Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру


Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру

Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру

Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріліп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер жасалуда. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге оқушының ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Президент жолдауында «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байланыс жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Математика – барлық халыққа ортақ ғылым. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін артырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды меңгеруге және машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді, оқуға ынтасын белсенділігін арттырады.
Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады. Әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Дәстүрден тыс сабақтар оқушылардың пәнге қызығушылығын ынтасын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді, шапшаңдыққа тез есептей білуге үйретеді. Оқыту технологиясының ішінен өзім дәріс беретін сыныптарға көбінесе ойын арқылы оқыту, проблемалық ситуация туғызу арқылы оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, деңгейлеп-саралап оқытуды жиі пайдаланып логикалық есептер, стандартты емес есептерді үнемі шығартып отыратын.
Математика сабағында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып, сабақ өткізу пайдалы. Математикалық эстафеталар, викториналар, жарыс сабақ, аукцион сабақ т.б түрлері қолданылады. Ойын оқушылардың достық, жолдастық қарым-қатынас орнатады, бір-біріне сенімін, түсінігін арттырады.
Профессор Ж.А.Қараевтың оқыту жүйесін пайдаланып ондағы көзделетін негізгі мақсат:
1. Оқушы сенімін арттыру
2. Пәнге қызығушылығын арттыру
3. Жаңа білімді өзі меңгеретін өз бетінше ізденетін пікір таластыру деңгейіне жететін ұрпақ тәрбиелеу.
Саралап –деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланатын
I Кіріспе бөлім 
1. Модульдің құрылымымен таныстыру
2. Тірек тапрсырмалары бойынша өткен сабақтарды еске түсіріп, жаңа өтілетін материалды меңгеруге дайындық жүргізу.
Тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша баяндау. Оқушы жаңа материалды өз бетінше оқып, сұрақ жауаптарды толықтырып, анықтамаларды, ережелерді өз бетінше меңгереді. Бұл бөлімде оқушы осы тарауда нені меңгеріп, нені үйренуі тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу – міндеттері қандай екенін түсінеді.
II Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей - міндетті деңгей. Бірінші деңгейдің тапсырмалары негізгі ережелер мен формулаларды жаттап алуға негізделген, оқулықта көрсетілген үлгілерге ұқсас есептер.
Екінші деңгей тапсырмалары – алгоритмдік өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғына ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп, пайдалану керек. Логикалық есептер, ребустар, сөз жұмбақтар беріледі.
Үшінші деңгей – эвристикалық деңгей. Үшінші деңгей тапсырмаларында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшіе жаңалық ашады.
Төртінші деңгей – олимпиада есептерін шешеді. 
III Қорытынды бөлім.
1. Өзіндік жұмыс
2. Қатемен жұмыс
3. Бақылау жұмысы
ҰБТ есептерін шешуде ұқсастық, алгоритм әдістерін, ВЕНН диаграммасын қолданамын.
Шаталовтың тірек сигналдарын басшылыққа алып, материалдарды іріленген блоктарға бөле отырып, өз бетімен жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытып пәндер арасындағы дұрыс байланысты таба білуге, бір-бірімен сабақтастығын, ортақ заңдылықтарды, ережелерді меңгертуде деңгейлеп оқыту дәптерлері арқылы оқушы білімін жүйелеп, бағалап отырамын.
Онын дәлелі шәкірттерім жылма-жыл қалалық, облыстық олимпиада жүлдегері, «Ақбота» интеллектуалдық марафоны,  Халықаралық «Кенгуру» сайыстарының жеңімпаздары.
Жас ұрпақты ата-баба ұлағаты мен өнегесінде тәрбиелеу және оқушылар бойында әдептілік, сыйластық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатын көздеймін.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Математика сабағында PISA тапсырмаларын орындау»
Мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа тәсілдері
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Қызықты математика
Деңгейлеп оқыту технологиясы
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығарту
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4785 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык