Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құстар тарауын қорытындылау


Құстар тарауын қорытындылау

Тақырыбы: Құстар тарауын қорытындылау

Мақсаты: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту.Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қлорытынды сабақ
Әдіс-тәсілдер: АКТ, СТОҮ, ДТОО, диалог ОЖЕСО, Оқытуды, Оқыту үшін бағалау ОЖТ
Құралдары: Интерактивті тақта,слайд,  маркер, түрлі түсті қарындаш
 
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топтастыру, топ  аттарын 
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Кім көп біледі? »
2. «Жұмбақ сурет»
3. Мәтінмен жұмыс
4. Халық даналығы 
5. «Құстар-біздің достар»  (құстарға арнап сурет салу)
6. «Мені түсін»  (құс суретін түсіндіру)
 
1. Ұйымдастыру бөлімі (сайысқа  қатысатын оқушыларды іріктеу)
1.Қазақ ертегісінде айдаһармен арпалысқан құс?   (қарлығаш)
2.Құстардың негізгі мекені не? (ұя)
3.Қандай құс хат тасушы атанған?  (көгершін)
4.Құсты аңға салу үшін баптайтын адам?  (құсбегі)
5.Сөйлей алатын қолға үйретілген құс?    (тотықұс)
6.Киелі құс?    (аққу)
7.Қай құста мүлде ұя болмайды?  (көкек)
8.Қыздардың бас киіміне қауырсынын тағатын қасиетті құс?  (үкі)
9.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс?   (колибри)
10.Орман санитары?   (тоқылдақ)
11.Түнде ұшатын құс?  (жапалақ)
12.Абайдың аңшылыққа байланысты өлеңі?  (Қансонарда)
13.Әлемдегі ең үлкен құс?   (түйеқұс)
14.Жұмыртқасы мен еті пайдалы құс?   (тауық)
15.Сайрағыш орман құсы?    (бұлбұл)
16. Өз атын өзі шақыратын құс (көкек)
17.Бейбітшілік символына айналған құс?   (көгершін)
18.Ең алғашқы көктем жаршысы?  (қараторғай)
19.Н.Тілендиевтің күйі қай құстың атымен байланысты?  (Аққу)
20.Еліміздің тауында бейнеленген құс?     (бүркіт)
21.Көктем шыға оралатын құстарды қалай атаймыз? (жыл құстары)
22.Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
23. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?  (960 рет) 
 
 
2. «Кім көп біледі? »(құстар аттарын тап)
Б Н А Т О Қ Ы Л Д А 
І Қ Ұ Р С М И Т С Қ 
Р Ч А Н Ш У В Н И П 
Қ А З Т А Ә Ү Г Л О 
А Қ А І Ғ Н И В П Т 
Р К Н К А П Й Ф Я К 
Ғ А Ы Р Л Т К Ө К Е 
А И Ф Ү А Б Л Ш П Ү 
Ж Т Я Б Т Ю М С И К
К О Л И Б Р И Е З І 
 
 Құстардың үнін тыңдайық. (Сергіту сәті).
 
3. Сайыстың келесі кезеңі “Жұмбақ құс”
1. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. 
2. Көкек- Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек. Дене тұрқы 25 – 40 см. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.
3. Пингвиндердің дене тұрқының ұзындығы 91 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар үстінде бауырымен сырғанайды. 
4. Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренетін құс. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді. Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақ  халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді. 
5. Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Ұясында  1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. 
6. Тоты құстар350-ге жуық түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Өмір жасы да ұзақ,70 жыл өмір сүреді.  Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ең жақсы сөйлейтін  жако (сұр) тотысы. Қораздары  мекиендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алу қабілетімен ең тартымды құс болып саналады. 
  
1. Торғай-адамдардан жасқанбай, кез келген жағдайға бейімделе алатын шағын денелі шуылдақ құс. Торғайлар өте пайдалы құс, жаз айында жасыл желекті көптеген зиянды бунақденелілерден арылтады. Ең кішкенесі-17-28г, бұлар-отырықшы құстар.
2. Тырналар - далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі. Бізде тырналар  тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы-120 см,  салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-ларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады.. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары .
3. Павлиндер, тауыстар.Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Олар  Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
4. Қарға— дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа — қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қоргаторғайлар жатады.
5. Шағалалар- суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар. Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі.
 
6. Үкі- негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады.   Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. 
1.Қоқиқаз- өте әдемі және ерекше құс. Биіктігі адам бойындай, салмағы 4 кг, ұзын мойны мен ұзын аяқтары болады. Қауырсындары қызғылт түсті, ал қанатын жайғанда қанатының қара ұштары мен оның қызыл жабындары көрінеді. Ұшып бара жатқан құс лапылдап жанып бара жатқандай, сондықтан латынша «фламма» яғни «от» деген атқа ие болған. (қоқиқаз)
2. Түйеқұс - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.
3.Бірқазан-қазақстанда бұйра және қызғылт түрлері кездеседі. Ірі ақшыл құс, салмағы 13кг, ерекше үлкен тұмсчығы бар, ұзындығы 45см, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері қапшықтан тұрады. (бірқазан)
4. Колибри (Trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және Оңтүстік Америка өңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар. Қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, ал мекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. Колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. Кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. Колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. Олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді.
5. Лашын(лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарынікі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады.
6. Ұлар- дауысы сазды ысқырық, әдетте жартастан ұшады, тегіс жерде екпіндей ұшады, шаңға шомылғанды ұнатады, өсімдіктің дәніменғ көк шөппен, гүл қауызымен және тамырмен қоректенеді. киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. "Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?" деген сөз бар.
 
4. Мәтінмен жұмыс
Асқар мен Айтқазы екеуі бір сыныпта оқыған кездегі оқиғаларды әңгіме етеді. Бүгінде айтқазы үй ішінің қонақтарға арнап қара қазанға асып қойған бір қазан етті аударып алғандары, жаздың ыстық күндерінде ауыл сыртындағы көлге келіп, күн ұзақ суға түсіп, аққурайды отқа жағып, аулаған балықтарын пісіріп жеп, жақсы дем алып қайту-сол кездегі әдеттері болғандығын әңгімелеп келе жатқанда, қар жапалақтап жауа бастады. Осы кезде  алдарынан кекілі келте, бір сыныпта оқитын Қарлығаш  шықты. Қарлығаштың бұларға айтқан жаңалығы жексенбі күні шопандар тойының болатындығы еді. Шопандар тойын көруге көңілдері ауған бұл екеуі Бүркіттің  жылқышы атасы- Бейсеннің үйіне бармақ болды. Бұл тойда екеуі сүйікті ұстаздары-Үкілім апайды кездестірді. Бұлар ауылдағы тойды көріп қуанып қайтты. 
Құстар: бір қазан, ұзақ, балықшы, жапалақ, кекілік, үкі, аққу, жылқышы, қаз, ұлар, бүркіт, қарлығаш.  
 
5. Халық даналығы  
Қазақ халқының құстар туралы айтқан даналық сөздері туралы, болжамдары туралы айтамыз.
1.Ұзақ пен қарлығаштың ерте ұшып келуі-ерте көктемнің белгісі.
2.Егер қаздар асығып ұшып бара жатса,қар ерте жауады.
3.Егер тырналар оңтүстікті бет алып ұшса,онда 14 қазанда алғашқы аяз болады,ал ол бағытқа ұшпаса,суық 12 қарашаға дейін түспейді.
4. Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
5. Торғай терезеге қонса, күн суытады.
6. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
7. Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады; Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
8. Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады.
 
6. «Құстар-біздің достар»  (Постер құру. Құстарға арнап сурет салу)
7. «Мені түсін»  (құс суретін түсіндіру)
1) Биікте ұшып жүреді, 
Түлкі,қоян бұреді. 
Қия таста ұясы, 
Бұл құсты кім біледі.                         (Бүркіт) 
  
2)Ұшқаны қызық жалпылдап, 
Өзі сондай қарқылдап.                        (Қарға) 
  
3)Ақ сарайын талқандап, 
Шықты біреу талтаңдап.               (Балапан) 
  
4) Алмас-алмас күшті аңды, 
Аулар-аулар тышқанды.              (Ителгі) 
  
5)Айдың судың түлегі, 
Шабақ ішіп жүреді.                (Шағала) 
  
  
6) Көктемде ерте келетін, 
Біз ұя жасап беретін 
Ол қандай құс?                       (Қараторғай)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Құстар келді өлкеге»
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар
Құстар-біздің досымыз
Қара торғайым келдің бе?
Тіршілік ғажайыптары
Қанатты дос-табиғаттың тартуы
Құстар – біздің досымыз
Құстарды топқа бөлу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6353 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык