіз Отанымда бақыттымын!

IX. Қорытынды. Сонымен  бақыт дегеніміз - ой-арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы  балалық  шағымыз  екен.  Ән  «Бақытты балалық шақ»

X. Рефлексия.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бақытты балалық шақ»
Анамның туған күні.
Біз бақытты баламыз.
Біз - әлем балаларымыз
Біз – әлем балаларымыз
Балаға мейірім сыйла
Бақыт құсы қағаздан құрастыру
Біз бақытты балдырған, Тіршіліктің тірегі ана
Тіршіліктің тірегі ана
Анашым құдіретіңе табынамын
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 18807 | Қосты: Сарай Сәттігүл | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык