Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1 «Д»
Мерзімі: 19. 11. 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету
ә) Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
б) Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ өту әдісі: Түсіндіру Ойын, суреттер, талдау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар,
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә) оқушыларды түгелдеу.
Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Мұғалім: - балалар біз әліппеден нені үйрендік?
Оқушылар: - оқуды, жазуды.
Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Мұғалім: - әріптерден не құралады?
Оқушы: - сөз.
Мұғалім: - сөзден не құралады?
Оқушы: - Сөйлем.
Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: - бас әріппен.
Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.
Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.
Мұғалім: балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешіп көріңдер.
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)
- Дұрыс балалар – гүл
- Гүл деген сөз бе, сөйлем бе?
- Сөз
Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.
Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?
Гүл – қандай дыбыстан басталып тұр?
Оқушы: Г дыбысы.
Мұғалім: Г дыбысы қандай дыбыс?
Оқушы: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.
Г әрпі екі элементтен тұрады – аяғы имектелген көлбеу таяқшадан және қалпағы имектелген түзу сызықтан. Ал кіші әрпі басы мен аяғы доғал, ортасында көлбеу сызық
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
Терек – терегі Ілгек – ілгегі
Білек – білегі ертек – ертегі
Шелек – шелегі жәшік – жәшігі
Сөздікпен жұмыс
бәйге мерген ертегі жүгері Шеген
мәре дәрігер әңгіме жүген Төлеген
Ақан сері
Атам Ақан сері туралы әңгіме айтты:
- Ақан әрі ақын, әрі әнші болған. Оның Құлагер деген тұлпары болған. Ол бәйгеден ұдайы озып келеді екен. Ақанның Қараторғай деген бүркіті болған. Ол қараторғай туралы ән шығарған.
Сергіту сәті
Үнтаспадан «Қараторғай» әнін тыңдату
Қараторғай әні туралы мағлұмат беру.
Сабақты қорытындылау
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қолымды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
- Балалар, сендер неге ұқсап жайқалдыңдар?
- Ендеше, келесі тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, бір әдемі гүл шығады.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң?» ойыны.
Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді тауып гүл күлтешесіне жазу, оқу, тақтаға ілу, буынға бөлу.
Өткен г дыбысын қай отауға орналастырамыз?
Дауысты дыбыстар отауына ма?
Дауыссыз дыбыстар отауына ма?
Кестеге ше қызыл кестеге ме, көк кестеге ме?
Дұрыс балалар көк текшеге орналастырамыз
Оқушыларды марапаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2599 |
|
|
|
Г дыбысы мен әрпі

Автор Пернебаева Салтанат Утаповна
"Ынтымақ" н\о мектебі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер