Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2169 |
|
|
|
ОҚУШЫЛАРҒА ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып, өткен өміріне көз салу, тарихи тәжрибеден сабақ алу, мәдени дәстүрлерін, озық әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеу, оларды ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жеткізу мәселерімен ұстаздар қауымы да мұқият шұғылдана бастады. Халықтың тірнектеп жинаған оқу-тәрбие ісінің бай тәжрибесін аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу - әрбір ұстаздың міндеті.
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор. Халықтық педагогиканың негізгі көздер мақсаты - өзінің бай тарихи тәжрибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер – білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, Отанын сүюге, ар-намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Оқушыларды ұлтжандылыққа, халқын қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу-сызуы болмаған халқымыздың табиғат құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін, көргендігін, данышпандығын аңғарамыз. Мысалы, 7-сыныпта “Диффузия құбылысы” тақырыбын өткенде айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы, температура жоғарылаған сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. “Қысым” тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш жұмсап қазықты жерге тез кіргізудің тәсілін ерте игерген.
Ал 8-сыныпта “Жылу өткізгіштік” тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, соған байланысты тұлып, ішік тігіп кигенін түсіндіру керек. Осы сыныпта “сәуле шығару” тақырыбын өтеді. Сол сабақта не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын, не себепті ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдесе, оқушылар санасында тақырып ұзақ сақталады. Сондай-ақ, 9-сыныпта “Ньютонның қозғалыс заңдарын” өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – “Арқан тарту “, “Күш сынау”, тағы басқаларын айтса, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды.
Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар мен заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт-дәстүрлерді уағыздап, жас ұқпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн. Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Біріншіден, ойын сергіту сәті болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады. Үшіншіден, өтілген материалды қайталау тұрақты түрде жүзеге асады. Бұдан оқушы есінде көп нәрсе қалары сөзсіз. Себебі, қайталау – оқу анасы.
Ойындар әр түрлі бағытта жүргізіліп отырады. Мысалы, бірде оқушы жалпы өтілген теориялар мен анықтамалар бойынша жарысқа түссе, тағы бірде ұлы физик ғалымдардың өмірі жайлы айтысады. Осылай әр түрлі бағытта жүргізуге болады. Мұғалім біздің ата-бабаларымыздың ертеден ойнаған ойындарының тәрбиелік мәнінің зор екенін түсіндіріп, олардың қазірге дейін ұрпақтан ұрпаққа жеткенін және заман талабына сай жаңаша түр сипат алатынын да әңгімелеп айтуы керек. Сондай-ақ, бұл ойындар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай бір-бірімен жақындастырып достыққа, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады. Жалпы ойынның уақыты 5-10 минуттан аспауы керек. Сондай-ақ бір оқушы немесе мұғалімнің өзі оқушылар жауабының дұрыс не бұрысын белгілеп отырса, оқушы алатын баға әділ шешіледі. Қалай десек те, оқушылар санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымға, білімге деген ынталарын арттыру үшін де физика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп, маңызы зор. Енді осы ойындарды қалай өткізуге болатынына тоқталайық.: «Аңшылар» ойынына назар аударайық, ойынға 12 оқушы қатысады, яғни 2 оқушы аңшы, 10 оқушы үйрек болады. Үйректер аңшыларға сұрақ қояды. Егер аңшы дұрыс жауап берсе, үйректі атып алғаны. Әр аңшыға 10 сұрақ қойылады. Егер аңшы 10 үйрек атып алса – 5, 8 не 9 үйрек атып алса –4, 4 не7 үйрек атып алса –3, 1 немесе 2 үйрек атып алса –2 деген бағалар қойылады. Бұл ойын 10 минуттан аспауы керек. Сол сияқты « Аламан бәйге» ойыны да оқушыларды қызықтырары сөзсіз, бұл ойынға сыныптағы барлық оқушы қатысады. Әрбір оқушы қағазға физикалық теориялар мен анықтамалар жазады. Ойынға 5 не7 минут уақыт беріледі. Уақыт біткенде кімнің көп жазғанына байланысты баға қойылып, қорытындыланады. Ең көп жазған оқушы бәйгенің жеңімпазы болып есептеледі. Сонымен қатар басқа да, мысалға, орамал тастау, теңге алу, сақина салу, арқан тарту сияқты ойындарды ұйымдастыруға болады.
Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік берген өте пайдалы. Мысалы, 8- сыныпта “Кебу және конденсация” тақырыбын өткенде “Аузы күйген үрлеп ішеді” деген мақалды оқушыларға айту керек. Мақалдың тәрбиелік мәні, жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физикалық тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады. Осы сияқты басқа да мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай айтып отырса, оқушылардың ұлттық сана-сезімін оятуға, дамытуға берер әсері көп. Сонымен қатар, бұл мақалдар халқымыздың ертеден-ақ дана халық болғанының дәлелі, айғағы екендігі сөзсіз. Бұл оқушылардың өз ұлтымызға деген сүйіспеншілігін оятады. Баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкізудің маңызы зор. Мысалы,
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Шешуі: Күш)
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Шешуі: Энергия)
Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық, ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу. Оған даяр жоба ұсынуға болмайды. Сабақты тартымды, қызықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына, талантына, біліміне байланысты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға, тәжрибе жасап, оған қорытынды жасай білуге, сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса, келесі бір сабақты мүмкіндігіне қарай халқымыздың дәстүрлі ұлттық тұрмыс, салт-сана көріністеріне, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін ұғым-түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады. Ғасырлар бойы күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана береді де.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Г. Б. Әлімбекова. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту. Оқу құралы. Алматы. “Литера.” 2001 ж.
2. “Математика және физика” журналы. 2003 , №6.
3. “Ұлағат” журналы. 1999, №2.
4. “ИФМ” журналы. 2000 ж.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |