Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Танымдық ойын


Танымдық ойын

Танымдық ойын

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту үшін және меңгерген білімдерін байқап,  білім деңгейлерін көтеру үшін жиі-жиі сайыстар, ойын сабақтар өткізіп отыруды  жөн көремін. Осы орайда 6-7 сыныптар арасында «Бақытты сәт» атты танымдық  ойыны ұйымдастырылған болатын.Ойын барысында оқушы өзін көрсетеді, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, оқушылардың ой ұшқырлықтары, шапшаңдықтары байқалады.
Ойынға екі топ қатыстырылды. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталды.
Ойын кезінде көрнекіліктер ретінде интерактивті тақта , ойынға қажетті құралдар , слайдтар қолданылды.
 
Ойын барысы:
 
        1. Ұйымдастыру бөлімі.
                   а. Ойын шартымен,  мақсатымен  таныстыру.
                   б.  Топ мүшелерін  таныстыру   
         в.  Ойын бағдарламасымен таныстыру.
 
1. «Алға – алға»  сұрақ – жауап.
2. «Ақылдылар  сайысы»
3.  «Мақал- мәтел»  жарысы.
4.  « Мені түсін»  ойыны.
5.  «Почта» ойыны.
6. «Кім шешен?»
7. Қорытынды бөлім.
 
2.Жүрісі:
      1.  «Алға – алға»  сайысы.
          ( Қай топ дайын болса,  сол топ сұрақтарға жауап береді.)
Сұрақтар:
 
1. Жер бетіндегі  ең тұзды теңізді  ата.    (Қызыл теңіз)
2. Қазақстанның  оңтүстік  шығыс бөлігін  алып жатқан тау «Аспанмен  таласқан»  деген мағына береді.  Бұл қай тау?  (Тянь -Шань)
3. Мұхит тереңдігін  өлшейтін құрал?   (Эхолот).
4. Дүние жүзінде  қанша сағаттық  белдеу бар?   (24)
5. Таза ауа қайдан пайда болады?   (Өсімдіктерден)
6. Өзендегі судың кенет  көтерілуін  қалай атайды?    (Тасқын).
7. «Қызыл планета»  деп қай планетаны атайды?    (Марс).
8. Тәулік ішіндегі  ең төменгі  температура   мен ең жоғарғы температура  арасындағы  айырмашылық       
                                                                   (тәуліктік амплетуда)
9. Белгілі бір жерге  тән және  жыл сайын  қайталанып отыратын  ауа райының  жиынтығы  қалай аталады?     
                                                                    (климат)
10. Дүние жүзіндегі  ең үлкен арал?            (Гренландия).
11. Дүние жүзіндегі  ең ұзын өзен ?             ( Ніл).
12. Жер сілкінуді  зерттейтін  ғылым        (Сейсмология)
13. «Жердің қара  тасын  мақтан ете  алмаған,  бөгде жердің алтын тасын да  мақтап жарытпас»  кімнің сөзі?
                                                                        (Қ. Сәтбаев)
14. Жыл мезгілдері  неге  өзгереді?
15. Метеор  мен  метеорит  дегеніміз  не?
 
      2. « Ақылдылар  сайысы»
 
« Сырдария»,  «Қазақстан»  сөздерінде бар  әріптерден  сөз құрау. Қай топ көп сөз құраса ұпай сол топқа беріледі.
 
Көрермен  оқушылармен  ойын өткізу.
 
        3.  «Мақал -мәтел»  жарысы.  Мақалдарды аяқтау.
 
1. топқа:                    
 
1. Адамның  алдынан орман кездессе,..............
             ( артында шөл қалар.)
2. «Тозған жерде, ..................( тоқшылық болмайды)
3. Сортаң жерде  шөп шықпас,........................
(шөп шықса да көп шықпас.)
4. Таң атпайын десе де,...................( күн қоймайды.)
5. Дана көптен  шығады,.................( дәрі шөптен шығады.)
6. Сулы жер  құрақсыз болмас,.............................
(Таулы жер  бұлақсыз болмас.)
7. Ағаш- жапырағымен  жарасты,.........................
(Жер – топырағымен  жарасты.)
2. топқа:
 
8. Су аққан жерімен ағар,.....................
(Шөп   шыққан жеріне  шығар.)
9. Орман ер дәулеті,....................( жер сәулеті.)
10. Сулы жер- ................................(нулы жер.)
11. Аққу қазсыз..............................(  көл жетім.)
12. Өз ұясын ластаған ...................( құс жаман.)
13. Сүмбіле  туса- ..........................(су суыр.)
14. Көп жүрген  жер- көл,..............
(Құм жүрген жер – шөл.)
 
Сергіту сәті:   Алда келе жатқан  топ,  екі  қобдишаның  біреуін таңдап,  сыйлық алады.
 
          4.   « Мені түсін» ойыны.
Әр топ  географиялық  құбылыстарды  мылқау көрініс  арқылы  көрсетеді,  оны қарсыластары шешу қажет.
 
                   5.   «Почта» ойыны.
Тақтада екі  почта жәшігі  орналасқан.  Почта жәшігіне  тапсырмалар  берілген. 5 минут аралығында  бөлініп қалған  сөздерді  құрастырып  анықтама  беру  қажет.
1-топ:                                                    2-топ:
 
Жеті – қарақшы.                                 Пла – нета.
Эко – логия.                                        Ер-тіс.
Үн- діс- тан                                         Бра – зи-лия.
Гид- ро-сфе-ра.                                   Тро -по -сфера.
 
Көрермен  оқушылармен ойын ұйымдастыру.
6.   «Кім шешен?»
Тақырыпқа байланысты  әңгіме құрау.
.Егер мен адам аяғы баспаған  белгісіз жаңа  жерді  ашқан саяхатшы болсам...
2.   Егер мен  ғарышқа ұшып барған болсам...
7. Қорытынды: Танымдық ойынның соңында жеңімпаз топ марапатталып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс айтылады.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Вирус және вирусқа қарсы құралдар.
«Сөзмерген» танымдық ойыны
Есепке жүйрік өрендер.
Географиялық бәйге білім сайысы
Табиғат-тіршілік бесігі
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ
Жүзден –жүйрік, мыңнан-тұлпар
Мен және менің тілім
Инфоматикалық - ителлекуалды ойын
"Қызықты калейдоскоп" танымдық ойын- сайыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3135 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык