Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3122 |
|
|
|
Жыл басы - Жылқы
Ашық тәрбие сағаты: Жыл басы - Жылқы
Мақсаты:
Білімділік - Оқушыларға жылқы жануарының ерекшелігі және шығу тегі, жіктелуі пайдасы туралы түсіндіру.
Дамытушылық - Төрт түлік мал туралы білімдерін ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушыларды жылқы жануарын қастерлеуге, жылқыны күту, баптау, міну сияқты ұмытылған дәстүрлерді үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Таблицалар, «Жылқының жасы», «Ер – тұрман әбзелдері», Ер – тоқым (жүген, ер, тоқым, шідер, шылбыр, тартпа, үзеңгі), Цитаталар, Буклет «Ұлттық ойын түрлері», Жылқы туралы газет материалдары
Барысы:
1. Кіріспе.
2. Жылқының шығу тегі.
3. Жіктелуі.
4. Ерекшелігі.
5. Ер – тұрманы
6. Желден жүйрік жануар. (ән - жыр)
7. Қорытындылау
1. оқушы. Азиза
Баяғыда 4 жігіт мал бағыпты 4 түлік:
Ойсыл қара түйені
Алыбым деп сүйеді
Мақтайды кеп шұбатын
Шипа болып жұғатын
Кірешінің бағы бар
Көлігі ғой жануар.
Қамбар ата қанатты
Жылқы бағып қарапты
Сары қымызы сары бал
Шөлдемейсің қанып ал
Туған елді сен депті
Күзетуге мін депті.
Зеңгі баба сиыр деп
Қояды екен күлімдеп
Құрт ірімшік, майлары
Бәрінен де пайдалы:
Сүт ішсін деп халықты
Сиыр жайып бағыпты.
Шопан ата майда мал
Жүрген жерде пайда бар
Жүні шекпен болады
Төлі көптен болады
Қалмайды деп көңілің
Қой бағыпты өмірі
Осылайша 4 жігіт
Ойсыл қара, Қамбар ата
Зеңгі баба, Шопан ата
Мал бағыпты 4 түлік
Түйе, жылқы, сиыр, қой.
- Сонымен балалар, 4 түлік малға не жатады екен:
- Халық ұғымында әр малдың пірі. Иесі бар деп түсіндіреліді. Мысалы, жаңа айтылып кеткендей түйеде – Ойсылқара, жылықының пірі Қамбар ата, сиырда - Зеңгі баба, қойда - Шопан ата.
- 4 түлік малдың төлдерін қалай айтамыз?
- 4 түлік малды қалай шақырамыз?
2 оқушы. (Жүмбақты оқушылар шешеді)
- Балалар – ау, балалар
Мен бір жұмбақ айтайын кім жауабын таба алар, зерегіңді байқайын.
Ертеменен айқайлап,
Қайда екен деп ақылдым
«Ауқау – ауқау, ауқаулап»
Қай төлді мен шақырдым.
Шұнтықдаған неме деп
Қойса жақсы келе деп,
«Шөре – шөре. Шөрелеп»
Қай төлді мен шақырдым.
Жүрмесін деп қалып қап,
Қайта – қайта дауыстап,
«Қауыс, қауыс, қауыстап»
Қай төлді мен шақырдым?
Құйрық жалы суылдап,
Тез жетсін деп зуылдап
«Құру, құру құрулап»
Қай төлді мен шақырдым?
- Атам қазақ «мал – жан аман ба?» - деп алдымен 4 түлік малының жай – күйін түгендеген. «Құдайға шүкір, жақсы» деген жауап алса иесінің де жағдайының жаман еместігі деп қабылдайтын болған. Қазақ халқы мал өнімдерін тіршілік құралы етіп пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсатып отырған. Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы. Халық ұғымында қазақ, дала, жылқы деген сөздер бір – біріне етене жақын. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бері ең көп өсірген малы және 4 түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да жылқы.
3 оқушы. Нұрлан
Жылқы ең адымен өте ерте кездерде басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені сол замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен.
Жылқы екі тектен тарайды. 1) Тарпаң. 2) Керқұлан.
Керқұланды Пржевальский жылқысы деп те атайды. Ол осы жылқыны алғаш кездестіріп, әрі сипаттап жазған әйгілі саяхатшының есімі.
4 оқушы.Асылжан
Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін зауыттары мен шаруашылықтарында жылқының 17 тұқымы өсіріледі.
1. Қазақы жылқы. 2. Мұғаджар жылқысы. 3. Адай жылқысы 4. Көшім жылқысы
5 оқушы. Дәурен
Жылқыны қадір – қасиетіне қарай «арғымақ», «жабы» деп бөледі. Арғымақтарды халық өте жоғары бағаланған. Олар негізінен адамға адал дос бола алатын әрі жүйрік, әрі алғыр жылқы тұқымдары болған. Сондықтан да арғымақтан шыққан ерекше тұлғаларын ерте кездерде «тұлпар», «сәйгүлік», «пырақ», дүлділ деп атаған. Көркем шығармаларда да батырлардың сенімді серіктері аттары болған.
Алпамыстың аты Бейшұбар, Қобыландының аты Тайбурыл,
Ер тарғынның аты Тарлан.
6 оқушы.Мадина
Жылқы малы мүшелдік он екі жылдың құрамына қасиетті жетінші болып енген.2014 жыл жылқы жылы.
7 оқушы.Ислам
Жылқының жүрісіне қарай жіктеп, мынадай түрге бөледі: Аяң, жорға, бүлкек, шабыс. Жылқы малының ең бояу қозғалысы аяң. Оны бүлкек, шоқырақ деп бөледі. Ең жылдам қозғалысы шабыс.
8 оқушы. Бекарыс
Жылқының жасына қарай атаулары да бар. Жылқының жаңа туған төнін құлын дейді. 6 айдан 1 жасқа дейінгісі жабағы, 1 жастан асқаннын тай, 2 жастан асқанын құнан, 3 жастан асқанын дөнен, 5 жасарын бесті ары қарай жасын қосып айта береді.
9 оқушы.Эдуард
Жылқы малында аналық мейрім де керемет. Соңынан құлыны, тайы ерген билер қар тепкенде әуелі өзі оттамасада, құлындарына шөп алып береді, Олар біраз қаужалап алғаннан кейін ғана өзі оттайды. Жылқы малының тағы бір ерекшелігі өз үйіріне түспейді.
10 оқушы.Жансая
Жылқы малының тағы бір ерекшелігі жылқының терісінің иесіне жылан жоламайды. Далаға қонғанда адам жылан келмесін десе, аттың ер - тұрманын айнала жайып тастайды. Ал жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе мыңда бір ем болады.
11оқушы.Ерасыл
Жылқы малы 33 жасқа дейін жасайды. Орта жасы 15 - 16 жыл. Әр мезгілде малдың жүнін алудың да атау түрлері бар. Мысалы, қойды қырқады, түйені жүндейді, ал жылқыны күзейді. Төрт түлік малдың төлдеу мерзімі де әр түрлі. Түйе 12 ай, сиыр 9 ай, ешкі 5 ай, ал жылқы 10 ай.
12 оқушы.Дильназ
Жылқының етінің өзге малдың етінен қуаттылығына тағы бір мысал: өзге малдың денесіне жаздыгүні жара түссе шыбын қонып құрттайды. Оны емдемесе, құрт ішіне түсіп, өліп қалады. Ал жылқының еті құрттаса таза етіне жеткеннен кейін өліп, түсіп қалады
13 оқушы. Абдуллах
Жылқы жануары лай суды ішпейді, сасыған суға жоламайды. Ол тұнық таза суды жүзіп жүріп ішеді. Шөптің асылын теріп жейді. Сондықтан жылқының еті де, сүті де құнарлы. Жылқының сүті қымыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмі. Қымыздың құрамында ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратын В тобы витаминдері бар. Қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымызды сабаға немесе күбіге құйып ашытады. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. Саба жылқының терісінен жасалады.
14 оқушы.
Қылы да ем. Оны жағып, күлін ауызы уылған баланың аузына, адамның күйген жеріне сепкен. Суық тиіп, ауырған адамдарды жылқының жүрек майын аз – аздан шикіден жегізіп отырған.
15 оқушы.
Жылқының бір жылдық ауа – райын болжайтын қасиеті де бар. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады. Жылқы басын көп шұғыса, келер қыс жайсыз болады. Ата - бабамыз қымызы бал, еті дертке дауа, мінсе ер қанаты болған Қамбар ата тұқымын осындай көреген жаратылысы, сезімталдығы үшін де ерекше пір тұтқан.
16 оқушы.
Атқұмар шетінен шабандоз бабаларымыз ат үстінде небір ептілік, батылдығын, да көрсете білген. Ұлттық ат ойындарына: теңге алу, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, бәйге жатады.
1. Ер – тұрман салт атқа міну үшін қажетті жабдықтар. Ер – тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ердің ағаштан жасалған бөлігі сүйегі деп аталады. Ердің сүйегін бірнеше бөліктен қиғаластырып жасайды. Оны құранды ер деп атайды. Сол сияқты жуан ағашты екіге жарып әр бөлігінен сүйегін тұтас шауып шығуға да болады. Қарапайым шаруа ерлерін, көкпарға сайысқа пайдаланатын ерлерді онша әшкейлемеген. Өйткені безендірілген ер – тұрман салмағы ауырлау болады, алыс жолға жарамайды. Әшекей бұйымдармен әйелдер мінетін ерді безендіреді. (күміс, алтын)
2. Тоқым. Ер ағашының астына төселеді. Тоқымның да түрлері болады. Тебінгі, ішпек, терлік. Тоқымның барлығы да киізден жасалады.
3. Жүген, ноқта, шылбыр, құйысқан, үзеңгі туралы айтылып көрсетілді.
4. Ердің қарапайым түрі ашамай. Ол кішкентай балаларды атқа отырғызып үйрету ұшін қолданылады. Суреті көрсетілді. (Тақтадан таблицадан көрсетіліп, қайталанды.)
- Тағаны есіктің маңдайшасына іліп қояды. Яғни, тағаны тауып алған кісі талайлы болады., бақ қонады деген ырым бар. Тағаны шеге сақтайды. Таға жүйрікті сақтайды. Жүйрік жігітті сақтайды, жігіт елін сақтайды деп ырым етеді қазақ халқы.
- Жылқы малы туралы сөз қозғалғанда елең етпейтін қазақ жоқ. Ақын, жыраулар жылқы малы туралы жүрек тебіреністерін ерекше айшықты өрнектер арқылы жеткізген.
1. (Ақтамберді жырау:)
Арудан асқан жан бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бал
Қымыздан асқан дәм бар ма?
Желіде құлын жусаса
Кермеде тұлпар бусанса
Сәні келер ұйқының
Жылқы қолдан тайған соң
Қызығы көркі құлпында
Жігіттің көркі жылқыда!
2. Аттың сыны.
3. Жылқышы әні.
4. Боламын мен жылқышы.
5. Оқушылардан жылқы туралы мақал – мәтел, тиым сөздері сұрап
Қорытындылау
«Арық атқа қамшы ауыр»
«Тай атқа, ат мұратқа жеткізер»
«Жақсы ат – жанға серік»
«Ат мінбеген ат мінсе, шаба - шаба өлтірер»
Тон кімеген тон кисе, сілке – сілке тоздырар
«Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі»
«Жаманға мал бітсе, жақынын танымас»
«Жүгенсіз атпен шаппа»
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |