Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика пәнін халықтық педагогика элементтерімен байланыстыра оқыту


Математика пәнін халықтық педагогика элементтерімен байланыстыра оқыту

Математика пәнін  халықтық педагогика элементтерімен

байланыстыра оқыту

    Тәуелсіз еліміз дамып жетіліп, өркениетті елдер қатарына қосылуға талпынуда. Елдің ұрпағын тәрбиелейтің ұлттық мектепте, ұлттық салт-дәстүрді насихаттай отырып, халықтың жас буынын білімді де тәрбиелі етіп шығару басты міндет болып табылады. Ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен қажымас қайраты арқасында бәсекелес отыз елдің қатарына қосылуға ат салысып, ата-баба дәстүрі, тілі мен діні болашақ ұрпаққа аманат екенін терең ұғып, жасөспірімдерге ұлттық педагогика қағидаларына сүйене отырып дәріс беруге бет бұрдық. XV-ші ғасырдан бастап дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар, батырлар мен ақындар, өнегелі сөздерімен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етті. Халықты ел болып, берекелі бірлікке шақырды, халықтық педагогиканың жыр, шешендік сөздер, мақал-мәтелдері мен өнеге өсиет түрлерін ұлттық тәрбиенің құралы етіп ұсынды. Ақын-жыраулар мен билердің, шешендердің өсиеттері, өнегелері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, ұлттық тәрбиенің нағыз мектебі болды. Иманды халықтың салт-дәстүрлері дамып, қалыптасып қазақ халқының ұлттық тәрбиесіне, ұлттық білім беру ісіне зор ықпал етті, қазақ ұлтының өз мәдениетінің, рухани мұрасының сәулесін көрсетті. XIX-ғасырда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов ұлттық тәрбие беріп, мәдениетті дамыту ұлттық білім берумен байланысты екенін дәлелдеп, оқу білімге шақырды.

   XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін қалап, этнопедагогика ғылымының негізгі тіректері жасалынды.

  Қазақтың ұлттық педагогикасы барлық пәндермен тікелей басланысты. Оның әрі тәрбиелік, әрі дүниетанымдық мәні зор болғандықтан, сараптап пайдалануымыз қажет, өйткені барлық оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу жұмыстарын этнопедагогикамен байланыстырып жүргізу тиімді, әрі нәтижелі болмақ. Халық даналығы арқылы қалыптасқан әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлердің бүгінгі күні де болашақта да мағынасын, мәнін жоғалтпайтынын жас ұрпаққа ұғындыру. Қырағы айлы халқымыздың ата-салты бізді сапалыққа жетелейтін сарқылмас қазына екенін ерекше атап өту қажет.

  «Тәуелсіз елдің тірегі – оқу мен білім», « Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ», тәуелсіз еліміздің тұғырының берік болуы жас ұрпақтың қолында екені аян. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Білім мен тәрбие шәкірттің қос қанаты» -дегендей, білім мен тәрбие біртұтас екенін есте сақтап, әрбір жеке тұлғаны тәрбиелеу ұлттық негізде жүргізілетініне көңіл қою қажет.  Ата- баба дәстүрі- сарқылмас қазына  болғандықтан, сабағымыздың өзегіне айналып келеді. Халықтық педагогика элементтерін пайдалану оқушылардың  пәнге деген қызығушылығымен қатар белсенділігін арттырып, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтармен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді. Математика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақтарда пысықтау кезеңдерін сапалы өткізуге оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға, әрекет айтуға жетелейді. Халықтық педагогикалық элементтерін сабақта қолдану – оның білімділік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, ұлттық рухты тәрбиелеуге зор ықпал етеді. Ұлттық ойын түрлерін өзім өткізген сабақтарда пайдаланып, оқушылардың әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрлерді үйренуге, құрметтеуге баулып отырамын.

 Тәжірибемде оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп ізденуіне, өз бетінше шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына, өзіндік пікір айтуына, дербес ойлап, әрекет етуіне ықпал етемін. Өткізген сабақтарымды «Жарыс», «Саяхат», «Сайыс» түрінде өткізіп, «Аукцион», «Ойды ұштаған ойын сабақтарында» халықтық педагогика элементтерін қолданамын. Жекелеген тақырыптарда ұлттық ойындар, жаңылтпаш, жұмбақтар, ребустарды, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың ынтасын, белсенділігін, қызушылығын туғызамын. Сабақта білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуге көп көңіл бөлемін. 

      Біздің тұрмысымыздағы өте қажетті заттардың бірі-киіз үй. «Натурал сандардың бөлінгіштігі»атты тақырыпты 5сыныптарда өткенде, оқушыларға осы киіз үйдің  бөліктерімен таныстырып, киіз үйді қалай орнату керек екеніне тоқталып, қызығушылығын туғыздым. Сабақта мақал-мәтелдер айтқызып, олардың белсенділіктерін ояттым.Сабақты жұмбақтап бастау,оқушыларға үлкен ой қалдырды.Сабақты оқушылар үлкен қызығушылықпен, ынтамен тыңдап,  «Аламан бәйге» ойынында оқушылар берілген тапсырмаларды тез орындап, шапшаң орындаған оқушы аламан бәйге жеңімпазы атанды.

     Оқушыларды тәрбиелеуде аса зор маңызы бар жанрлардың бірі-жұмбақ.    Жұмбақ оқушылардың ойын шынықтырады, ой санасының өсуіне септігін тигізеді, олардың білімпаздығын, алғырлығын, тапқырлығын, дүниетанымдығын дамытуға көмектеседі.Жұмбақ шешімін тез табуға асығады.Ол үшін оқушылар кітап оқып ізденеді, ойларының жүйріктігі мен тапқырлығын сынға салады.                            

    Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Алгебралық  өрнектерді ықшамдау», «Квадрат теңдеулер», «Квадрат  түбірлері бар өрнектерді түрлендіру», «Функцияның өсу-кему белгілері», «EXPO-2017»тақырыптары бойынша өткізген сабақтарымның жоспарлары ізденісімнің жемісі.

     Білім мен тәрбие жүйесі педагогикалық талаптарды орындаумен қатар, ұстаз бен шәкірт арасындағы қалыптасып келе жатқан шынайы ізеттілік, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарға негізделген шарт екенін есте сақтауымыз қажет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі
«Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні»
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Жеті қазына
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
ОҚУШЫЛАРҒА ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 2561 | Қосты: Абжапарова Гулзинат Мұсақызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык