Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 12797 |
|
|
|
Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық – оқушыларды тұжырымды ой айтуға, саралап талдауға, көзқарастарын білдіруге жетелеу.
тәрбиелік – елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету,үлгі ету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;
Сабақтың түрі : ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, сто технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер ,суреттер, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Хронологиялық кесте мен рефераттарын қорғату.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық. мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан Уәлиханов туралы слаид көрсету.
Оқушыларды екі топқа бөлемін: 1. Ізденімпаздар
2.Саяхатшылар
Қызығушылықты ояту.
Ізденімпаздар : Шоқан шығармалары туралы мәлімет беру
Саяхатшылар : Орыс достары кімдер?
Мағынаны тану.
Кубизм әдісі арқылы шаршының алты жағындағы тапсырмаларды орындату.
1.Әдебиет зерттеушілер
2.Суретші және полиглот
3.Тарихи зерттеушілер
4.Этнограф ғалым
5.Географ
6. Саяхатшы
Ізденімпаз тобына : Шоқанға берілген баға
Саяхатшылар тобына: Шоқан кім?
Осы тапсырмалар бойынша екі топ модель құрап, қорғайды.
Концептуалдық кестемен жұмыс.
Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге берілетін баға
Шоқан Уәлиханов
Ой толғаныс. Бес жолды өлең.
Тақырып. (зат есім) Ғалым
Суреттеу (сын есім) Қабілетті, білімді, талантты.
Қимыл (етістік) Зерттейді, жазады.
Сезіну (сөйлем) Ш. Уәлиханов - зерттеуші ғалым
Синоним Зерттеуші, саяхатшы, географ
Бекіту: түртіп алу жүйесі , ІNSERT әдісі
Оқушылар осы кестеге Шоқан Уалиханов туралы нені білетінін, білмейтінін, жаңалығын жазып, толтырып береді.
Білімді бағалау Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |