Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 4895 |
|
|
|
Бактериялардың құрылысы мен тіршілігі
Тақырыбы: Бактериялардың құрылысы мен тіршілігі
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: «Сүт қышқылы бактерияларын, цианобактериялар мен пішен таяқшасын микроскоппен қарау.»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау; оларды жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік иелері бактериялармен таныстыру; Бактериялардың құрылыс, қоректену, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың өсімдіктерден айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өздігімен танып – іздену іс-әрекетінің әдістерін белгілі бір дәрежеде белсендірілуіне талаптандыру; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық білім беру; салауатты өмір салтының ұстанымдарын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер: бактериялар – ең алғашқы тіршілік иелері, прокариоттар, жасуша қабықшасы, жасуша қабықшасының жартылай өткізгіштігі, капсула, тұқымқуалаушылық ақпарат, ДНҚ, ядро, талшықтар, кірпікшелер, аэробты, анаэробты бактериялар, автотрофты, гетеротрофты бактериялар, цианобактериялар(көк-жасыл балдырлар).
Көрнекілігі:«Тірі табиғат патшалығы», «Прокариоттар», « Бактериялардың пішіндері», « Өсімдік жасушасының құрылысы», кестелері. 7 сыныпқа арналған электрондық оқулық.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың құрал – жабдықтарын, сабаққа дайындығы мен қатысуын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
II.Білімін тексеру.
Сұрақ – жауап.
1.Ағзалық тіршілік әлемі неше топқа бөлінеді?
2.Вирустар қай топқа жатады? Вирус дегеніміз не?
3.Ядро дегеніміз не? Оның атқаратын қызметі қандай?
4. Бактериофагтар туралы кесте бойынша айтып беру.
5. Вирустарды кім ашты?
6. Вирустар тудыратын ауруларды сипатта.
III.Жаңа сабақ жоспары.
Әдісі: әңгімелеу, пікіралысу, кестелер, электрондық оқулық арқылы көрсетіп, түсіндіру.
Мұғалім:
Бактериялар – Жер бетінде тіршілік ететін өте көне ағзалар.
Алғашқы бактериялар 13 миллиард жыл бұрын пайда болған.
Сендер білесіңдер бактериялар, көк - жасыл балдырлар бытыранықтар дүниесіне жатады. Олар – прокариоттар.
Бұл нені білдіреді? (оқушылар жауап береді) Бактерияларда ядро болмайды, олар ядросыздар, немесе ядроға дейінгі ағзалар.
3.Бактериялардың құрылысын кестеден көрсету арқылы түсіндіру:
2)Бактериялардың ашылу тарихы.
4) – Микробиология ғылымы нені зерттейді?(оқушылар жауап береді) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейді.
5) – Бактериялардың пішіндерін, көбеюін, тіршілігін электрондық оқулықтың “Бактериялар’’ тақырыбынан көрсетіп, тыңдату.
6) Бактериялар
аэробты анаэробты
7) Қоректенуі.
Автотрофты Гетератрофты
фотосинтездеуші хемосинтездеуші паразиттер сапрофиттер
жасыл, пурпур,
күкіртті бактериялар темір бактериялары,
азотты бактериялар іш сүзегі, вибриондар,
сіреспе таяқшалары Шіріту бактериялары, ашыту бактериялары.
Сонымен, тірі табиғатта бытыранықтар дүниесінің дүние тармағы – бактериялар деп аталады. Ядросыз ағзалар – прокариоттар.
IV. Білімін бекіту. Білімін бекіту үшін зертханалық жұмысты орындау.
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Сүт қышқылы бактерияларын, цианобактериялар мен пішен таяқшасын микроскоппен қарау.
Құрал жабдықтар:айран, тұздалған қияр суы, пішен таяқшасы бар қидан жасалған тұнба, шіріген бұршақтан жасалған тұнба, заттық және жабын шынылары, пипетка, шыны таяқшалар, микроскоп «Биолам», сурет салуға арналған түсті карандаштар.
Жұмыстың орындалуы:
Мұғалім жұмысты бастамас бұрын, оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін естеріне салу. Оқушыларды сынауықтағы бактериялары бар тұнбаларды қандай жолмен алғандығын түсіндіреді.
1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушқа араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Олардың суретін салып, сипаттау. Бұл - сүт қышқылы бактериялары.
2.Пипеткамен пішен тұнбасының бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан бір тамшы алып, заттық шыныға тамызып, бетін жабын шынысымен жауып, қараймыз. Ұзынша пішен таяқшасын көреміз. Суретін салып, сипаттау.
3.Жылқы қиынан жасалған препараттан бактериялардың әр түрінің пішінін көріп, суретін салып, сипаттау. Олардың қай типке жататындығын анықтау. Осы бактерияларға қоректенудің қандай типі тән?
4. Бұршақ тұнбасынан препарат жасап, ондағы бактериялардың қозғалысын бақылау. Не арқылы қозғалады?
5. Бактериялардың пішіндерінің алуан түрлі болатындығы туралы, кейбір бактериялардың қозғалуға бейімділігі, олардың қолайсыз жағдайларда тіршілігін сақтап қалуы туралы қорытынды жасау.
Ескерту:
Мұғалім алдын ала зертханалық жұмысқа арналған материалды дайындап қоюға тиіс.
Дайындау барысы:
Пішен таяқшасын алу үшін, біраз пішен қалдықтарын суы бар колбаға немесе шыны ыдысқа салып, ауызын мақтамен тығындап, 30 минут қайнату керек. Алынған қайнатындыны сүзіп алып, жылы жерге қояды. 3-4 күннен кейін сұйықтықтың бетінде кілегей қабаты түзіледі. Ол –пішен таяқшалары.
Тұздалған қияр суының бетінде, жылқы қиынан жасалған тұнбада сапрофитті бактерияларды көруге болады. Жылқы қиын бір литрлік шыны ыдысқа салып, су құйып жылы жерге (+25-26) қояды. Бірнеше күннен кейін неше түрлі бактериялар түзіледі. Бациллалар, спириллалар, коккілер.
Шіріген бұршақ тұнбасын дайындаймыз. Одан қозғалатын бактерияларды көруге болады. Шыны ыдысқа біраз бұршақты 2-3 қабат қылып салып, су құямыз. Су тұқымды түгел жауып жатуы керек. Ыдысты жауып, жылы жерге қоямыз. 4-5 тәуліктен кейін бетінде сілемейлі қабат пайда болады.
V.Қорытынды.
Бактериялардың негізгі биологиялық ерекшеліктері:
Біржасушалы әртүрлі пішінді ағзалар.
Денесі сілемейлі органикалық заттан тұрады.
Жасуша қабықшасының өткізгіштік қабілеті бар.
Жасуша органоидтары болмайды.
Аэробты, анаэробты түрлері бар.
Бөліну арқылы көбейеді.
Қолайсыз жағдайларда спора түзеді.
Мутацияға бейімді.
Әр түрлі орта жағдайларына бейімделген.
VI.Үй тапсырмасы.
§ 3Деңгейлі тапсырмаларды орындау,терминдерді білу.
Есеп: 1 〖мм〗^3ауада қанша бактерия барын есептеу. Егер, 1〖мм〗^3, теңіз ауасында 1 бактерия, қала саябағында 400 есе көп, қала көшесінде 12 есе саябақтан, желдетілген бөлмеде 56 есе қала көшесінен көп, ал мал қорада 7 есе желдетілмеген бөлмеден көп.
Биологияға қызығушылығы бар оқушыларға арналған тапсырма:
Күнде тамақ алдында қолды жуу керектігін дәлелдейтін тәжірибе.
Бактерияға арналған қоректік орта: Картоптың бір түйнегін алып, жуып, тазалап, екіге бөліп, 2-3 сағат 1% ас содасына салып қою керек. Одан оны пісіріп, тілімдейді. Тілімдерді Петри ыдысына сүзгі қағазының үстіне салады. Осы жасалған қоректі 3 ыдысқа бөліп салу керек. 1-ші ыдыстағы картопты жуылмаған қолмен ұстап; 2-ші ыдыстағыны сабынсыз жуылған қолмен, ал 3- ші ыдыстағыны сабынмен жуылған қолмен ұстап, Петри ыдыстарын жарығы бәсең жылы жерге қояды. Осы тәжірибенің нәтижесін 2-3 күннен кейін тексеріп; кішігірім баяндама жасау. Келесі сабақта микроскоптан көрсетіп, қолды үнемі сабындап жуу керектігін ескерту
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |