Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық


Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық

 Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық.

Сабақтың тақырыбыОрганизмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:

 Оқушыларға  тірі ағзалардың көбею формалары  жайында мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық:

Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана  отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік:

Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге  тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі:  топтастыру,өзіндік жұмыс,баяндау, сұрақ-жауап, кесте

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар,тест,маркерлер,постерлер,стикерлер т.б.

 

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі:                               5 мин

А.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Ә.Оқушыларды  төрт  топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:                          7 мин

 А. §33 Митоз.Жасуша айналымы

 Ә. №1  №2 №3 кестені жұмыс дәптерге орындау

 Б.  Интертақтада берілген сұрақ-тапсырмаларды орындау

ІІІ. Жаңа сабақ: 15 мин

  А. Оқулықпен , мәтінмен  өзіндік жұмыс     5мин

  Ә. Постермен жұмыс.                                      3 мин

   Б. Постерді қорғау                                          7 мин

 ІV. Жаңа сабақты бекіту:  10 мин

   А. Сәйкестік кесте                                           2мин

   Ә.Тест                                                             5 мин

   Б.  «Ой қозғау»                                                3 мин

 V. Бағалау:  5 мин

  А. Топты және жеке оқушыны бағалау

 VІ. Үйге тапсырма

 ҮІ.  Рефлексия

 Сабақтың барысы:

  ІІ.   Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  1. Тірі ағзалрдың ортақ қасиетінің бірі.
  2. Ең алғашқы тірі ағзалар – біржасушалы прокариоттар қалай көбейді?
  3. Митоздың анықтамасы қандай
  4. Митоз бен мейоздың айырмашылығы неде
  5. Интерфаза кезеңдері
  6. Митоз (кариокинез)-ядроның бөліну кезеңдерін атап шық
  7. Суретте митоздың қай фазасы көрсетілген
  8. Суретте митоздың қай фазасы көрсетілген
  9. Репликация деген не
  10. Тауықтың жасушасында 78 хромосома болса ,митоздың бөліну кезінде еншілес жасушада хромосома саны қалай өзгереді
  11. Жасуша бөлінуіне қатысатын маңызды органоидтардың бірі
  12. Көбеюдің маңызы қандай

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Көбеюдің қандай жолдарын білесіңдер?
  2. Көбеюдің көне жолы

   А.  Оқушыларға оқулықтағы және қосымша мұғалім дайындап келген мәтінді бөліп береді.                                         3 мин

  Ә.Постермен жұмыс.                                      4 мин

   Б.  Қорғау                                                        8 мин

        Көбею – тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты көбею.

     Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары – гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.

   

   Жыныссыз жолмен көбею формалары және олардың сипаттамасы.

  1. Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.

2.Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.

3.Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс. Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан көбеюі.

4.Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.

5.Бүрмелену (стробиляция) немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы.

  1. Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.

Жыныссыз көбеюдің тағы бір қолдан көбейту жолы - өсінді өскін арқылы көбейту.

 

           ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

 А.Слайдтағы суреттерге қарап жыныссыз көбеюдің қай түріне жататтынын анықтау.

Ә.Тест

Сәйкестік кесте

1

Спора түзу

А.Теңіз жұлдызы

2

Бүршіктену

Ә.Амеба

3

Қынамаланып

Б.Саңырауқұлақ

4

Өсімді көбею

В.Таңқұрай

5

Митоз

Г.Бактерия

6

Үзбелену

Д.Гидра

 

Жауабы:

1Б  2Д   3Г   4В    5Ә   6А

Тест.

  1. Көбеюдің көне жолы деп саналады

А.Жынысты  Ә.Ағзасыз  Б. Жасушалы В. Жыныссыз Г. Спорлану

     2.Тамырсабақпен көбейетін өсімдіктер.

А.құртқашаш  Ә.терек Б. інжугүл В. Фикус Г. Гидра

     3.Бактериялардың көбеюі

  А.амитоз  Ә.қынамаланып бөліну  Б. бүрмелену В. үзбелену  Г. Спорлану

     4. Гидраға көбеюдің қай түрі тән

А.бүршіктену  Ә.үзбелену   Б. Споралы В. амитоз Г. Қынамалану

     5.Ересек дарақтардың денесі жеке үзіктерге бөліну кезіндегі көбею жолы      

          ............... деп аталады.

А. Споратүзу   Ә.өсімді   Б. Үзбелену В. қынамалану  Г. Бүршіктену

      6.Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен  кейбір саңырауқұлақтар қалай     

        көбееді

    А.амитоз  Ә.үзбелену   Б. Споратүзу  В. қынамаланып бөліну 

      Г. бүршіктену

  Жауабы: 1В ,2 А,Б  3Ә , 4 А, 5Б,  6Б.

«Ой қозғау»

 Оқушыларға сұрақ :

Егер ағзалардың барлығы тек қана жыныссыз жолмен көбейетін болса,эволюциялық  үдерістің қалай өтетінін елестетіп көріңдер.Адамзат тіршілік етер ме еді және ол қалай болып көрінер еді.

Ү. Бағалау:       

 Оқушылар бағалау парағына жинаған ұпайларды есептеп өздерін  бағалайды және көп ұпай жинаған топ анықталады.

ҮІ. Үйге тапсырма:

 §3
Соңғы жарияланған материалдар тізімі

Постэмбриондық даму.
Өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары
Организмдердің көбею формалары
Мейоз және оның биологиялық мәні
Митоздың биологиялық мәні
Плаунтектес өсімдіктер
Балдырлар Көп жасушалы жасыл балдырлар
Жыныстық көбею
Бунақденелілердің дамуы
Көпжасушалылардың көбеюі және жеке дамуы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 12165 | Қосты: Бугетбаева Джамиля Жетыбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык