Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 1678 |
|
|
|
Нотариус – бізде қонақта
Сабақтың тақырыбы: Нотариус – бізде қонақта
Білімділік мақсаты : оқушыларға нотариус қызметінің түрлері туралы мәліметтер беру.
Тәрбиелік мақсаты :балалар жеке-жеке кейіпкер рөлінде ойнай отырып, өздерінің
құқықтарытуралы тәрбиелік түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты : балалардың сөйлеу тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық мақсаты : үнемі коррекциялық түзетулер жүргізу.
Сабақтың түрі : аралас, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер : плакаттар, құжаттар, үй кітабы, үй төлқұжаты, т.б.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі.
--- Амандасу.
--- Есту құралдарын тексеру.
Сөздіктер :
Нотариус –куәландыру, құжаттарға мөр басу.
Жылжымайтын мүлік – үй, саяжай, гараж, т.б.
Үй кітапшасы – үйдегі адам сандарының заңды түрдегі тізімі.
Комуналдық қызмет көрсету орталығы – жылу, жарық, газ, қоқыс, т.б.
Құрметті оқушылар, бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «нотариус-бізде қонақта» деп аталады. Сендер көшеде жүргенде «шаштараз», «дәріхана», «дүкен» деп жазылған мекемелерді көріп жүрсіңдер және олардың қызмет түрлерін бәрің де білесіңдер. Мен бүгін сендерге «нотариустың» қызметі туралы әңгімелейміз. Бізге қонаққа нотариус келді. Нотариустың рөлін 1 - оқушы орындайды. Сатушы рөлін 2-оқушы атқарады. Сатып алушы рөлін 3-оқушы ойнайды.
Сатушы – 2-оқушы : Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?
Нотариус – 1-оқушы : Кіріңіз.
Сатушы – 2-оқушы : Мен үйімді сатқалы жатыр едім. Сол туралы сізбен ақылдасқалы келіп
отырмын.
Нотариус – 1-оқушы : Сіз өте дұрыс және заңды жасағалы отырсыз. Сіз үйіңізді сатуыңыз үшін
алдымен сатып алушыны табыңыз.
Сатушы – 2-оқушы : Мен сатып алушыны таптым. (Сатып алушы қасында)
Нотариус – 1-оқушы : Сатушы сізден үйдің төл құжаты, үй кітапшасы, коммуналдық қызмет
көрсету орындары мен бережақтары жоқ деген анықтамалар қажет.
Сатушы – 2-оқушы :Міне, үйдің төлқұжаты , үй кітапшасы, коммуналдық қызмет көрсету
орындарының анықтама қағаздар және үй кітапшасына тіркелушілер.
Нотариус – 1-оқушы : Тіркелушілердің төлқұжаттары бар ма?
Тіркелушілер – 3-4-оқушы : Міне менің төлқұжатым (2-3 адам)
Нотариус – 1-оқушы : Сатып алушы, сіздің төлқұжатыңыз қайда?
Сатып алушы – 5-оқушы : Міне менің төл құжатым
Нотариус – 1-оқушы : Үйді сатып алуға дайын болсаңыз, құжаттарды дайындаңыз.
Сатушы сіз үйіңізге қанша сұрап тұрсыз?
Сатушы – 2-оқушы : Мен үйіме 10 000(он мың) доллар сұрап тұрмын.
Нотариус – 1-оқушы : Сатып алушы, сіз осы бағаға келісесіз бе?
Сатып алушы – 5-оқушы : Мен осы бағаға келісемін.
Нотариус – 1- оқушы : Тізімде тұрған азаматтар осы бағаға келісе ме?
Тіркелушілер – 3-4-оқушы : Келісеміз. (2-3 адам)
Нотариус – 1-оқушы : Мына жерге сатушы және тізімдегі азаматтар өз қолдарын қойсын.
(Сатушы, тізімдегі азаматтар, сатып алушы өз қолдарын қояды.)
Нотариус – 1-оқушы : Сатып алушы қазір сатушыға үйінің ақшасын төлеңіз.
(Сатып алушы сатушыға ақшасын төледі)
Нотариус – 1-оқушы : Заң бойынша жылжымайтын мүлік (аты-жөні) сіздікі болып
есептеледі. Пәтеріңіз құтты болсын! (Ду қол шапалақ)
Сабақты бекіту : Балалар үй сатып алу үшін не істеуіміз керек?
1. Бірінші немен таныстыңыздар?
Нотариустың қызметімен таныстық.
2. Екінші неге куә болдыңыздар?
Сатушы мен сатып алушының арасындағы қажет құжаттар көрсетілді.
3. Үшінші нені көрдіңіздер?
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім құжаттарды куәләндіру барысын көлдік.
4. Төртінші нені байқадыңыздар?
Сатып алушы сатушыға мүліктің ақшасын төледі, нотариуске куәләндірді.
5. Бесінші нені байқадыңдар?
Сатушы мен сатып алушының қуанышын байқадық.
6. Нотариус бізге не үшін қажет?
Нотариус құжаттарды заңды түрде бекіту үшін қажет.
7. Үй сатып алу үшін алдымен не істеуіміз керек?
Үй сатып алу үшін алдымен нотариуске жолығу керек.
Сабақты қорыту : бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |