Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 3865 |
|
|
|
Тамырын жайып тереңге
Тақырыбы: Тамырын жайып тереңге
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата- баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру;
Міндеттері:
- балаларға отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;
- туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктері мен отбасындағы жағымды қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Ауылым-әнім
Сөзі: Б. Тәжібаевтікі
Әні: Е. Хасанғалиевтікі
Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың.
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың
Ғашық едім қыр гүліне
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткерген бір күніме
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды
Жанға ләззат әперетін
Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын
Саған жырдан сый арнағам
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған
Сүйе алар ма туған елін.
Әңгімелесу:
1. Өздеріңнің жақындарыңа деген сый-құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?
2. Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санааса білесіңдер ме?
3. Отбасындағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма? Ал алуан түрлі болса ше?
4. Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс:
П. Джонның «Боз орамал» шығармасын оқушыларға оқыта отырып, ата-ана қадірін, махаббатын, баласына деген пәк жүрегінің лүпілін түсіндіру.
1. Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себеін қалай түсіндіресіңдер?
3. Оның сағынышының сыры неде деп ойлайсыңдар?
4. Ата-ананың ұлына деген сезімін сыйпаттап беріңдер?
Тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Өз ата, әжелеріңнің өнегеліістерін әңгімелеп беріңдер.
М. Мақатаев
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы –қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт –бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки нелерің бар, Аталарым,
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем.... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Сахналау
1. Бізді бағып-қағу үшін анам мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін. Бұл жағдай мені қатты ұялтатын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді. Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой»,-дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсуге қалай ғана дәті барды екен? Анама: «Мені осылай ұялтқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы еді»,-дедім.
2. Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі дәмді ас даярлапотбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр. Телефонның даусы естілгенде, анасы мен әкесі тұтқаға қатар жүгірді. Баласы:
- Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз, онда сіз жасаған тамақтардан да керемет, сіз жасаған тәттілерден де дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр,-деді Анасы:
- Жарайды, балам, абайлап жүр деді.
Қарама-қарсы жақтардыңидәлелдері қандай болады?
Оқиғаның нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыңдар? Өз нұсқаларыңды сахналау арқылы ұсыныңдар.
Сергіту сәті
Релаксациялық жаттығу
«Жағалаудағы менің үйім» жаттығуы
Шығармашылық жұмыс
1. Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?
2. Ағалыққа немесе әпкелікке тұрарлық қандай іс жасап жүрсің?
3. Лайықты іні немесе қарындас болып жүрсің бе?
Тапсырма:
«Отан отбасынан басталады» атты шағын әңгіме жазу.
Түйіндеме:
ОТБАСЫ-
1. Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді
2. Жақсылыққа жетелейді,
3. Әрқашан қамқоршың, тілеулесің болады;
4. Білім алуға, еңбектенуге
үйретеді
5. Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып,
Қ. Жұмағалиевтің «Анашым» өлеңін айтады.
Анашым
Сөзі: Қ. Жұмағалиевтікі
Әні: м. Омаровтікі
Шет жүрсем- сағынарым,
Жабықсам-шағынарым.
Анашым, бір өзіңсің-
Табынарым.
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмын.
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын
Қайырмасы.
Қорғаным өзің деймін,
Жан дауа- сөзің деймін.
Анашым сені ойласам,
Көз ілмеймін...
Қайырмасы.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |