Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.


Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.

Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.

Тақырыбы : Заңды білсең, балдырған. Ақиқат шығар, алдыңнан.

Мақсаты:     1. Еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екенін саналарына сіңіре отырып, Ата заңын сыйлауға, қадірлеуге, білуге, сақталуына өз үлестерін қосуға талпындыру.

2. Адам өмірі мен құқықтары, бостандықтары туралы көзқарас қалыптастыру.

3. Адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Әдісі:  СТО технологиялары

Түрі:   құқықтық сағат

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,суреттер

Күтілетін нәтиже: -  Өз көзқарастарын еркін білдіреді.

  • Өз Отанына өздері жауапты екенін саналарына сіңіреді.
  • Ата заңның баптарын өз жас ерекшелігіне сай біледі.

Міндеті:    Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу, өз ойын ортаға салу.

Өту жоспары:

  1.  Ойлан «Адасқан әріптер»

  2.  Таныс  «Салтанат құрған құқығым»

  3.  Айт     «Болады- болмайды»

  4.  Көмектес 

  5.  Біл  «Өзіңді таны»

Оқушылар  ҚР гимнін орындайды.

І.  Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Тренинг: Ойлан «Адасқан әріптер»                                                                      Шарты:  Әріптерді дұрыс орнына қойса, мағыналы сөз шығады.

1.ң, а, з

2. т, л, а, п, а

3.  н, м, і, е, д, т

4.  қ, ы, ұ, қ, қ

5.  т, р, т, ә, п, і

\Баяу музыка ойнап тұрады, оқушылар дәптерге жазады\

Сабақтың тақырыбын ашу үшін бұл сөздердің маңызы бар.

         -Балалар, мына сөздердің қоғамға, адам өміріне қатысы бар ма?

         - Белгілі бір ережеге, заңға бағынған адам тәртіпті болады.

ІІ.  Мағынаны тану.

  Тақырыппен таныстыру:

         «Заңды білсең, балдырған,

              Ақиқат шығар алдыңнан!»

Мұғалімнің кіріспе  сөзі:

Адам дүниеге келеді. Олөзі омір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы- Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және          «Балалардың құқығы жайлы конвенция».

\ интерактивті тақтадан көрсету арқылы сөздік жұмысы жүреді\.

Құқық        --         заң арқылы реттелетін  адам құқығы.

Конституция  – құрылым.

Конвенция   --  келісім.

2. Таныс. «Салтанат құрған құқығым».                                                           \Мультимедиа арқылы\

Оқушылар өз құқығының салтанат құрған жерлерін бейне суреттен атайды.

       Өз құқығыңды анықта, ата.

- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.

- Өмір сұруге құқығым бар.

-  Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.

-  Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.

-  Ақысыз емделуіме құқым бар.

- Балалар, Ата Заң осындай құқықтарыңды берумен қатар міндеттер де артады.

Өздеріңнің қандай міндеттерің барын айтып бер.

3.Айт.        «Болады- болмайды»

- Балалар, күнделікті өмірде мынадай жағдаяттар кездеседі.

1. Сен бүгін қаламыңды үйде қалдырып ұмытып кеттің. Досыңның сөмкесінен қаламын алдыңда, жаза бастадың.

 - Балалар, осы әрекетте адам құқығы бұзылды ма, жоқ па?

Өз пікіріңді білдір

2.Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлеспек болдың. Трубканы көтерсең,бөтен адамдардың сөйлесіп жатқаны қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдадың. Олай істеуге бола ма?

Әрине олай істеуге болмайды.Бұл 12-бабта айтылған:

  • Біреудің атына кір келтіруге;
  • Жеке басының тіршілігіне араласуға;
  • Рұқсатсыз үйіне кіруге
  • Жазған хаттарын оқуға ешкімніңқұқығы жоқ

4.«Қиялға ерік берсек...»

Ертегілер желісі бойынша  ертегі кейіпкерлерінің қандай құқығы бұзылды және оны кім бұзды?  Соны ойланып табуымыз керек.

 «Алтын сақа» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер кім?

      Баланың өміріне қандай қауіп төнді?

      Бала құқығы бұзылды ма?Бұзылды.

  «Қырық өтірік» ертегісіндегі мұратына жеткен кейіпкер кім?

     Бұл жерде қандай құқық туралы болды?

     Хан жарлығы қандай?

13- бапта бала өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар деп атап көрсеткен. Бала құқығы бұзылған жоқ.

Балалар, ертегі кейіпкерлерініңқандай құқықбұзғанын және кімнің бірімен тығыз байланысты.құқығы бұзылғанын ой елегінен өткіздік. Олай болса, адамның құқығы мен міндеті бір-бірімен  тығыз байланысты.

      Баланың міндеттері:

Әрбір бала ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға

Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге

Еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға

Табиғатты қорғауға, сақтауға, ұқыпты қарауға т.б.

 

Көмектес.

Балалар, оқушыларға арналған қамқорлық айлығына орай  ұсыныс- тілек жәшігі қойылған болатын. Жақын арада осы ұсыныс-тілек хаттар арасынан мазмұны өзгешелеу ,яғни, көмектесуімізді күткен кішкентай оқушы жазыпты. Сіздерді сол хатпен таныстырайын. Хаттың мәтіні төмендегінше;

                                                                              

         Менің         жасым сегізде.  Кішкентайымда арбадан құлап , бір жақ аяғымды зақымдап алдым.  Содан денсаулығым нашарланды. Достарым менің қасымда болудан қашқақтайды.  Мен олармен бірге болғым келеді. Көмектесіңіздерші.

\Балалар хатқа өз пікірлерін білдіреді.\                 

 ІІІ. Ой толғаныс.  Біл. «Өзіңді таны»     

Слайдта төмендегі сөздер жазылып тұрады. Оқушылар нөмірмен берілген сөздерді оқиды.

- Осы қасиеттердің қайсысы жүзеге асып жүр. Сол  нөмірді ақ параққа жазасың.

  1. Жақсы оқиды.
  2. Адамды  алдайды.
  3. Демалады.
  4. Мазақтайды.
  5. Ұрлайды.
  6. Өз пікірін айтады.
  7. Үлкенді сыйлайды
  8. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіреді.
  9. Мейірімді.
  10. Біреулерді зәбірлеп, қинайды.
  11. Мәдени істерге араласа алады.
  12. Еңбек етеді.
  13. Емделе алады.
  14. Ойлайды.
  15. Достасады.
  16. Табиғатты қорғайды.
  17. Басқаның хатын оқып алады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,

Бақ дәулетін аямаған жеріме.

Егемендік елдігіме жарасқан,

Ата Заңым құтсыйладың еліме!

  Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыз мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің зор екенін байқаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құқық білу-еркін өмір сүру
Өз құқығыңды білесің бе?
Құқықтық мемлекет
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
«Мен және менің құқығым»
Сен өз құқығыңды білесің бе?
Құқықтық тәрбие беру
Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз
Ата-ана және бала құқығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2990 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык