Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2137 |
|
|
|
Озық ойлы оқушы!
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы!
Мақсаты: 1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін
тексеру.
2) Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу
тілін дамыту.
3) Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар, кеспе әріптер т.б
Сабақтың түрі: жарыс
Өтілу барысы.
Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, оқушылар! Озық ойлы оқушы сайысына қош келдіңіздер!
Оқушылар: Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ғалия-Бану: Әр ғылымның бар бір төресі,
Тумарис: Оза алмайды жарыста тар өресі.
Аслан : Қайғырмаңыз қалсаңыз да ұтылып,
Айша: Жеңерсіздер кездесуде келесі.
Кәдірхан: Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Барлығы: Озып шықсын білетін мен ең күшті!
Мұғалім: Компьютер—сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің
Аздаған болса хабарың,
Ақпараттың заманы, дей келе сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастайық
1-бөлім: Ана тілі
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
а) Ахмет Байтұрсынұлы ә) Абай Құнанбаев б) Ыбырай Алтынсарин в) Шоқан Уәлиханов
2.Өлең жазатын адамды қалай атайды?
а) Жыршы ә) Суретші б) Әнші в) Ақын
3. Абайдың нақыл сөзін аяқта. “Адам баласының ең жаманы - ...” а) Білімсіз ә) Ақылсыз б) Әдепті в) Талапсыз
4. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?
а) Жұмбақ ә) Жаңылтпаш б) Аңыз в) Мысал
5. “Жаңбыр жаумаса – жер жетім” деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?
а) Қазыбек би ә) Әйтеке би б) Төле би в) Халық
6. “Ыстық қой, шіркін, туған жер!” деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
а) М. Мақатаевтың ә) Ж. Аймауытовтың б) Ж. Смақовтың в) С. Жүнісовтің
7.Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?
а) М. Мақатаевтың ә) Ө.Тұрманжановтың б) Ж. Смақовтың в) К. Ахметованың
8. Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады:
Неткен сұлу, неткен көркем,
.....
а) Көгінде күн нұрын төккен ә) Ел еркіндей бақыт тапқан б) Жерінде гүл жұпар сепкен
в) Осы менің туған өлкем
2-бөлім: Математика
1. 1 сағатта неше минут бар?
А) 50 мин Ә) 60 мин Б) 70 мин В) 40 мин
2. Айырыманың мәнін тап: 8 – 3
а) 5 ә) 4 б) 6 в) 3
3. 1 ғасырда неше жыл бар?
а) 50 жыл ә) 10 жыл б) 100 жыл в) 80 жыл
4. Бір жылда неше ай бар?
А) 10 ай Ә) 12 ай Б) 9 ай В) 11 ай
5. Теңдеуді шеш: 10-а=7
А) а = 5 Ә) а = 3 Б) а = 2 В) а = 4
6. Бір аптада неше күн бар?
А) 4 күн Ә) 5 күн Б) 6 күн В) 7 күн
7. Ардақтың 10 қарындашы бар еді. Ол екеуін Жұлдызға берді. Ардақта неше қарындаш қалды?
А) 6 қ Ә) 7қ Б) 8қ В) 2қ
8. 1дм –де неше сантиметр бар?
а) 20 см ә) 10 см б) 8 см в) 9 см
3-бөлім: Қазақ тілі
1. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.
а) тау ә) сусын б) әуен
2. Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.
а) бұзау ә) қозы б) лақ
3. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
а) мал ә) бұлақ б) кітап
4. Ұяң дыбыстан басталған сөзді тап.
а) ғарыш ә) ұршық б) парақ
5. Дұрыс жазылған сөзді тап
а) Сайа ә) Сая б) Сайи
6. Мәтіннің неше түрі бар?
а) 4 ә) 3 б) 5
7. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді ата.
а) сұраулы ә) лепті б) хабарлы
8. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
а) 3 ә) 2 б) 4
4-бөлім: Дүниетану
1. Тірі табиғатты тап
а) ай, күн ә) ауа, жылу б) адам, өсімдік в) машина, парта
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
а) 2 ә) 3 б) 5 в) 4
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат ?
а) су ә) топырақ б) ауа в) саз
4. Көру мүшесі
а) Құлақ ә) Көз б) бас в) мұрын
5. Есту мүшесі
а) тіл ә) көз б) құлақ в) қол
6. Судың түсі
а) мөлдір ә) ақ б) қоңыр в) қара
7. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
а) сағат ә) тұсбағар б) қоңырау в) сызғыш
5-бөлім: Ойлан, тап!
1.Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ.
А) Қоян ә) қасқыр б) түлкі
2.Ән салады чемодан.
Ішінде жүр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған.
А) Телевизор Ә) Тоңазытқыш Б) Кітап
3. Көк ала кастюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
А) Қауын Ә) Алмұрт Б) Қарбыз
Қорытынды:
Оқушылардың ұпайларын есептеп Озық ойлы оқушыны марапаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |