Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылқы



 

Жылқы

Тақырыбы: Жылқы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жылқы туралы толық ақпарат беріп, білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейтіп, «жеті» қазынаның біріне бағаланғанын түсіндіру, көрнекілік арқылы оқушыларға жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушыларға мәтінді нақышына келтіріп оқыту, түсінгенін әңгімелеп, оқып айтып беру дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: «Жылқы» деген қасиетті жануарды сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.

Көрнекілігі: Ол кім? Бұл не? энциклопедиясы, жылқылардың суреттері.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық сұрақтар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, олардың назарларын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

Сөзіңізді тыңдаймыз,

Ойға тоқып, сақтаймыз,

Білім нәрін жинаймыз,

Деп сабақты бастаймыз.

III. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қызығушылығын ояту

Бірде бір жас бала Төле биге келіп:

- Билік артық па, дүние-мүлік, байлық артық па?- деп сұрайды. Төле бидің балаға не деп жауап бергенін білгілерің келе ме?

Біліп айтқан сөзге күн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңен кетпейді,- деп баланың сұрағына жауап берген екен.

  • Нені артық деп тапқан?
  • Білім.
  • Тек білім ғана бізді дамыған елдер қатарына жеткізеді.

«Еліміздің келешегі- білімді ұрпақ»

Төле бидің жауаптарын бүгінгі сабақтың міндеттерін орындау барысында анықтаймыз.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

Машкар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін оқып, мазмұнын әңгімелеу.

Сұрақ-жауап арқылы тексеру

- Машкар Гумеров туралы не білеміз?

- Балалар бақшада не істейді?

- Серік не нәрсеге таңданды?

- Картоп ауруы қалай аталады екен?

- Оны қалай емдеуге болады?

- Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады?

2 оқушы мазмұнын айту.

IV. Жаңа сабақ

  1. Кіріспе әңгіме

Ауыл шаруашылығына арналған өз үлестерін алып, өнім өндіреді.

Бақша, егін егу сияқты жұмыстар.

Жеке шаруашылыққа үкімет тарапынан көмек көрсетілуде. Шағын шаруа иелеріне үкімет құрал-жабдықтар мен қажетті заттарды сатып алып, өз жұмыстарын жолға қояды.

Мысалы: Қарқаралы ауданы Сламбек Қинаят туралы айту.

Ауылдағы шаруа қожалығы

  • Қандай шаруашылықпен айналысады?
  • Мал шаруашылығы
  • Осы төрт түліктің ішінде жылқы малы туралы С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқимыз.

V. Елес жетелеу. Ой қозғау

  • «Жылқы» жайлы не білеміз?
  • Жылқы пірі кім? –Қане жаза қойыңдар.
  1. Автор туралы қысқаша айту

С. Мұқанов майталмен жазушы. Қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан. Көптеген поэмалары, жинақтары бар. Тек қазақ тілінде ғана емес, шетел тілдеріне аударылған

2) Жылқы - малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Атамыз қазақ «ер қанаты –ат» деген. Осы төрт-түліктің ішінде жылқыны халқымыз ерекше бағалаған. Бүгінгідей машина жоқ кезде айшылық  алыс жерлерге ат мінген. Тұтқиылдан жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген. Оның қымызы өте құнды, шипалы, табиғи сусын. Қылынан арқан, жіп ескенде өте мықты болған. Еті өте жоғары сапалы тамақ. Қазысының тағамдық та, емдік те қасиеттері бар.

VI. Оқулықпен жұмыс

 Оқушыға әңгімені дауыстап, мәнерлеп оқыту.

VII. Сөздік жұмыс

Қос - уақытша баспана

Тебік - жылқы тұяқпен қарды ашып жайылатын жер

Борасын- қар аралас соққан жел

VIII. Тапсырма. Сұрақ-жауап

  1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?
  2. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таң қалдырған жайт болды ма?
  3. Жылқының адамға қандай пайдасы бар? Пікіріңді дәлелде.

Еті - өте жоғары сапалы тамақ. Қазысының тағамдық та, емдік те қасиеті бар.

Қымызы - өте құнды, шипалы, табиғи сусын.

Терісінің иісіне жылан жоламайды және түрлі бұйымдар жасайды (торсық, саба – қымыз сапыратын).

IX. 3 тапсырма. Топтастыру стратегиясы

1) Жылқыны жасына қарай қалай атайды?

 

                                                  1 жаста жабағы

 

                              3 жаста                                                                                            2 жаста

                                                       жылқы

 

                                 4 жаста                                     5 жаста

 

  1. Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?

Көк, Жирен, Күрең, Боз, Торы.

  1. Жүйрік аттарды қалай атайды?

Сәйгүлік, Тұлпар, Саңлақ, Арғымақ.

  1. Жылқыға байланысты ұлттық ойындар қалай аталады?

Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу.

Сергіту сәті

X. Жарнама

  • жылқы туралы көптеген мағлұматтар алдық;
  • Енді өскенде «Жылқышы» бола аламыз ба?
  • Ендеше өсіріп баптаған жылқыларыңды ұқсату үшін, яғни сату, айырбастау сияқты жарнама жасайық!

XI. Бұл қызық!

Жылқының сол жақ қабырғасы оң жақ қабырғасынан  артық болады. Санап көр, егер екі жақ қабырғасы тең болса, мұндай ат жүйрік болады, басқа аттарға жеткізбейді.

XII. Мақал-мәтелдер айту

Енді жылқы туралы білетін мақал-мәтелдерді айтайық.

  1. Ер қанаты – ат.
  2. Жылқының сүті – шекер, еті – бал.
  3. Жылқы – малдың патшасы.

XIII. Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдар

XIV. Ойын «Дыбыстар сөйлейді»

Ж – жүйрік

Ы – ысқырынады

Л – лай суды ішпейді

Қ – қасиетті

Ы – ырысты

XV. Сабақты бекіту

  • Әңгімедегі Мақан жылқышының жылқының қасиеттері туралы айтқан сөздері жайлы не түсіндік?
  • Әңгімеден Мақанның сөзін тауып оқып, оның сөзіне сүйеніп, қорытынды жасайық.

 Қорытынды. Атамыз қазақ жылқыны жеті қазынаның біріне балап, өте жоғары бағалап, қастерлеген. «Ер қанаты – ат» деп те тегін айтпаған. Ендеше, біз де жылқыны қастерлеуіміз керек.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Жылқы" . Сәбит Мұқанов .
Жылқы
Жылқы шаруашылығы.
Түлік төлден өседі
Төрт түліктің төресі
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары
Жыл басы - Жылқы
Бас әріппен жазылатын сөздер. «Бәсіре» Әдібай Табылды
Жылқы АШЫҚ САБАҚ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4825 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык