Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылу құбылыстары


Жылу құбылыстары

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: «Жылы құбылыстары» туралы білімді тиянақтау.
2.Дамытушылық: Логикалық зейін қою
   қабілетін, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дебат сайыс.
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан оқыту және Ғалиев әдісінен элементері.
Пән байланысы: Медецина, халықтық педагогика, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Үлестірмелі материал, плакаттар, графопроэктор суретттерімен. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
   ІІ. Дайындық кезеңі.
  ІІІ. Ұй тапсырмасын сұрау кезеңі.
   Алдымен оқушыларды есте сақтау қабілетіне қарай екі топқа бөлеміз:
1. Жылу қозғалтқыштарын пайдалануды жақтаушы топ яғни ЖАҚ топ
2. Жылу қозғалтқыштарын пайдалануды датттаушы топ яғни ДАТ топ
Әділқазы алқасы мектепте физика- математикадан  сабақ беретін мұғалімдер 
І-кезең Үй жұмысы:
Үй жұмысына екі есеп берілген. Есепті тексеру үшін екі топтың топ басшылыры тақтада шығарады. ЖАҚ тобының топ басшысы Артыкова Жазираның берілген есепті плакатқа суреттін салып «Жылу құбылысына» толық қайталу жүргізеді. Яғни жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті жану жылу, меншікті булану, меншікті балқу жылу тақырыптарын формуласын жаза отырып ережелерімен өз тобындағы оқушыларымен қайталап береді.
Есепің берілгені:
 Температурасы 00 С, 1 л су құйылған массасы 4 кг қалайыдан жасалған ыдысқа 15 кг тас көмірін жаққан кезде, суды буландыру үшін және отынды толық жандыра отырып ыдысты балқу температурасына дейін жеткізіп балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет ? 
ДАТ тобының топ басшысы Ешимова Нургүл өз есебін түсіндіру үшін плакатқа суретін салып тарауға өз тобындағы оқушылармен қайталау жүргізеді. Яғни ол меншікті булануға қарсы жүретін құбылыс конденсация, қайнау, балқуға қарсы құбылыс қатаю немесе кристалдану, термодинамиканның І-ІІ заңдарын толығымен айтып өтеді
Есептің берілгені:
Температурасы 1000С, массасы 10 кг су буы конденсацияланған кездегі жылу мөлшерін пайдаланып, -100С температурадағы қанша мұзды балқытуға болады?
          ІІ-кезең «Галерея шарлау» 
Бұл кезеңде оқушылар қарама-қарсы топтар бір-бірінің тақтада шығарылған есебінің қателіктерін
көрсетіп береді.
     ІІІ-кезең «Жылу құбылысы өмірде»
Бұл кезеңде екі топтан 4-оқушыдан шығып ағаштағы алманы үзіп, сондағы сұрақтарға жауап береді.
              Сұрактары
1 Неге отқа қойылған сулы шәйнек қайнар алдында «шуылдайды»?
2 Қорғасынды суға салып ертуге болама?
3 Неге ағашты, қағазды балқытуға болмайды?
4 Көмір жаққанда астына тамызық салады және тамызық ретінде майда шөп немесе ағаш жаңқалары пайдаланады. Тамызық араларын ашып , реттеп қоғанда тез тұтанады неге?
5 Неге өзен, көл маңындағы егіндік суыққа аз шалдығады?
6 Неге тау басында ет жақсы піспейді?
7 Қайсысы қауыпті: машина радиаторындағы қысымының азаю ма, әлде көбеюі ме?
8. Мұздың меншікті балқу жылуының судың меншікті булану жылуының аз болуы көктемдегі егін жұмыстарына қандай әсері бар? 
Жауаптары
1. Ыдыс түбіне пайда болған бу көпіршіктері жоғары көтеріліп, судың сұйық қабатына енеді. Мұнда көпіршіктегі бу конденсецияланады да көпіршікті жарады. Осы кезде «шуыл» шығады.
2. Болады. Ол үшін қорғасыны бар құйылған ыдысты берік қақпақпен жауып қыздыру керек . сонда судың температурасын қорғасының балқу температурасына дейін жеткізуге болады.
3. Ағаш қағаз арганикалық заттар оларды қыздырғанда жанып кетеді.
4. Отын тұтанып жану ушін оған белгілі бір мөлшерде жылу беру керек. Ал тамазық ретінде алынған майда ағаш жаңқаларының тұтануына сіріңке шиі берген жылу энергиясы жеткілікті. Тамызық араларын ашқанда оған ауа жақсы барады да жану күшейеді.
5. Судың меншікті жылу сыйымдылығы көп, сондықтан су суынғанда айналаға көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.
Тау басында судың қайнау температурасы 100 С-тан төмен , сондықтан ет жақсы піспейді.
6. Қысымының азаюы қаупті 
7. Көктемгі мұздың еруімен, еріген су буынуң кебуі баяу өтеді де, су топраққа терең енеді. 
            ІV- кезең « Ғажайып табиғат»
Бұл кезеңде екі топтың оқушыларына екі мезгілдегі табиғат көрінісі беріледі. Бұл көріністе оқушылар қандай жылу құбылысты көріп тұрғандарын талдап береді.
                  ДАТ топқа   күз мезгілі                                                           3
             ДАТ топ күз мезгілінде конденсация, булану, сәулелік жылу, ауаның ылғалдығы, шық нүктесі туралы айтады.                                                                                                                                                  ЖАҚ топқа көктем мезгілі     
Жақ тобы көктем мезгілінде мұздың балқып суға айналуы, кебу, жылу алмасу туралы сөз жүргізеді.
V- кезең «Дебат»  Бұл кезеңде  ЖАҚ тобы жылу қозғалтқыштардың пайдалы жақтарын қорғайды. ДАТ тобы жылу қозғалтқыштардың зиянды жақтарын қорғайды.
Жақтаушы жақтан топ басшысы сөз алады.
  Жылу қозғалтқыштарын пайдалану өркениеттке апарар жол деп есептейміз. І-дәлел  Қазіргі кезеңде энергетикалық кризис әлемді жайлап келеді. Солтүстік Қазақстан аймағында энергитикалық тапшылық жоқ. Бізде Оңтустік   Қазақстанда аймағында энергетикалық тапшылық өз орнын алып отыр.              4 Оңтүстік Қазақстан энергитиканы Өзбекстаннан сатып аламыз. Сол үшін біз АЭБ Оңтүстікте салуды дұрыс жоба деп отырмыз. Яғни АЭБ-де жылу қозғалтқыштарынның бір түрі бу трубинасын пайдаланатынын сіздер жақсы білесіздер.  Уран атомының энергиясын пайдалану арқылы, біз жағары дәрежедегі бу қысымын алаламыз.  АЭБ-ін салу экономикалық жағынан аса тиімді. Біріншіден АЭБ-де , жылу электр бекетеріне қарағанда пайдаланатын отын мөлшері әлдеқайда аз жұмсалады. Екіншіден жұмыс істейтін адамдар саны за болады олай болса оларды тұрғын үймен қамту проблемасы оңай шешіледі, тағы басқа сауықтыру шараларына да шығын кемиді. Отын тасымалдайтын жүздеген вагондардың және соған сай тасымалдау шығындары да азаяды. Біздегі Созақ және Қызылқұмда уран рудасы өндіретін өндірісті пайдаланып АЭБ салу тиімді. ЖЭБ қарағанда АЭБ экологиялық жағынан таза экономикалық жағынан тиімді.
ІІ-дәлел. Жылу қозғалтқыштың тағыда тиімді түрі ол іштен жану қозғалтқышы. Іштен жану қозғалтқышын біз техникалық машиналарда қолданамыз. Яғни ішкі энергияны жылу беру арқылы механикалық энергияға айналдыратын құрылғыларда қолданамыз. Олар самолеттерді ұшырады, тракторларда, тепловоздарда, теплоходтарда, теңіз кемелерінде,  автомобильдердің көптеген түрлерінде орнатылады. Сіз өзіңіздің өміріңізді осы құралдарды жоқ деп елестетіп көріңіз. Қарапайым бір мысал егер сіз аурып қалсаңыз, сіз қаланың бір шетінде тұрасыз,  жедел жәрдем шақырасыз. Жедел жәрдем сізге автокөлік арқылы тез келуге асығады. Сіз  шет елдерге аттанатын болсаңыз сіз шартты түрде самолет, немесе теңіз кемелері арқылы барасыз. Егер бұл автокөліктер болмаса сіз мақсатыңызға жет алмаған болар едіңіз. Тракторларды ауыл шаруашылығында қолданамыз. Жер жырту, дән себу, егінді жинау үшін қолданамыз. Кен  қазу, су құбырларын, газ құбырларын тарту үшін, жер телімдерін текістеп жол салу үшін, халық көп орналасқан қалаларда метро тунелдерін салу үшін, үлкен өзен бойынан автамобиль темір жол көпірлерін салу үшін т. б сол сияқты керектерде тракторлармен қоса автокөліктің басқа түрін қолданамыз. Автокөліктің шамасы кемелген мұнай, көмір. тағы сол сияқты кендерді тасымалдау үшін тепловоздарды және теплохоттарды қолданады. 
ІІІ-дәлел. Жылу қозғалтқышының тағы бір түрі реактивті қозғалтқыш . Турбореактивті қозғалтқыштар авияцияда 40-жылдары көптеп қолдана бастады. Қазіргі кезде турбореактивті қозғалтқыштары бар ИЛ-62, ТУ-154; ИЛ-86 ұшақтары Қазақстанның қалаларын басқа елдермен байланыстыруда. Біз ғарышқа  ұшу арқылы қыруар ақшаға ие болып отырмыз. Сол ақшаны еліміздің керегіне жұмсап отырмыз. Соның арқасында өркенйетті елдің біріне айналдық. Бізге мәлім зымырандарда реактивті қозғалтқышты қолданамыз. Ғарыш кеңістігін зерттей келе бізді қоршап тұрған планета, комета тастар ,күннің жерге әсерін т.б зерттеулер жүргізе аламыз. Мен өз сөзімді аяқтай келе «жылу қозғалтқышсыз өмір жоқ» деп айтқым келеді. Өркениетті ел болу үшін өз үлесімізді қосайық!        
ДАТ топ жылу қозғалтқыштарының адамға әкелер зиянды жақтарын қорғап шығады.
Жылу қозғалтқыштарын пайдалану қасіретке апарар жол деп есептеймін.
 І-дәлел Сіз айтып отырсыз АЭБ пайдалану экологиялық таза, экономикалық       5  тиімді жоба-деп,  мен бұған мұлдем келіспеймін. Сіз өз сөзіңізде АЭБ-ін салу қажеттілігі жөнінде пікірлеріңізге өз басыңыз толықтай сенесіз бе? Сіз жаңа айтып өтіңіз Қызылқұмда уран рудасы өндіріледі деп. Оның айналаға келтіретін зияны көп екенін өзіңізде жақсы білесіз. АЭБ –і жұмыс істеген кезде радиоактивті қалдықтар міндетті түрде қалады. Оладың есебін тауып көмген өзінде, халыққа қоршаған ортаға зияны жоқпа? Бізге мәлім АЭБ-де бу трубинасын қолданады. Бу трубиналарында жоғары буды алу үшін атом ядроларының энергиясын пайдаланады. Енді  өзіңізге мәлім, атом ядроларының энергиясы қару түріндегі әлемге қандай қорқыныш, қандай жантүршігерлік қауіп әкелгеніне қарсы болмассыз? Атом электр бекеттерін салу, еліміздің биосферасына аса қауыпты. Семейдегі ядролық полигонының зардабы әлі күнге дейін шығып жатыр, арадан 62 жыл, яғни жарты ғасыр өтсе де. Маңғыстауда халықтан жасырын түрде үш бірдей жер асты ядролық сынағы өткізілді. Бұл бізге мәлім болған жарылыстар , әліде беймәлім жарылыстар саны нешеу екені бір Құдайға мәлім. Сізге атом ядросының адамның денсаулығына қандай зиян әкелетінін айтып өтейін. Сынақ жүргізілген жылдары, психикалық ауралар, ақыл-есі кемдер, қан және қантамыр аурулары, қалқанша без аурулары,  тері аурулары, инфекциялық аурулар және соның салдарынан 10000 адамның өлімі т.б сол сияқтыға дұшар болған. Әзіргі күнге дейін өз әсерін беріп келуде. Оңтүстік Қазақстанның аты ВИЧ-СПИТ арқылы атақты болып жатқанда, АЭБ-тін Қазақстанның  8-жеріне орнаттып қосымша жазылмас ауруларды өзімізге шақырып отырған жоқпыз ба?  Экономикаға тиімді деп отырсыз, сонда адамның денсаулығы экономикаға қатысы жоқ деп отырсыз ба? АЭБ-рін салудан көрі Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыру, болмасса жел энергиясын пйдалану бұдан гөрі пайдалы емес пе? Неге Қызылқұм аймағына АЭБ салғанша Күн энергиясын пайдаланып энергияны содан алайық. Меннің естуімше Солтүстік аймақта электр энергиясының тапшылығы жоқ, олар қайта Рессейге және шет елдерге сатып жатыр дейді. Сонда олар бізге сатудан гөрі шет елді абзал көріп отыр ма? Неге біз электр энергиясын Өзбекстаннан сатып алуымыз керек Өзіміздікі ше?     АЭБ салған ақшаға неге өзімізге Солтүстіктен электр қуатын тартып әкелмейміз? Бізде Күн арқылы электр энергиясын алуға толық мүмкіндік бар тек қана ғалымдар жоба ұсынса болды.  
ІІ-дәлел Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығына зор деп отырмыз. Яғни іштен жану қозғалтқышын қолданылатын құрылғылар. Бірақ қазіргі таңда жану өнімінің зиянды қалдықтарынан табиғтты қорғау мәселесі күрделеніп бара жатыр. Зерттеулер жануарлар, өсімдіктер, сонымен қоса, адамдар да ауаның химиялық құрамының азғантай өзгерісінің өзіне өте сезімтал келетінін көрсетті. Жылу машиналарында отынды жағу кезінде оттектің көп мөлшері шығындалады, нәтижесінде ауадағы оттектің мөлшері біртіндеп азайып барады. Сонымен бірге, атмосфераға көмірқышқыл газы мен басқа да химиялық қосылыстарды көп мөлшерде шығарады. Олардың көбі дерлік тірі оганизімдерге жағымсыз әсер  етеді. Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 345 млрд тоннаға артты. Бұл атмосферадағы балансты бұза отырып, ондағы көмірқышқыл газының концетрециясының артуына алып келді. Өндіріс кәсіпорындарының және жылу электр станцияларының оттықтарындағы отын ешқашан толық жанып кетпейді. Сондықтан ауаны күлмен, күйемен ластайды. Күкірт пен азоттың оксидтері қосылып ылғал ауамен азот пен күкірт  6 қышқылын түзеді, соның нәтижесінде қышқыл жаңбыр жауып, ол қылқан жапырақты орманның жоғалып кетуіне, ауыл шаруашылық дақылдарының түсіп төмендеуіне, ауа мен судың ластануына  әеклетін аса үлкен зиян келтіреді. Атмосфераның ластануы адам денсаулығына зиянды.                                                                                                             Меннің  пікірімше автокөліктегі іштен жану қозғалтқыштың орнына,  сутекпен жұмыс істейтін автокөліктермен, немесе  күн энергиясы арқылы қозғалатын автомашиналарды, мүмкіндегенше ертерек зертегеніміз және іске қосқанымыз жөн. Себебі сутек жанғанда, сыртқы орта үшін зияны жоқ су түзіледі. Ал күн энергиясы арқылы қозғалатын автокөліктердің сыртқы ортаға мұлдем зияны жоқ.
ІІІ-дәлел сіз өзіңіз айтып өткендей Қазақстанның қалаларын реактивті лайнерлер ұшағын пайдаланып басқа елдермен байланыстыруда деп.Сіз білесіз бе? Тек бір ғана реактивтік лайнер5 сағат ұшқанда, 45 т оттекті пайдаланалы. Атмосфераға көмірқышқыл газы мен басқа да химиялық қосылыстарды көп мөлшерде шығарады. Сонның салдарынан жағарыда атап өткендей атмасфера тірі организдерге жағымсыз әсер етеді. Сонда атмасфера ластануымыз үшін аса көп жұмыс істеіміз қажет емес, бірнеше лайнер шығарсақ болды. Өзіңіз ойлаңыз бір ғана лайнер осынша оттекті пайдаланса, ғарышқа ұшып жатқан зымырандарымыз қанша тонна оттекті  пайдаланады? Ғарышқа ұшырып біз өркенйетті елге емес ауруға шалдыққан елге айналып жатырмыз. Не себеп ауылшаруашылық егіндеріміз суыққа шалдығып, өнімдердің бағасы жоғарлап жатыр? Себебі диқандар егінін егіп болса, біздің Қазақстан басқа елдермен бірігіп ғарышқа ұшады. Ғарышқа ұшу салдарынан ауа-райы курт өзгеріп егіндер суыққа шалдығады.  Ол теқ қана егінге әсер етпей қан қысымы бар адамдарғада өз әсерін тигізеді. Кешегі Қызылорда да болған апат ғарыш кемесінің сәтсіз ұшуынан жарылысқа ұшырап, сал обылысқа түскені қаншама малдардың үстіне жара басып,қырылып кетті. Ол адамға әсер етпейді деп ойлайсыздар ма? Кімде-кім осы дәлеліме қарсы келсе мен ол адамды, қылмыскер деп санаймын.
Біз Қазақстанның келешегіміз осы жылу қозғалтқыштарын жойып, тірі ағзасына әсер етпейтін қозғалтқыштарды ойласуға өз үлестеріңді қосыңдар. «Тәні саудың жаны сау» деген қағиданы ұстанып мен өз пікірімді аяқтаймын.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
Екі топ бір-біріне сұрақ жауап беру арқылы дебатты аяқтайды 
Дебаттан кеиінгі сайыс ол Галиев әдісімен толық жылу құбылыстарына сызба нұсқа ретінде түсінгенін жазып береді барлық оқушылар. Яғни дәптермен жұмыс істейд                                               VІ- кезең «Пысықтау»Бұл кезеңде оқушылар өткен тарауды пысықтау үшін Ғалиевтің әдісімен сызба нұсқа арқылы қортындылайды
 Механикалық                                                                 Жұмысқа негізделген        
Жұмыс денесі
Бензин суы     жылу резервтері     Жылу өткізгіштік          Циклда


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.
Жылу қозғалтқышы және қоршаған ортаны қорғау
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы
Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы
Молекулалық физика негіздері
Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары
Жылу машиналары
№2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.»
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 4108 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык