Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ПЕДАГОГТЫҢ ОҚУ –ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ


ПЕДАГОГТЫҢ ОҚУ –ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ

ПЕДАГОГТЫҢ ОҚУ –ТӘРБИЕ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ

Бұл тақырыпта мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы аймақтық компонент түрлерін пайдалану туралы айтылады. Аймақтық компонентті тәрбие сабақтарында әр түрлі тақырыптарда пайдаланады.

“Туған өлкенің өткенін білмеген,
ертеңін біліп жарытпас”
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз.
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі- экологиялық мәселелер, табиғатты қорағау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында “Қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеу, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғау, тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі” делінген. Бұл таңда жас ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Бүгінгі күннің талабына сай егеменді еліміздің білім беру жүйесінде пәндерді, тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды экологияландыру жаппай қолға алынуда. 
Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс тірішілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
ҚР “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (73-74 баптар. 3 ші тармағында), ҚР “Білім туралы” Заңдарында (3 бап. 4 тармақ) экологиялық білім және тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген. Сондықтанда бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі-оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, қорғап, аялай білетін адамгершілігі мол туған өлке табиғатының байлығын сақтап және молайта түсу сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі кезде барлық азамат алдында күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау. Қазіргі кезде айналымыздаға ортаны қорғаумен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліп назар аударып отыр.
Экология сөзі “тіршілік ету міндеті” немесе “ “өмір сүрген орта” туралы дегенді білдіреді.
Экология қоршаған ортаның ластанбауын, адам өміріне зиянын тигізбеуін, таза болуын қарайды. Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздің бәрі “табиғат” деген ғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Табиғатты қорғау адамзаттың міндеті, әрі парызы.
Өйткені өз елін жерін силамаған өзгені де сыйламайды. Кейде бала түгіл үлкендеріміз аяғының астында жатқан байлақты, қасында жүрген ардақты адамдарды да байқамайды. Көрсе де бала жасынан қанына сіңбеген, санасына жетпегендіктен адам күйкі тіршілікнің жетегінде кете барады. 
Туған жер табиғаты сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады.
Сол себепті, мен және менің әріптестерім өз сабақтарымызда да, тәрбие сабақтарымызда, сыныптан тыс жұмыстарымызда да аймақтық компонентті жиі пайдаланамыз.
Жергілікті аймақтық компоненттерді пайдалана отырып, аймағымыздағы жетістіктерді, қайталанбас ерекшеліктерін кіріктіре отырып, оқушылрды елжандылық рухында тәрбиелеуге мүмкіндік жасауға болады. Оқушыларға аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып түрлі тапсырмаларды орындату арқылы жеке тұлға қалыптастыруға болады.
Мен өзім жетекшілік ететін сыныпта “Аяласаң табиғатты аяла”, “Туған жерім алтын бесігім” атты тәрбие сағаттарын өткіздім.
“Туған жерім-алытн бесігім” атты тәрбие сағатының мақсаты: 
1.Оқушылардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға және өзінің туған жеріне деген көз қарастарын қалыптастыру.
2.Тұғыл қонысы, Зайсан көлі, Тарбағатай тауларының тарихы.
Көрнекілігі тақарыпқа сай газет шығарылды; Табиғатты қорғау туралы нақыл сөздер жазылды.
“Бір тал кессең, он тал ек”
“Сулы жер-нулы жер”
“Көлдің көркі-құрақ, таудың көркі бұлақ”.
“Бұлақ көрсең көзін аш”
“Су табиғаттың ажары”
“Су біткен жерде өмір де бітеді”
“Судың да сұрауы бар” ж.т.б.
Табиғат көріністерінен слайд.
Кіріспе сөз:
Бұл Ертіс-тау тас жарған, асау долы
Алтайдың кең құрсағы шыққан жері.
Ертіске қойнын ашып жол салдырған,
Алды Алтай, сырты Сауыр-Зайсан көлі.
Сол көлдің тұмсығында Тұғыл тұрған,
Айнала қоршағандай көлден қорған.
Жиылып әр тараптан орыс-қазақ
Үй салып осы араны мекен еткен.
Сынып үш топқа бөлініп, алдын ала берілен тапсырмалар бойынша жұмыс жасады.
I-тур “Туған жерімнің тарихы”
I-топ- Тұғылдың шығу тарихы
Тұғыл - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты елді мекен. Тұғыл қонысының өзге елді мекендерге ұқсамайтын өзіндік тарихы бар. Көнекөз қариялардың айтуынша ескі Тұғылдың орнында қалың орман болып, елдер масадан қашып, кең жайлайды екен. Содан сол ағаштарды кесіп әкете әкете ағаштың түбірі мен тұқылы ғана қалған. Содан Тұғыл (Тұқыл) деген ат пайда болған-мыс. Тұғыл қонысында 5000. Тұғыл қонысында екі орта мектеп, аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, балық комбинаты, мешіт жұмыс істейді.
II-топ – Тарбағатайдың шығу тарихын баяндап айтып берді.
Тарбағатай, тау -Алакөл мен Зайсаң көлдерінің аралығындағы биік жон, жота (Қазақстан Республикасы мен Қытай шекарасында), ұзынд. 300км-ге жуық, биіктігі 2992 м. Сланец, әктас, қиыршық тастар мен граниттерден пайда болған. Тау етегі кең жазық болады. Ғ. Қоңқашбаев: «Бұл Маңғолдың тарбаған (суыр) деген сөзінен қойылған. Монғолияда жиі кездесетін атау»,-дейді. А.Абдрахманов: «Тарбағатай атауы монғолща тарбаға (н) сөзі мен- тай жұрнағының қосылуынан жасалған. Сөз аяғындағы н дыбысы әдетте монғол тілінде жұрнақ жалғанғанда түсіп қалады», -деп жазды. Ал Е. Қойшыбаев пікірі бұған қарама-қарсы. Оның пікірінше: « Түр. Тарбаған («суыр») және тай («тау») сөздерінен қалыптасқан атау. «Суырлы тау мағынасын береді»
III-топ “Зайсан көлінің аталу тарихы”
Шалқыған Зайсан көлі. 1917 жылы И.Калмыков басқарған бірінші орыс экспедициясы Зайсан көліне келіп, көлді Қызыл Пу кейінен Корцан деп атайды. Толқындап шулап жатуына байланысты Хуань-Хоту Нор және Хошту-Нор деп Қытайлықтар ат қойыпты. Аудырмасы “Қоңыраулы көл” дегенді білдіреді. Бұл ағынды көл, оған бірнеше кішігірім өзендер келіп құйады, олардың ең ірісі- Қара Ертіс.
Ертеректе жаудан қашып, азып тозып келе жатқан бір тайпа ел, осы көлді кездестіреді. Неткен жайсан жер!- деп таңырқап, көлдің жағасына қоныстаныпты. Кейін ЖАЙСАҢ сөзі-Зайсан болып өзгеріп кеткен.
II-тур “Табиғат алтын бесік”
Бұл турда оқушылар туған өлкеміздің табиғаты, жері, суы жайында жазылған жергілікті жеріміздің ақын жазушыларының өлең шумақтарын оқыды.

III-тур “Ой-қазына”
Әркез есіңе сақта
1. Ең негізгі байлғың-еліңмен жеріңді, тіліңмен дініңді құрметте.
Егер еліңді жамандасаң-көмусіз қаласың,
Жеріңді жамандасаң-кебінсіз қаласың.
Тіліңді қорласаң-қадірсіз боласың
1.Жер ата-бабаңнан қалған қасиетті қоныс, болашақ қазақтың алтынын қорға, топырағын бұлғама, суын улама!
Қазақ халқының тәрбие құралы тыйым сөздер. Табиғат жер жайында тыйым сөздер айтылады. Қазақ халқының тәрбие құралы тыйым сөздер. Табиғат, жер жайында тыйым сөздер:
Жерді сабама, тепкілеме;
Жерді сызба;
Жұлдызды санама;
Көкті жұлма;
Құс ұясын бұзба;
Түнде суға барма; және тағыда басқа тыйым сөздер айтылып, оның мағынасы ашылып, толығымен жеткізілді.
IV-тур “Экология-ел тағдыры”- атты ЭССЕ жазылды.
Тәрбие сағаты жергілікті жердің әуесқой композиторы Сайлау Жакеновтың “Тұғылым” әнімен аяқталды.
Қорыта келгенде аймақтық компонентті, жергілікті жер материалдырын сабақтарда, тәрбие сағаттарында пайдалану оқушының ой өрісін, ойлау қабілетін дамытады.
Оқушы нақты материалды пайдалана отырып, өздігінен ізденіп жумыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен қорытынды шығаруға үйренеді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аяулы анашым.
Экология – ел тағдыры
Тілдің мәні мен қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Тіл- тарихи құбылыс
Қазақстан табиғаты. Жалпы және жалқы зат есімдер
Физика және Қазақстан энергетикасы
Polyglot полиглот
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2808 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык