Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құқықтың тәрбиелік мәні


Құқықтың тәрбиелік мәні

Құқықтың тәрбиелік мәні

Мақсаты ;  Балаларға адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсініктерін кеңейту,өз құқығын біліп,өзгенің құқығын бұзбауға,денсаулықты сақтау адам өміріндегі ең негізгі манызды  қадам екенің түсіндіру. Еліне ,халқына деген паттриоттық сезімді ояту.

Міндеттері;

  1. Балалардың өз құқықтық сауаттылығын ашу,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  2. Өз өміріне деген жауапкершілігін арттыру,денсаулыққа деген дұрыс көз қарастарын қалыптастыру
  3. Балаларды Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге  тәрбиелеу.

Жүру барысы ;

Ұйымдастыру  кезені;

Кіріспе ;Бүгін біз, адам дүниеге келгеннен бастап тұлға болып қалыптасқанға дейін дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін  боламыз. Яғнй,сіздердің құқықтарыңыз  жайлы әңгіме қозғаймыз. Тәрбие сағатын бастамас бұрын бір –бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.

                      Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

                Жылы жүрек сөздермен

                       Бір жадырап қалайық.

Бір –біріне жүрекке жазылған тілектерді оқи отырып,күн шуағына жапстыру.

-Деннің сау болсын.

-Көнңілін әр уақытта жайдарлы болсын

-Уайым қайғы болмасын

-Аспанымыз ашық болсын

-Жақсылық жолымыздан кездесін

-Мейірімділік көп болсын

-Достарымыз көп болсын

-Отанымыздың үлгілі азаматты бол

-Оқу озатты бол

- Үлгілі тәртіпті бол.

 

(Әр бала жапстырады да орындарына отырады )

Тәрбиеші сөзі :

«Әрбір  азамат өзінің ата-баба қалдырған кең байтақ жердің мұрагері болуға ұмтылған» Н.Ә.Назарбаев сөзімен бастаймын.

Осы  азаматтық міндеттердін бірі қазіргі танда сендер өз құқықтарынды дұрыс орындау болып келеді.

Балалар ендіше біз бірінші құқыққа байланысты сөздік жұмыс жүргізейік

Құқық-қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын мемілекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы,осы нормаларды зертейттін ғылым.

Міндет адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым –қатынасқа қосылатын талап.

Конституция-конституциялық құрлысты беккітетін,адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін,мемілекеттік билік.

Тақпақ ;

1.Ғүрпымыз бар ел сенген

 Дәстүрлері ең ізгі

Әділдікпен өлшеген

Заңымыз бар негізгі

 2.Бас иетін бар адам

 Әрбір сөзі салмақты

Қорғар пәле жаладан

Ата заң бұл ардақты

3.Өмір сүргін келеме ,өмір сүргін?

 Өмір қызық,өмір ой,өмір сүрген

Мемілекеттік билікке бастау болған,

  Президентке халқым бас иер.

Тәрбиеші сөзі:-Балалар сендер білесіндер ел басшысы  Н.Ә Назарбаев  «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. 1995ж желтоқсан айында

Конвенция дегеніміз-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт

Тәр ; Осы конвенция  негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы»» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау 53-баптан тұрады.

Конвенцидан үзінді қарастырайық.

1-бап Бұл конвенция 18-жасқа толмаған әрбір жастын құқығын қорғау мақсатында дүниеге келді.

2-бап  Өмірге келген әр нәрістенің өмір сүруге құқылы

3-бап Әр бір нәрістенін денің сау болуына құқылы

4-бап Денсаулық сақтау.Бала нақты түрде қамтамасыз етілген,ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы.

Тәр ; Балалар мен бүгін сендермен денсаулыққа 20-қадам деген негізгі үлкен мәселені қарастыра кетейік.

Сергіту сәтті ; «Қара жорға» биі

Денсаулық-бұл тек дене кемістіктерінің және аурудың болмауы ғана емес,толық дене,психологиялық және әлеуметтік салматттылық жағдайы.

Тәр ;Біз қазір денсаулыққа 20-қадам жасаймызда,өмір сүру сапасын арттырып,ұзақ ғұмырға қол жеткіземіз.

(Барлығы орындарынан тұрып ,бір қаттарға тұрады ,доп лақтыру арқылы 20-қадам жасаймыз да Есте сақтаныз! деген сөзді ашамыз  ӨЗ денсаулығыңыз өз қолыңызда.

Денсаулықты сақтаныз.Денсаулықты күтіңіз- деген сөз шығады. )

1-ші қадам.-20-қадам

1-ші қадам. Өз ағзынызды танып білініз. Анатомия,валелогия мен физиология оқулықтары арқылы.

2--ші қадам салауатты өмір салтын ұстаныз

3-қадам дұрыс тамақтаныз. Өз денсаулығынды сақтау үшін дұрыс тамақтану керек, сапалы әр түрлі тағамдарды пайдаланған абзал.

4-ші қадам Таза әрі қауіпсіз суды пайдалаңыз.СУ –өмір бастауы.Сау адам күн сайын 1,5-2,5л дейін су ішуі керек.

5-ші қадам Көбірек қозғалыныз спортпен айналасыңыз. Қозғалыс –бұл өмір.

6- ші қадам Темекі шекпеңіз,алкаголь мен есірткі тұтанбаңыз

7-ші қадам Профилактикалық тексерістен өтіп отырыныз,ауруларды ерте аңықтау үшін.

8-ші қадам Профилактмкалық екпелер жасатыныз.

9-ші қадам Жарақатанудан сақтаңыз. Жол өрт ережелерін біліңіз.

10-ші қадам Табиғатпен және өзіңізбен үйлесімділікте өмір сүріңіз.Табиғатқа жақын болыныз.

11-ші қадам Суықты жақсы көріп шыңығыңыз

12-ші қадам Апата сайын моншаға немесе сауынаға барып тұрыңыз.

13-ші қадам Еңбектеніңіз.

14-ші қадам Ұйқыңыз  тәулігіне 6-7 сағаттан кем болмасын.Ұйқы бұл қатты күш түскен және ауырған кезде ағзанызды қорғайтын реакция.

15-ші қадам Дәріні барынша сирек қолданыныз.

16-ші қадамМейірімді әрі қайырмшыл болыныз

17-ші қадам Өзінізге және айналаңыздағылардың бәріне денсаулық тіленіз.

18-ші қадам Өзінізді сыйланыз жақындарынызды сыйлаңыз

19-ші қадам Сенімді боллыңыз. Сенім –бұл тамаша күш.

20-ші  қадам Шектен тыс кетіп қалмаңыз. Шамадан тыс кету сіздің денсаулығынызға кері  әсер етеді.

Слайт арқылы жұмыс

Тәрбиеші сөзі:  Балалар қазір біз қазақ халқының кең тараған халықтық мұрасы сөз өнеріне жол берейік. Мен қазір біруіне қамшы тастаймын ол мақалдың басын айтады,екіншісі жалғастырады :

1.Ер елінде

Гүл жерінде

2. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл

3.Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі

4.Ер жігіт үйде туып,түзде өлер

5.Оқымаған бір бала,

Оқыса екі бала

6.Балапан ұяда не көрсе

Ұшқанда соны іледі

7.Әдепті бала –арлы бала,

Әдепсіз бала –сорлы бала

8.Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.

9.Өлімнен ұят күшті

10.Өтірік сөз өрге баспас

Қорытынды.

Міне балалар сендер көпті біліп ұқтындар. Мен  өз қорытындымды мұнау тұрған ережені бәріміз орнымыздан тұрып ,оқып берсек деймін.

Перзенттік парызымыз: Үлкенді сыйлау,құрметтеу,өнеге тұту,антты орындау,қайырым,мейрімді,шапағат болып табылады.

Біздің құқықтық міндетіміз: Отанға қызымет ету,оның рәміздері мен рәсімдерін сыйлау,сабақ оқу,әдет-ғұрыптарды,жөн-жоралығыларын сыйлау.

Жақсы азамат боламын өскенде мен,

Балалар ғой -елінің болашағы

Бауыржан Момышұылы  «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін атамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын бұзбай тәуелсіз елдің арқа  сүйер айбынды,ақылды ұл –қызы болып өсейік.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құқықтық мемлекет
Менің құқықтық алаңым
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.
Құқықтық тәрбие беру
Жас Отан қорғаушылар
Допты бір орында тұрып 1-2 қадам жасап торға тастау
Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2836 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык