Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 3160 |
|
|
|
Математика әлемінде
Тақырыбы: Математика әлемінде
Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, белсенділігін дамыту. Тура, кері санау, салыстыру, қосу мен азайту, логикалық тапсырмалар, көршісін табу және санамақтар айтуда баланың білімін арттыру. Шыдамдылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: ноутбук, кеспе сандар, үлестірмелі карточка, тақта, бор,
Әдісі: сұрақ – жауап, ойын элементтері.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Армысыңдар қонақтар!
- Қош келдіңіздер апайлар!
Алдарыңызда балақай
Көрсетеміз білімді – ай
Есеп қисап білейік
Сабақ оқып жүрейік
Көңілімізге тоқиық
Ата – ана қуансын
Жүректері жұбансын
Мұғалім: 1.Өте жақсы, балалар. Қонақтарға арнап жылы тілектеріңді білдірдіңдер. Мен де сендермен қуаныштымын. Балалар бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтармен бірге математика әлемінің патшасы да бірге келіпті. Оның келген себебі сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында сендерге өзінің сұрақтарын ала келген екен. Патшаның тапсырмасын дұрыс орындап, әклген сыйлығын алайық.
2. Музыка әуені ойнайды. Сиқырлы слайд ашылады.
3. Слайд: Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен математика әлемінің патшасымын. Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Сендер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендіңдер. Енді алған білімдеріңді менің әкелген тапсырмаларымды орындау арқылы тексеріп көрсек қайтеді? Сендер менімен келісесіңдер ме?
Балалар: Иә, патша біз сізбен келісеміз.
Слайд: Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
- Ал, менің бірінші тапсырмамды орындап көріңдер.
І - тапсырма:
1- ден 10 – ға дейін және кері санау арқылы мысықтың сатыға дұрыс шығып түсуіне көмектесіңдер.
ІІ – тапсырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
Сандардың көршісін табу. Үлестірмелі карточка тарату.( Жоғалған сандарды табу)
ІІІ – тапсырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
- Ал, балалар, сендер білімді екенсіңдер, енді логикалық есептерді қалай шығара алатындарыңды байқап көрейік.
1. Бүркіттің қанаты нешеу?
2. Аспанда неше күн бар?
3. 2 жапалақта қанша көз бар?
4. Төрт бұрыштың неше бұрышы бар?
5. Стол бетінң бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
6. Қазда қанша аяқ бар?
ІV – тапсырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
- Ал, балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар? Сендер санамақ білесіңдер ме? Ендеше санамақ өлеңдер айтып бойымызды сергітіп алайық . / сергіту сәті/
V – тапсырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
- Жарайсыңдар, балалар! Маған ұнады, мен де жаттап алдым. Ендеше келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
Электронды оқулықты пайдалана отырып, заттарды салыстыру, ребус шешу.
/ребус К 3, 5 І К, Т 10/
VІ – тапсырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлейді.
- Өте жақсы, балалар, сендер білімді екенсіңдер. Енді келесі тапсырмам сиқырлы ағашта өскен алмалардың артына жасырынған есептерді шығару.
5 – 3 = 7 – 4 = 9 – 2 =
3 + 3 = 4 + 5 = 8 + 1 =
VІІ – тасырма:
Математика әлемінің патшасы сөйлей.
- Өте жақсы, балалар, сендер есепке жүйрік екенсіңдер. Енді менің соңғы тапсырмамды орындап беріңдерші
1. Кірпінің 4 саңырауқұлағы бар еді, апасы оған тағы екі саңырауқұлақ берді. Кірпіде неше саңырауқұлақ болды?
2. Көлде 6 аққу жүзіп жүр, оның 4- еуі ұшып кетті. Көлде неше аққу қалды.
Қорытынды:
Математика әлемінің патшасы сөйлей.
- Рахмет балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер. Сендер жыл көлемінде математика пәнінен алған білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер. Математика әлеміне сендерге жол ашық. 1 сыныпқа даярлықтан алған білімдеріңді бойларыңа сіңіріп алып барыңдар.Еліміздің абыройын көтеретін азамат болуларыңа тілектеспін. Қош сау болыңдар, балалар мен қонақтар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |