Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойлы болсаң, озып көр


Ойлы болсаң, озып көр

Тақырыбы:Ойлы болсаң, озып көр.

Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау; 
1. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету;
2. Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту; 
3. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріптер мен сөздер, слайдтар, топ атаулары, бағалау парағы 
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы: 
І .Ұйымдастыру
- Балалар, өздеріңіз көріп отырған боларсыздар, біз екі топқа бөлініп отырмыз. Қазір мен алдарыңызға қағаздар беремін. Ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар. Сіздер сол сөздердің ретін тауып, дұрыс қойсаңыздар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіздер. Қане, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріне қарай топтарға ат беріледі.
тәуелсіздктің 
Н.Ә.Назарбаев
ұрпақ — діңгегі. алтын Білімді 
 
Адамгершілік
сөзден
«айналайын»
деген
басталады. 
- Қане, қандай сөйлемдер шықты?
Білімді ұрпақ – тәуелсіздіктің алтын діңгегі. Н.Ә.Назарбаев 
Адамгершілік «айналайын» деген сөзден басталады.
-Ендеше біздің бүгінгі "Ойлы болсаң, озып көр" атты сайыс сабағымызда сіздердің білімдеріңіз сыналады. 
Топтарға ат беру 
Бірінші тапқан топ – "Тапқырлар"
Екінші тапқан топ — "Зерделілер" 
 
Cайыс кезеңдері:
1. Сәлем берем халқыма
2. Кім жылдам?
3.  Қызықты төрттік
4. Жұмбақ шешу
5.Сурет бояу
6. Қолқа салу
7. Қорытындылау
 
1.«Сәлем берем халқыма» әр топ өздерін таныстырады.
2."Кім жылдам?" Әр топқа әріп таратамын. Cұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек.
Б әрпі 
1. Суды немен ішесің?
2. Сенің досың кім?
3. Жыл басын көрген жануар.
4. Қандай тағамды ұнатасың?
5. Арманың көп пе?
6. Түсіңде не көресің?
7. Қандай кітап оқисың?
М әрпі 
1. Қандай мамандықтарды білесің?
2.Болашақта кім болғың келеді?
3. Қалаға немен барасың?
4. Сүйікті пәнің?
5. Сенің көршің кім?
6. Қандай ертегі білесің?
7. Қазір не туралы ойлап отырсың?
3. "Қызықты төрттік"
- Бұнда өздеріңізге таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып, сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек, 5 ұпай аламыз.
Математика 
1. Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)
2. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)
3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?. (Ұзындығы мен енін қосып, екі еселейміз.)
4. 9 бен 4-тің қосындысы  нешеге тең? (13-ке)
Қазақ тілі
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)
2. Сөз неден құралады? (дыбыстан)
3.Қосымша нешеге бөлінеді? (2.жұрнақ және жалғау)
4. Мәтін түрлерін атаңдар (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
Ана тілі 
1. Бейне сұрақ Бұл кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
2.Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
3. "Түн ұйқысын төрт бөліп" деген жолдар кім туралы? (ана туралы)
4.»Жылу» өлеңінің авторы?(Ф.Оңғарсынова)
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? (ауамен)
2. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
4. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
4. "Жұмбақ шешу"Жұмбаққа дұрыс жауап берген топтың, әр дұрыс жауаптарына 1 ұпайдан беріледі.
Тоңғақты таниды, беті – қолын қариды. (Аяз)
Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық. (қар)
Тал басында түндіксіз отау (Ұя)
Қыс болса құрып өрмегін, салды небір өрнегін (Қырау)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн)
Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
 Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай- шу. (түлкі)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі қорыққан. (Жылан)
Тоқыған ауы – шыбынның жауы (Өрмекші)
5.»Сурет бояу»
-Оқушыларға боялмаған суреттер беріледі.Соларды бояйды.
6. "Қолқа салу" жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, т.б.) 7.Қорытындылау. Әділ қазылар ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Қызықты математика
Ел тірегі- білімді ұрпақ
Қос сөздер
Қайырымдылық
Ойлы болсаң, озып көр
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Қар
Тіл фестивалі "Ойлы болсаң, озып көр"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3951 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык