Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4725 |
|
|
|
Ақан Сері
Сабақтың тақырыбы: «Ақан Сері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ақан Сері әндерінің өз өмірімен байланысы туралы айту, оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық – оқушылардың ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну, қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға үйрету;
Тәрбиелік – оқушы бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Оқыту технологиясы:Ұжымдық оқыту
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, практикалық жұмыс, өз бетімен жұмыс істеу, ішінара іздену, ән айту, музыка тыңдау
Оқытудың техникалық құрал-жабдықтары: Графопроектор, магнитофон, кассеталар, домбыра, баян.
Көрнекіліктер: Ақан Серінің портреті, оқулық, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ және тапсырмалар жазылған слайдтар, тірек сигналдары.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды слайдқа жазып көрсету.
1. Ақан Сері Қазақстанның қай аймағының әншілік мектебінің өкілі?
2. Ақан Сері қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
3. Ақан Серінің азан шақырып қойған аты?
4. Ақанның жүйрік аты мен қыран бүркітіне арнап шығарған әндері қалай аталады?
5. Ақанның қандай әндерін білесіңдер?
ІІІ. Бекіту сабағының мақсатын айту.
Ақан әндерінің шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы айта отырып, алған білімдерін кеңейту.
ІV. Оқушы білімін жан-жақты тексеру.
Топтық жұмыс
Өткенді қайталау: сыныпты үш топқа бөліп интерактивті әдіспен жарыс ұйымдастыру.
Мұның мәнісі: Оқушылар жарыса отырып жақсы қайталайды, тапқырлық жасайды.
Жарыстың талаптары:
І. 5 минут уақыт беріледі. Әр топқа тақырып беру.
1-топ. Ақан Сері «Құлагер»
2-топ. Біржан Сал «Теміртас»
3-топ. Ақан Сері «Балқадиша»
ІІ-талап. әр топтың атына сай әнді бір-бір жолдан орындау. Барлық оқушының қатысуымен әнді орындап, кідіріп қалмау ес кертіледі.
ІІІ-талап. әнді тыңдап табу. 6 минут уақыт беріледі. әр топқа әннің аты мен шатастырылып жазылған және дұрыс жазылған дайын қағаздар таратуы керек. Үнтаспада Біржан сал мен Ақан серінің біз өткен әндерден үзінді жіберіледі. Әр топ дұрыс жауапты тауып, сол рет бойынша нөмірлеп отырады.
ІV-талап. Оқушылар Ақан сері әндері «Қараторғай», «Балқадиша» әндерін оқушылар жарыса отырып, әнді ритммен қалмай орындау.
V. Оқушылардың әнді орындау техникасын тексеру.
а) дауысқа жаттығу жасау;
ә) «Қараторғай» әнін орындау.
VІ. Тірек сигналымен жұмыс (слайд)
VІІ. Бес жол өлең.
1. Ақан сері
2. Өнерлі талантты
3. Шығарады, орындайды, үйретеді
4. Дәстүрлі ән өнерін дамытушы
5. Сазгер
ІХ. Үй тапсырмасын беру.
Х. Оқушы білімін бағалау.
ІІІ. Қорытынды
Қазақ ежелден-ақ өнерді сүйіп өскен халық. әншілер мен күйшілерін, ақын-сазгерлерін еркелетіп, «сал», «сері» деп атаған. Ғасырлар қойнауынан келіп бізге жеткен ән-жырларды ұрпақтар сабақтастығымен әрі қарай жалғады. Соның нәтижесінде ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың баға жетпес асыл мұрасымен бүгінгі ұрпақты сусындаттым. Бүгінгі ұрпақты ұлттық музыкамыздың алтын қорларымен, ұлттық қазынаны сол қалпында жеткізген әнші, күйші-сазгерлерімізбен таныстырамын. Қазіргі оқушыларын халқымыздың асыл мұрасын қастерлеуді біледі, бағалай алады.
Ата-баба дәстүрін әрі қарай жалғастыратын да осы ұрпақ.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |