Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығарту


Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығарту

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығарту


Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелі білім алуға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: Дамыта деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы, оқулық.
Сабақтың құрылымы:
  Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады:
  Олар: а) үйренушілік – оқушылық;
             б) алгоритмдік;
             в) эвристикалық;
             г) шығармашылық.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, тақырыпты пысықтау мақсатында:
  Оқушылық деңгей: а) Семантикалық картамен жұмыс.
Семантикалық картамен жұмыс
Жауап    4,27    128    16,9    -15    90
Тапсырма                    
5,27х–x^2, х=4,27;    +                
ау–a^2, а=1,5; у= –8,5;                +    
ab^2+b^3, а=8,7; b=1,3;            +        
–ху–x^2, х= –1,28; у=101,28;        +            
x^2-х, х=10;                    +


ә) Ауызша сұрақтар:
1. Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
2. Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
3. Бірмүшелер қалай көбейтіледі?
4. Көпмүше деп нені атаймыз?
5. Көпмүшенің ұқсас мүшелері деп нені атаймыз?
6. Бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айтыңыз?
7. Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңыз.
ІІІ. Алгоритмдік деңгей. Тест тапсырмаларын орындау.
Тест тапсырмалары
    Көпмүше емес өрнекті көрсетіңіз.
    3x^3+6ху;     2) 7,5+а;     3) 7ху–1;     4) х+у
а) ондай өрнек жоқ       в) 2          с) 3           д) 4
2. 4с–4d өрнегі тең болатын өрнекті табыңдар.
1) 4(с–d);      2) 4(d–с);      3) –4с–4d;    4) 4с+4d
а) 2          в) 4       с) 1        д) 3
3. Көбейтуді орындаңдар: (4b^2-4b+16)*0,5b
а)2b^2+8b;    в)2b^2-2b+8;  с)2b^2+2b^2-8b;   д)2b^3-2b^2+8b
4. Өрнекті ықшамдаңдар: (2а+5b)+(8а–11b)+(9b–5а)
а) 5а–4b;      в) 5а+3b;      с) 15а–2b;     д) 15а+25b
ІV. Эвристикалық деңгей.
а) Оқулықпен жұмыс
№235. Ортақ көбейткішті жақша алдына шығар.
1) 4а^3 b–10а^2 b^2+2аb^3;
2) 18х^3 у+21х^2 у^2–3ху^3;
3) 8〖х5у〗^2–12х^4 у^2+12х^3 у^2–4х^2 у^2.
№239. Көпмүшелерді көбейтіндісі түрінде келтіріңдер.
1) 2а(m+n)+b(m+n)=
2) 8(х-1)+(х-1)2=
3) 3с(х-у)-2d(х-у)=
4) 3аb(х+2у)+с2(х+2у)=



ә) Математикалық лото
Төмендегі есептерді шығару барысында бос торға дұрыс жауаптарын орналастыру керек, нәтижесінде сәйкес орналасқан сыйлықтарды алады.

Бірмүшені стандарт түрінде жазыңдар
(3х²у)³•5у⁷        
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар
8х⁶у³-12х³у³        
Ұқсас мүшелерін біріктіріңдер
4а-5b+5b+4b        
Өрнекті ықшамдаңдар
6х(2х-1)-7х        
Көбейтуді орындаңдар
4(8х-2у)        
Өрнекті ықшамда
а+b+с-(а-b-с)        
Амалдарды орында
-10m(2m+4р)        

13х⁶у¹º         4х³у³(2х³-3)        -20m²-40mp     4(а+b)
12х²-13х      32х-16      2(b+с)

V. Шығармашылық деңгей.
Деңгейлік тапсырмалар.
І. Жеңіл
1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар.
18аb²-2аb
2. Өрнекті ықшамдаңдар.
7(2а+5b)-5(3b-4а)
3. Амалды орындаңдар.
(1,5х^2-х)•3х-x^2(9х-3)
ІІ. Күрделі
1. Көбейтуді орында.
10(а+в)
2. Көбейтуді орында.
4а^2 b^2(2а^3-3а^2+3а-1)
3. Көпмүшелердің алгебралық қосындысын тап.
(13х-11у+10z)-(15х+10у-15z)

VІ. Сабақты қорытындылау.
Бағалау парағымен жұмыс. Оқушыларды бағалау.
Оқушыларды бағалау парағы

Тапсырмалар түрі

Оқушының аты-жөні    Семантикалық картамен жұмыс    Ауызша сұрақтар    Тест тапсырмалары
    Оқулықпен жұмыс    Математикалық лото
    Деңгейлік тапсырмала

VІІ. Үйге тапсырма: №248 есеп.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көрсеткіштік теңдеу
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Туынды тақырыбына есептер шығару
Көпмүше тарауын қайталау
Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Рационал сандарды бөлу.
Бүтін өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Ашық сабақ
Көпмүшені көпмүшеге көбейту
“Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу”
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3478 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык