Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2914 |
|
|
|
Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары
Сабақтың мақсаты: Ақан Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, ақынның шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіш қасиеттерін арттыру. Ақан жырларындағы бейнелі сөздерге көңіл аударту.
Нәтижесі: Оқушылар Ақан сері Қорамсаұлы туралы білімдерін ұштастырып,өзара білімдерін жинақтайды. Ақынды терең оқып тануға ,оның өлеңдері арқылы табиғатты ,елді ,жерді қадірлеуге,сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге машықтанады.
Әдіс-тәсілдер: денгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс, «Топтастыру» стратегиясы, «Кластер» әдісі,семантикалық карта, «Тапқыр болсаң-талас жоқ» әдісі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату Оқушыларды топқа бөлу
«Метафора» тобы
«Теңеу» тобы
«Эпитет» тобы
Әр топ өз атаулары бойынша әдеби-теориялық ұғымдарды қорғайды. Деңгейлік тапсырмаларға жауап береді
«Метафора» тобына 1-деңгейлік тапсырма-Ақан шығармаларын мәнерлеп оқу 2-деңгейлік тапсырма – Метафора дегеніміз не? 3-деңгейлік тапсырма – Ақан сері шығармаларынан метафораны табу
«Теңеу» тобына 1-деңгейлік тапсырма-Ақан сері Қорамсаұлының өмірін әңгімелеу 2-деңгейлік тапсырма – Теңеу дегеніміз не? 3-деңгейлік тапсырма - Ақан сері шығармаларынан теңеуді табу, талдау
«Эпитет» тобына1-деңгейлік тапсырма-Ақан серіҚорамсаұлының лирикалық шығармаларын жатқа оқу2-деңгейлік тапсырма – Шығармалардан эпитетті табу, талдау
3-деңгейлік тапсырма - Ақан бейнесін сомдау
«Ой шақыру»
-Ақын деп кімді айтамыз? «Сал ,сері» сөздерінің сырына, мәніне үңілейікші, балалар! «Кластер» әдісі: Оқушының қызығушылығын ояту, тапқырлығы мен ойлау қабілеттілігінің ұшқырлығын байқау үшін 3-топқа да бірдей тапсырма беру
Нұсқау: «Ақан» сөзіне Ақан бойындағы ерекше қасиеттерді тіркестіріп жазу
Семантикалық карта:
Әр топқа деңгейлеп Ақанның өлең шумақтарынан картаға үзінді келтіру
Үзінді
Тақырып Білеміндер омыраулап білмесе де... Ғашық болдым ақсұңқар баласына... Қазылып қалушы еді шапқан жерің... Алдымнан сен бір қашқан маралдағы...
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Сырымбет
Заман адамы
«Тапқыр болсаң-талас жоқ» әдісі:
Тақырыпты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді қысқа сөзбен қамту қазақ тілі сабағымен байланыс1. Бір зат есім сөз 2.Екі сын есім сөз 3. Үш етістік сөз 4. Мағыналы сөйлем құрау 5.Синоним тізбектеуЖазылатын ,айтылатын сөздер Ақанға қатысты болу керек.
«Метафора» тобы- Ақан
«Теңеу» тобы- Әнші
«Эпитет» тобы- Аңшы
І-топ
1.Ақын (зат есім)
2.Өр, дарынды(сын есім)
3. Толғанады,ойлайды тебіренеді (етістікті)
ІІ-топ 1.Әнші 2.Асқақ, талантты. 3.Шырқайды, қанатттанады,тамылжытады.
ІІІ-топ.1.Аңшы 2.Байқампаз 3.Аулайды, атады,көздейді.
Кері байланыс: -Ақан шығармаларының тақырыптарын ,қай жылы көргенін тізбектеп айтБағалау:Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтауҮйге тапсырма: Сүйікті ақын туралы эссе жазып келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |