Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көктем гүлдерінен көбелектер жасайық


Көктем гүлдерінен көбелектер жасайық

Сабақтың тақырыбы: Көктем гүлдерінен көбелектер жасайық

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету. Заттың формасын түсін, көлемін таба білуге бейімдеу.
2. Балаларды мейірімді, адал болуға, мейірімсіз, қатыгездіктен бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, қазақ тілі.
Пайдаланатын құралдар: түрлі-түсті қағаздан жасалған гүлдер, үлестірмелі парақша.
Сабақтың барысы:
1. Басталуын ұйымдастыру.
а) оқушылардың оқу құралдарын түгендеу;
ә) психологиялық дайындық.
Хор: Туған жердің қорғайтын әрбір талын,
         Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.
         Құрметтейік тіпті оның көбелегін,
         Біз баламыз, О, Отан жас Ұланың.
Оқушылар мемлекеттік әнұранды орындайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой шақыру.
Мұғалім: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар: - Көктем.
Мұғалім: - Көктемде ауа-райы қандай болады?
Оқушылар: - Күн жылынады, жаңбыр жауады, күн күркірейді.
Мұғалім: - Адамдар қандай еңбек түрлерімен айналысады?
Оқушылар: - егін егеді , бау-бақша салады.
Мұғалім: Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады?
Оқушылар: - Бәйшешек.
Мұғалім: - Жер бетінде қандай өзгерістер болады?
Оқушылар: - жер көгереді, жәндіктер тіріледі, ағаштар жапырақ жаяды.
    Жақсы балалар, көктем туралы көптеген жайыттарды білеміз екен,  енді көктем туралы тақпақтар білетін болсаңдар айта қойыңдаршы
    «Есте сақтау». Жаңа айтып өткен көктемде табиғатта болатын өзгерістерді топтау әдісін пайдаланып қағазға түсіру.
 
Сергіту сәті.
Саяхаттап, жырақтап,
Орман тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан
Гүлдер теріп аламыз.
Ал енді балалар, мына суретке қарайық. (тақтада күн, көбелектер, гүлдер суреті ілінген)
«Хан талапай» ойыны.
Ойынның шарты: нөмірленген асықты шашып жіберіп, қолдарына ілінген асықты алады. Осы асыққа сай нөмірленген гүлді алып сұраққа жауап берсе, гүлді ұтып алады, жауап бере алмаса, өзге көмектескен оқушы ұтып алады.
Сұрақтар төмендегідей:
     1. Пейзажист деген кім?
     Табиғат көрінісін бейнелейтін суретші.
2. Мүсінші немен шұғылданады?
      Суретшілердің ішіндегі саз балшықпен, пластилинмен,    
     ағашпен, таспен, темір-терсекпен жұмыс істеп, бейне  
      тұрғызатын суретшілерді мүсінші дейді.
3. Мультфильм суретшілерін қалай атайды?
Мультипликаттар деп атайды.
4. «Коллаж» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Жабыстыру тәсілімен жасалатын жұмыс.
5. Монотопия деген не?
Бір басылымды сурет басып шығару.
6. Зергер немен шұғылданады?
Сақина, білезік жасайды.
7. Дизайншы – қандай суретші?
Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретші.
8. Натюрморт деген не?
Бір түсті сурет.
Бұл ойын қайталау мақсатында жүргізіледі.
Мұғалім: - ал енді балалар мына суретке қараңдаршы бұл суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
Оқушылар: - гүлдер, көбелектер.
Мұғалім: иә, олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көктемгі гүлдерден көбелектер жасау.
       Гүл де, көбелектер де табиғаттың әсем бір бөлігі. Гүл табиғатқа әсемдік, нәзіктік, хош иіс сыйлайды. Гүлі көп өскен жер әсем, өте әдемі болып көрінеді. Гүлді анамызға, қыздарға жақсы тілектерімізді айта отырып сыйға тартамыз.
     Енді балалар осы гүлдерден көбелектер жасауды үйренейік.
    Жасалу жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: Гүлдерден көбелектер жасап келу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Көбелектер әлемі
Көрікті көктем
Көктем келді
Үстеуді пысықтау, Көктем табиғаты
КӨКТЕМ
Сиқырлы көбелектер
Көктемгі табиғат
Көрікті көктем ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2578 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык