Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Арифметикалық прогрессия


Арифметикалық прогрессия

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия

Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Оқушылардың арифметикалық прогрессия және туралы білім-білік дағдыларын , теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып қайталау, тиянақтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауаптар, топпен жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар;
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушы дайындықтарын  және үй тапсырмаларын тексеру;
б) сабақтың мақсатын айту;
ІІ.Қайталау сұрақтары:
1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы;
2. Арифметикалық прогрессиясының жалпы n-ші мүшесінің формулаларын  еске түсіру;
ІІІ. Жаттығу жұмыстары: а) « Ойлан тап»
№1
 
арифметикалық прогрессия берілген.
1-нұсқа а_3+а_7
2-нұсқа а_4+а_6
3-нұсқа а_2+а_8
№2 Тізбектің бірінші мүшесі 5-ке тең, ал келесі әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен 4-ке кем. Тізбектің алғашқы сегіз мұшесін жазыңдар.
№3 Әрбір жарты сағат өткен сайын соғатын сағаттың бір тәулікте неше рет соғатынын анықтау. (1-ші сағат тілі 0 сағат, 2-ші сағат тілі 0 сағат 30 минут, 3-ші сағат тілі 1 сағат 00 минут )
б) Тесттік тапсырмалар.  «Кім алғыр»
1. Тізбектердің қайсысы өспелі тізбек?
А) 10; 9; 8; 7; 6; В) 13; 13, 13; 13; ... с) 20; 23; 26; 29; ...; D) 4; -8; 16; -32; ...
2. Егер a6=5 және d=1,5 болса, онда а1-ді табыңдар.
А)  5; В) 2; с)  -2,5; D) 2,5
3. бірінші мүшесі 5-ке, айырымы  -4 –ке тең арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар
А)  -20; В)  -11; с)  11; D) 21
4. a_n=2^n+3  формуласымен берілген тізбектің жетінші мүшесін табыңдар.
А)  219; В) 131; с)  67; D) 17
5. 56; 46; 36; ... арифметикалық прогрессияның алғашқы алты мүшесінің қосындысын табыңдар.
А)  271; В) 218; с)  216; D) 217
В) Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей: 
3; 7; 11; ...арифметикалық прогрессия берілген. Прогрессияның отызыншы мүшесін табыңдар
Бірінші мүшесі 130-ға, айырымы  -3 –ке тең. Прогрессияның  төртінші және он бесінші мүшесін анықтаңдар.
Бірінші мүшесі 7-ге, он алтыншы мүшесі 67-ге тең арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар.
ІІ деңгей:
Сегізінші мүшесі -0,5-ке, оныншы мүшесі -3,5. Прогрессияның үшінші мүшесін табыңдар?
37 саны -44; -41; -38; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
a_n=(-1)^n/(9n-10) формуласы берілген. Бірінші,екінші, үшінші мүшелерін анықтаңдар?
ІІІ деңгей:
Прогрессияның  бңрңншң және екінші мүшелерінің қосындысы 12-ге , ал олардың көбейтіндісі 20-ға тең. Арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар?
1-ден 1000-ға дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар
a_n=7+2nформуласымен арифметикалық прогрессия берілген. 
S50-ді табыңдар?
IV. Сабақты қорыту.
V. Оқушылар білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Үшбұрыштарды шешу
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық прогрессиялар
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару.
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5095 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык